Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Интеллектуалды ойын«Алтын қақпа»


Интеллектуалды ойын«Алтын қақпа»

Интеллектуалды  ойын«Алтын қақпа»

Тақырыбы: Интеллектуалды  ойын«Алтын қақпа»

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту; білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексеру   Өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу  Ұжым намысын қорғауға ізденушілікке, тапқырлыққа салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу;
 Көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар,   сандықша

Ойынның барысы:
Жүргізуші: Армысыздар! құрметті ұстаздар    қатысушылар, көрермендер.
   
Бүгінгі «Алтын қақпа»  интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Ойынның   шарты: Жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. 
Ойын 6 кезеңнен тұрады: «Тасқақпа», «Күмісқақпа», «Алтын қақпа», «Алтын сандық». Әрбір дұрыс жауап арқылы алтын сандықты ашуға ұмтылыс жасау керек. Алтын сандықтың сұрағына жауап беруші жеңіске жетеді.   Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.
  Қазылар орнықтырар әділдікті,
кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып   оқушылардың білімін   бағалайтын  әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар: 
Мектеп директорынын тәрбие жөніндегі орынбасары:Умирбаева Бібігул                     Мектеп директорынын тәрбие жөніндегі орынбасары: Сатыбалдиева Гульзада                                                                                                                               Қазақ тілі мұғалімі:  1.Маңғыбаева Эльмира

                                          

           Ұлы Абай атамыздың «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы - жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, ойынымызды бастайық.

«Сәлемдесу» 
      
Қатысушылар өздерің таныстырды  “Алтын қақпа” ойынының алғашқы сатысы “Тас қақпа” сұрақтарына жауап беруің тамашалаймыз. ..
Слайд 1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ ».
Қатысушыларға  сұрақтар қойылады.    Әрбір топқа бір-бір әріп таратылады. Сол әріптен басталатын  жауап берулері қажет. 
           І – топқа.
1. Ғаламторда отырасын ба?
2. Сумкаңда не бар?
3.  Кітап оқисыз ба?
4.Ауылын қай жақта?
            2 топқа
1. Мектептке қай жылы келдің?
2. Анаңа еркелейсің бе?
3 Қай пәнді ұнатасыз?

4. Көп кешірім сұрайсыз ба?
           3 топқа
1. Аспанда не бар?
2. Алма берсе жейсің бе?
3. Нені жақсы көресің?

 4. Қай түсті ұнатасыз?
             4 топқа

1. Түнде түс көрдің бе?
2. Кімге сәлем жолдайсың?
3. Астана қандай қала?
4. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
               5 топка

1. Әріп пен дыбыс бір ме?

2. Олимпиада чемпионы болғыңыз келе ме?
3. Алма қай жерде өседі?
4. Көңіл күйіңіз қалай?
  
 Жүргізуші:  «Тас қақпа» ашылады «Күміс қақпа » сұрақтары 2 бөлімнен тұрады:

« Күміс  қақпанын» 1 бөлімі  Слайд 2 « Ойлан тап ! » Логикалық есептер.
 

- 1 Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма? (Жоқ, арасында түн бар).
 

 -2  Торда 12 құс отыр .Оның 11-нен  басқасы ұшып кетті ? Торда қанша құс қалды?

- 3 Адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 

- 4 Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға,ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?(3құс:торғай,қарлығаш,қарға)

-  5 Әкемнің 7 ұлы бар,оның әрбір ұлының бір қарындасы бар. Әкемде неше бала бар?  (8 бала :7 ұл ,1қыз)
 

« Күміс  қақпа»2 бөлімі  Слайд 3 «Кім тапқыр?»Жұмбақтын жауабын табу керек.

  • Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз)
     
  • Сыртта қапырық болып тұр,
    үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш)

 

  • Тал басында түндіксіз отау. (ұя)
     

 

  • Күндіз тіпті ұшпайды,
    Түнде тышқан аулайды,
    Көзі шамға ұқсайды. (Үкі)

 

  • Құйттай ғана бойы бар,
    Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші)

Жүргізуші: Сонымен «Күміс қақпада» ашылды Құттықтаймыз! Ойынымызды жалғастырамыз. «Алтын қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған :

«Алтын қақпа» Слайд 4 «Сен білесің бе?» 

1. Қай жылы, қай айда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. (30 – тамыз 1995ж)

2. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан)

3. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

4. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайланды? (1991ж. 1. 12)

5.Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
6.Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
7. Алтын адам табылған жер (Ескі Қорған)

8.Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе)

9. Желтоқсан көтерілісі өткен қала (Алматы)
10.Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық)

11 Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
12.Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?(аңыз)

13.Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
14.Астана Қазақстанның нешінші астанасы (4)

15.Үш дана кімдер? (Абай, Ыбырай, Шоқан.)
 16.Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
17.Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы. Алтынсарин)
)
18.Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)
19.Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр )

20« Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)

«Алтын қақпа» ашылды. Ал енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?
  Алтын сандық сұрақтары:

Үш бәйтерек дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)


Үш дана дегеніміз кімдер? (Абай, Ыбырай, Шоқан.)

Жүргізүші: Білімнің мініп алып тұлпарына,
                     Қиналмай шықты білім шыңдарына.
                     « Алтын қақпа » сайысы аяқталды,
                     Сөз кезегі әділқазы алқасына.

    Жүргізүші: Бүгінгі «Алтын қақпа»  интеллектуалды ойынының жеңімпазын құттықтаймыз!
Слайд «Қолқа салу» 6 кезең. «Қолқа салу» жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, өлең, т.б.)

Слайд «Сау болыңыздар    «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бергендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі ойында кездескенше, сау-саламат болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
«Алтын қақпа»
Зат есімнің жекше және көпше түрлері.
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 18572 | Қосты: Жанжигитова Гульнар Кожантаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык