Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гүлденген Қазақстан композициясы


Гүлденген Қазақстан композициясы

Гүлденген Қазақстан композициясы

Жұмыс орны: «Ә. Махутов атындағы мектеп- балабақша кешені» КММ

Мұғалімнің аты - жөні: Нурпейсова Ақмарал Саматовна

Еңбек өтілі:  7 жыл

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Оқулық: Еңбекке баулу

Мерзімі: 15.11 .2014 жыл

Сыныбы : 4

Сабақтың  тақырыбы: «Гүлденген Қазақстан» композициясы

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, паннолар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, түрлі-түсті мата қиындылары, калька қағазы, ПВА  желімі, қайшы, қарындаш,өшіргіш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен,  мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді. Түрлі-түсті матадан әсем гүлдерді бейнелеп, оларды қатырма қағазға желімдеу арқылы панно жасауға болады.

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,  тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

   I.  Гүлдің құрылысы қандай?

   II. Гүлдерден қандай дәрі-дәрмектер жасалады?

   III.Оның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Практикалық жұмыс.

Сергіту сәті: Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатты қағазға қарындашпен бірнеше гүлдің суретін салып аламыз.

2. Салынған гүлдердің үлгісін калька қағазына түсіріп, қиямыз.

3. Дайын үлгілерді әр түрлі мата бетіне (гүлдің басын қызыл, күлтелерін көк, сабағы мен жапырақтарын жасыл түсті матаға) орналастырып, оларды қиямыз.

4. Қиып алынған үлгілерді қатты қағаз бетінде бейнеленген гүлдерге бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз.  Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

1. Гүлден жасаған панно ұнады ма?

2. Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

4.Жұмысты жасау үшін қандай материалдар қажет болды?

5.Бұл гүлдің бізге қандай пайдасы бар?

VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау. Әрбір оқушы смайликтермен бағаланады.  

VII. Үйге тапсырма: Басқа гүл түрімен өз бетіңше композиция құрастыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Гүлдерден панно дайындау
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс.
«Жаз» композициясы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Жапырақтардан панно дайындау
Сәукеле тігу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3851 | Қосты: Нурпейсова Акмарал Саматовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык