Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гүлдерден панно дайындау


Гүлдерден панно дайындау

Гүлдерден панно дайындау

Шымкент қаласы №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының

 Технология пәнінің мұғалімі Алиева Зауре Сағатқызы

 Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға интерьерге арналған панно дайындауға арналған гүлдер жасау техникаларын меңгерту
  • Бөлме өсімдіктері туралы оларды күтіп, баптауды үйрету
  • Дамытушылық
  • Экологиялық білімдерін көтеру
  • Қоршаған ортаны таза ұстауға, әдемілікке, өнерге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту
  • Тәрбиелік
  • Еңбексүйгіштік, салауатты өмір сүру, адамгершілік қасиеттерін, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу

Оқыту әдісі: Сарамандық жұмыс, топтық жұмыс.

Қажетті құралдар мен жабдықтар:

панно рамасы, мата қиындылары, желім, сызғыш, см таспа, қайшы, ине, жіп, интерактивті тақта, таратпа карталар, техника қауіпсіздік ережелер нұсқаулығы

 Сабақтың өтілу жоспары:

Оқушылардың сабаққа қатынасуын қадағалау

1мин

Сабақтың тақырыбын жариялау

1мин

Сабақты жүргізу тәсілі мен жоспарын түсіндіру

1мин

Бағалау жүйесін анықтау

1мин

Үйге берілген тапсырма бойынша білім деңгейін тексеру

10мин

Жаңа сабақты түсіндіру презентациясы

4мин

Бүгінгі сабақты талдау

4мин

Сарамандық жұмыс: материалдардан гүлдер дайындау, панно жобасын жасау

15мин

Сараманды жұмыс қорытындысы

2мин

Бағалау

2мин

Кері байланыс

2мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың сабаққа қатынасуын қадағалау
  • Кезекші оқушыларды бекіту
  • Жұмыс орынын ұйымдастыру
  • Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
  • сынып оқушыларын екі топқа бөліп ат қою
  • топ басшы сайлау

 Үйге берілген тапсырма бойынша жұмыс:

  • Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдары
  • Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен атаулары
  • Бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға байланысты мәселелер
  • Табиғатты қорғау, экологиялық мәселелерге біздің қосатын үлесіміз қандай

Жаңа өтілетін сабақ бойынша жұмыс

Дайын гүлдерден композиция құрастыру өнері ертеден дамыған. Гүлдер әдемілік символы, сондықтан оны кез келген қолөнер бұйымдарында, интерьерлерде, архитектураларда т.б. кездестіруге болады.Қазақ халқы қыз баланы гүлге теңеген гүлдің атымен атаған. Әлемге кең тараған гүлдер композициясы икебаналар, бонсай тарихы VI-шы ғасырдан бастау алады.

Икебана – гүлдерді ыдыста орналастыру өнері.

Бонсай – ергежейлі ағаш өсіру өнері.  Отаны Қытай.

Қазіргі кезде Жапонияда Император сарайында 300-400 жыл өсіп тұрған ергежейлі ағаштар бар.

Біз бүгінгі сабақта мата қиындыларынан гүлдер жасап панно дайындаймыз.

 Жаңа сабақты талдау

Оқушылар топ болып, бірігіп панно дайындау идеяларын, эскиздерін қарастырады. Ескерілетін мәселелер: түстер үйлесімділігі, орындалатын жұмыстың пропорциялылығының сақталуы, орындалу техникасы. Шешім қабылдау.

 Сарамандық жұмысты орындау

Жасмин және Фиалка тобы өз жұмыстарын орындауға кіріседі.Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі және нұсқаулық беріледі.

Сарамандық жұмысты қорытындылау

Әр топ өздері орындаған гүлдерден жасалған панноның жобасын қорғайды. Жобаға ат қояды. Қолданылған материалдар мен техникасы, түстер туралы баяндайды.

Бағалау

Бағалау сабақтың басында әр топ басшысына тапсырылады. Үй тапсырмасы бойынша дұрыс жауап берген оқушыларға әр жауап үшін бір карточка (гүлдер бейнесі бар) беріледі. Сарамандық жұмыс барысында панноны жасауға көп күш салған оқушыларға бір және екі карточка береді. Сабақтың соңында карточкалардың санағы бойынша мұғалімнің қорытынды бағасы қосылып соңғы рет бағаланады. 1 карточка - «4», 2,3 карточка – «5». Мүлдем карточка алмағандар бағаланбайды.

Үй тапсырмасы:

Гүлдерден кез-келген материалдарды пайдаланып, панно дайындау.

 Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай? Оқушылардың пікірлері.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Допты төменнен қабылдау әдісі .
«Жаз» композициясы
Гүлденген Қазақстан композициясы
Көктем гүлдерінен көбелектер жасайық
Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы
Көркем қолөнерді қорытындылау
Технологиялық шығармашылық негіздері, құрамы, басты мақсаттары
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Құрақ көздерін біріктіру
Жапырақтардан панно дайындау
Бөлім: Уроки / Технология | Көрсетілім: 5105 | Қосты: Алиева Зауре Сағатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык