Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2769 |
|
|
|
Алтын қақпа
Тақырыбы: Алтын қақпа
Мақсаты: а) Оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал етіп, білімдерін тереңдету.
ә) Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
б) Оқушыларды туған жерін, елін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған презентациялар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.
Барысы: Оқушыларды ойынның шарттарымен, сайыскерлермен таныстырып өту.
- Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі ойынға келген қонақтар, сайыскерелер. Бүгінгі «Алтын қақпа» атты ойынымызды бастамас бұрын, ойынның шарттарымен таныстырып өтейін. Ойын үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім: «Тас қақпа»
ІІ-бөлім: «Күміс қақпа»
ІІІ-бөлім: «Алтын қақпа»
- Әр бөлімде арнайы тапсырмалар бар. Әр тапсырманың дұрыс орындалуы 10 ұпаймен, толық емес жауап 5 ұпаймен бағаланады. Жауап мүлдем берілмеген жағдайда ұпай берілмейді. Олай болса:
Әділдікке баға берер қарауға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нақ жеңімпаз таңдап бірін алуға.
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі.
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың сайыстың үміткері
– дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!
1. Уланова Диана
2. Қошқарбаева Диана
3. Гетман Софья
- Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.
І-бөлім: «Тас қақпа». Бұл кезеңнің тапсырмасының атауы «Кім жылдам». Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ беріледі, сайыскерлеріміз кім бәрінен бұрын дұрыс жауапты тапса, тетікті басып жауап беруі тиіс.
«Кім жылдам»:
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
3. Біздің ауыл қалай аталады?
4. Мектебіміз қай көшеде орналасқан?
5. Бір жылда неше ай бар?
6. Бір аптада неше күн бар?
7. Қыс айларын ата.
8. Мектебіміздің директоры кім?
9. Әнұранның авторлары?
10. «100 сом ақшаң болғанша, 100 жолдасың» болсың мақалының аудармасын айт.
- Ойынымыздың ІІ-кезеңі «Күміс қақпа». Бұл кезеңнің тапсырмасының атауы: «Жорға». Оқушыларға үш түрлі пән көрсетіледі, сол пәндер бойынша үш-үштен сұрақ қойылады. Ұяшықты таңдау ең көп ұпай жинаған сайыскерімізге беріледі. Сұрақтарға кезекпен жауап береді. Тапсырма түсінікті болса бастайық.
Қазақ тілі:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. «Доп» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Қазақ әдебиеті:
1. Қандай қазақ ертегілерін білесің?
2. Қандай мақал-мәтел, жұмбақтар білесің?
3. Қорқыт ата қандай музыкалық аспап ойлап шығарды?
Видео сұрақ:
1. Мектебің туралы айтып бере аласың ба?
2. «Оқушы» сөзің жіктеп шық.
3. Мектептегі қазақ тілі мұғалімдерін атап шық.
- Мінеки, соңғы ІІІ-кезенімізге де жеттік. Бұл кезеңнің тапсырмасының атауы «Тапқыр болсаң, тауып көр». Оқушыларға карточкада орыс тілінде жазылған сөздер беріледі. Олар ол сөзді синоним сөздермен келген қонақтарға түсіндіреді. Қонақтар жауабын айтуы тиіс, сол сөзді сайыскер қазақ тіліне аударуы керек. Кім берілген тапсырманы толық орындап шықса, сол сайыскерімізге жоғары ұпай беріледі.
І-сайыскерімізге: әнші, су, жапырақ, кітап.
ІІ-сайыскерімізге: суретші, ұялы телефон, ұстаз, алма.
ІІІ-сайыскерімізге: доп, гүл, сағат, қалам.
- Ұлы ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен»-деген екен, міне бүгін біз сіздерге оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Алтын қақпа» атты сайысын көрсеттік. Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (сайыскерлерімізді марапаттау рәсімі)
- Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
Осыменен аяқтайық біз сайысты,
Көріскенше аман-сау болыңыздар!
Оқушының
аты – жөні Ойынның кезеңдері/ қойылатын ұпайлар
Тас қақпа Күміс қақпа Алтын қақпа
1 Уланова Диана
2 Кошкарбаева Диана
3 Гетман Софья
Оқушының
аты – жөні Ойынның кезеңдері/ қойылатын ұпайлар
Тас қақпа Күміс қақпа Алтын қақпа
1 Уланова Диана
2 Кошкарбаева Диана
3 Гетман Софья
№
Оқушының
аты – жөні Ойынның кезеңдері/ қойылатын ұпайлар
Тас қақпа Күміс қақпа Алтын қақпа
1 Уланова Диана
2 Кошкарбаева Диана
3 Гетман Софья
әнші, су, жапырақ, кітап.
ІІ-сайыскерімізге: суретші, ұялы телефон, ұстаз, алма.
ІІІ-сайыскерімізге: доп, гүл, сағат, қалам
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |