Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Іс қағаздары атты таңдау курсы


Іс қағаздары атты таңдау курсы

Іс қағаздары атты таңдау курсы

Алғы сөз
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында” тіл саясатын іске асырудың негізгі төрт бағыты айқындалған. Соның бірі – ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең – кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. 
Осыған орай 10-шы бағдарлы сыныпқа таңдаулы курс ретінде аптасына бір рет”Іс қағаздары” курсын енгіздік. Аталған курсты жүргізу жұмысына арнайы күнтізбелік жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес осы оқу құралы шығарылып отыр.
Бұл оқу құралында алдымен әр іс қағаздың түріне жүйелі түрде теориялық түсініктеме беріліп, оған қоса іс қағазын толтыру үлгісімен, оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған нәтиже сабақтар енгізілген.Бұл оқу құралының оқушыларға іс қағаздарын сауатты толтырумен қатар іс қағаздарын жүргізу жұмысын игеріп алуына, мұғалімнің сабақ жоспарлауына  өте тиімді құрал екендігі анық.
Құрал мемлекетіміздің болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты  сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Мақсаты: Сөйлеу тілін дамыту; іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету.
 
Міндеті: Іс қағаздардың қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру; іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту; іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
«Іс қағаздары»  курсының күнтізбелік жоспары
 
10 - сынып
I жартыжылдық
 
Р/с Тақырыптар Сағат саны Мерзімі 
1. Дәрістер Кіріспе сабақ. 1 04.09.07.
2. Қазақ тілінің стилистикасы. 1 11.09.07.
3. Стиль және оның түрлері. 1 18.09.07.
4. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы. 1 25.09.07.
5. Қазақ іс қағаздарының стилі, өзіндік ерекшелігі, түрлері. 2 02.10.07.
09.10.07.
6. Практикалық сабақтар Өмірбаян.  Лексикасы, жазылу ерекшеліктері. 2 16.10.07.
23.10.07.
7. Өтініш,арыз. Олардың лексикасы, жазылу ерекшеліктері. 2 30.10.07.
13.11.07.
8. Сенімхат. 1 20.11.07.
9. Қолхат, түсініктеме. Әрқайсысының лексикасы, сөз қолданысы. 2 27.11.07.
04.12.07.
10 Өткенді қайталау.Нәтиже сабақ. 2 11.12.07.
18.12.07.
11 Сынақ. 1 25.12.07.
II жартыжылдық
1. Дәрістер Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орналасу заңдылығы.
( инверсия) 1 15.01.08.
2 Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөйлем түрлері (жай сөйлем, құрмалас сөйлем)
2 22.01.08.
29.01.08.
3. Хабарландыру, анықтама. 2 05.02.08.
12.02.08.
4. Түйіндеме. 2 19.02.08.
26.02.08.
5 Практикалық сабақтар Мінездеме. Мінездеменің түрлері.   Әрқайсысының лексикасы, сөз қолданысы. 2 05.03.08.
12.03.08.
6. Визит карточкалары. 1 19.03.08.
7. Телефонхат, жеделхат.  Олардың лексикасы, сөз қолданысы. 2 02.04.08.
09.04.08.
8. Бұйрық. Бұйрықтан көшірме. 2 16.04.08.
23.04.08.
6.  Бұрыштама. 1 30.04.08.
9. Хаттама. Хаттамадан көшірме. 2 07.05.08.
14.05.08.
10 Сынақ. 1 21.05.08.
Өмірбаян
 
Өмірбаян – автордың өзі туралы жазатын құжаты. Оның типті формуляры болмағанмен, кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.
Құрылымы:
- Құжаттың аты;
- Автордың аты - жөні, фамилиясы;
- Туған күні, ай, жылы;
- Ата –анасы туралы мәлімет / А.Ж.Ф., жұмыс орны/;
- Білімі және білім бойынша мамандығы;
- Атқарған қызмет түрлері;
- Қошеметтеу белгілері;
- Қоғамдық жұмыстарға қатысу;
- Отбасының жағдайы және құрамы;
- Мекен – жайы және телефоны;
- Жазған мезгілі /  күні, айы, жылы/;
- Жеке қолы.
 
 
Өмірбаян. 
 
Мен, Қайырханова Сания Рымбековна, 1970 жылдың, 10 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында тудым. 
Әкем Қайырханов Рысбек Рақымғалиұлы – адвокат, шешем Рымгүл Хайроллақызы – зейнеткер.
1977 жылы Аягөз қаласының №3 орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1986 жылы бітірдім.
1986 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім.
1992 жылы  аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Семей қаласының №10 орта мектебінде мұғалім болып қызмет етіп келемін.
Тұрмыстамын. Жұбайым – Әсет Болатханұлы. “Астана құрылыс” мекемесінде прораб болып жұмыс істейді.
Екі балам бар.
Мекен – жайым: Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 22- үй, 36- пәтер. Т. 562-462
 
 
07.09.06ж.                                                                    қолы   / Қайырханова С.Р./
 
 
1- тапсырма. Әкең  туралы  мәліметтерді  толтыр.
Аты – жөні_________________________________________________
Ұлты_________________________________________________________
Туған жылы, күні айы__________________________________________
Туған жері___________________________________________________
Отбасыжағдайы______________________________________________
Білімі_________________________________________________________
Бітірген оқу орны_________________________________________________
Мамандығы________________________________________________________
Жұмыс орындары, қызметі___________________________________________
Тілдік дағдылары__________________________________________________
Қосымша мәліметтер_______________________________________________
o Әкеңнің өмірбаяны туралы айт.
Өтініш
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек - өтінішті білдіретін құжат.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты:
- басшысының қызметі, атағы;
- өтініш иесінің  аты - жөні, мекен – жайы, телефоны;
- құжаттың аты;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
 
Өтініш
Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.
Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:
1. Жоғары білім туралы диплом;
2. Төлқұжаттың көшірмесі;
3. Өмірбаян;
4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс – қағазы;
5. Медициналық кітапша.
 
Сенімхат 
Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша түрде растайтын құжат.
Құрылымы:
- құжат аты;
- жазылған жері мен уақыты;
- сенімхат берушінің және алушының фамилиясы, аты- жөні, мекен – жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;
- ұйым мөрі басылған,  растайтын жазба.
 
1. Сенімхат қандай құжат?
2.Сенімхаттың неше түрі болады?
3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
4. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
6.Сенімхат қайда куәландырылады?
7. Сенімхаттың құрылымы қандай?
 
2- тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан бас тарту, өкілетті етемін.
 
Қолхат 
Қолхат – белгілі бір іс - әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат. 
Құрылымы :
- құжаттың аты;
- қолхат беретін адамның қызметі, аты – жөні, фамилиясы;
- ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;
- уақыты мен қолхат берушінің қолы.
 
Қолхат 
Мен, 10 “А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В.В.Некрасовадан бір күнге 200теңге/екі жүз теңге/ қарызға алдым.
 
1-тапсырма. Жағдаяттар бойынша қолхат жаз.
 Қарызға ақша алу
 Мекемеден уақытша еңбек кітапшасын алу
 
Түйіндеме / Резюме/
Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.
Құрылымы:
- құжат аты;
- талапкер туралы мәлімет/ аты – жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, туған жері/
- мекен – жайы; телефоны;
- автордың үміттеніп отырған ваканциясы;
- үміткердің жұмыс орны, оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы;
- қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
- кейбір қосымша мәлімет / шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары т.б./;
- ғылыми дәрежесі;
- үміттенген ваканцияға қатысты жеке бастың кейбір қасиеттері, икемдігі;
- қосымша ақпарат;
- кепілдеме;
- мерзімі;
Түйіндеме
Қайдарова Қарлығаш Бақытбекқызы 
1970жылы 20 наурызда Семей қаласында тудым.
Мекен – жайым: Семей қаласы, 15 ықшамауданы 52-үй, 40- пәтер.
Үй телефоны: 34 –54 – 12
Жұмыс телефоны: 52 – 45 – 65
Мамандығым: дәрігер 
Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері, дәрігер.
Білімі мен қызметі туралы мәлімет:  Семей мемлекеттік академиясының студенті 1981-1987ж.
№9 емхананың дәрігері 1987-1995ж
Балалық аурахананың бас дәрігері 1996-2006ж
Негізгі мәліметтер: Тұмау аурулары және оны емдеу жолдары мәселесімен айналасып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ресейде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасадым.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім – қазақ тілі. Ағылшын, орыс, неміс тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.
Кепілеме туралы мәлімет: Семей қаласының денсаулық бөлімінің меңгерушісі берген кепілдеме қосымша  беріліп отыр.
2-тапсырма.  Сөз тіркестерін аудар.
 
Түйіндеме толтыру, азаматтығы туралы, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, қысқа әрі нұсқа, жұмысқа орналасу, компьтерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылым дәрежесі, отбасы жағдайы, еркін сөйлеу, жеке қасиеттері, қосымша ақпарат.
Мінездеме
Мінездеме – белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.
Құрылымы:
- тақырыбы;
- мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
- негізгі мәтін
- қорытынды;
- мінездемені талап етуші ұйымның аты;
- мінездеме жазылған дата;
- мінездеме берушінің қызметі, аты - жөні, қолы.
 
Мінездеме 
Семей қаласының  «№30жалпы білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесінің
9»Б»сынып оқушысы  Асқаров Арлан   Қалибекұлына.
1990 жылы 15 ақпанда туған.
Асқаров Арлан Қалибекұлы 1985 жылдан бастап №30 орта  мектепте оқиды. Оқу барысында  өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды. 
Асқаров А.Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары  бар.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.
Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.
Визит карточкалары.
 
Визит карточкалары - іскер адамдардың қарым – қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.
Құрылымы:
- аты – жөні, фамилиясы;
- қызметі;
- ғылыми дәрежесі;
- мекен – жайы;
- үй телефоны;
- жұмыс орнының толық адресі;
- жұмыс телефоны, факсы.
 
Стандарт көлемі: 50:90мм. Міндетті түрде қатты қағазда жасалады.
Телефонхат қызметтік іс қағаздарына жатады. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек.Телефонхат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.
Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы журналы болуы керек. Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді ”телефонхат журналында” жазылған мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.
Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек.
« Сәулетай» ЖШС
№46 БҰЙРЫҚ                                                                     14.05.08ж
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Өндірістік қажеттілікке байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
1. Тіркеу бөлімінде есепші қызметі қысқартылсын.
2. Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист енгізілсін.
3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Ә.Әлиевке жүктелсін.
 
« Сәулетай» ЖШС-ның директоры                             Қ. Қалиева
 
 
 
Хаттама
 
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда  мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. 
 Қысқа хаттамаларда  ( оның мәтінінде ) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді.   
Толық хаттамаларда  сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. 
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың  атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы ); мәтін. 
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.   
 
Құрылымы:
- құжат түрінің аты;
- мекеме аты;
- мерзімі, индексі;
- мәжіліс өткізілген жер;
- хатталынатын кеңес аты;
- төрағаның, хатшының, қатысушыларды көрсету;
- күн тәртібі;
- тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды, формасындағы мәтін;
- төраға / төрайым/ мен хатшының қолы.
 
 
 
"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
 
ХАТТАМА №2
 
07.11.06.. №_1
_Семей  қаласы
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы 
 
Төрайым: Мұхаметжанова А. К.
Хатшы: Садуақасова Б.Н. 
 
Қатысқандар   ___10   мұғалім 
Қатыспағандары: 1 мұғалім 
Күн тәртiбiнде: 
1. Дөңгелек үстел: «12 жылдық білім бергеу көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың әдістемелік мазмұны. Коммуникативтік компетенттілік – жеке тұлғаны дамытудың бір аспектісі». 
2. Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарын талдау.
3. Бірлестік мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарын талқылап, қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілетін жұмыстарды жоспарлау. 
4. ҰБТ-ге дайындықты жоспарлау. 
 
Тыңдалды: 
1. Ә/Б жетекшісі Мұхаметжанова А.К. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала келіп, негізгі мақсаттарының бірі – коммуникативтік компетенттілік туралы айтып кетті.
Жарыссөзде сөйледі:
Нұрғалиева А. С.  – сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген ).
Саржанова Ж. Г. -  сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген).
2. Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстары талқыланып, білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдер есеп беріп, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жоспарын ұсынды.  
3. Бірлестік мұғалімдері Д.Н. Сәрсенова мен  К.С. Асылаеваның жұмыстарының мұғалімдерге тиімділігі мен қажеттілігі  аталып,   қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілді.
4. Сәрсенова  Д.Н. 11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының түрлеріне тоқтала келіп, дайындық күндерін сабақ кестесіне кіргізуді сұрады.    
 
Қаулы қабылдады:
Әдістемелік бірлестік мұғалімдеріне 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында өз білімдерін жетілдіру тапсырылсын.
Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша  білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдерге  қабілеті төмен оқушылармен жұмыс түрлерін сапалы түрде жандандыру жүктелсін. 
11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының сапалы жүргізілуіне көңіл бөлінсін.
Д.Н. Сәрсенова мен  К.С. Асылаеваға  ғылыми жұмыстарын 20 желтоқсанға дейін  жинақтап, бастырып өткізу жүктелсін.    
Төрайым:                          қолы                                                             Мұхаметжанова А. К.
Хатшы:                             қолы                                                                   Садуақасова Б.Н. 
1- тапсырма. Хаттаманың трафареттік формасын құр.
ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
Хаттамадан көшірме – алқалық ұйымның жұмыс барысында қабылданған шешімдерінің қажеттілік болған жағдайда дәлме – дәл көшірілетін құжат.
Құрылымы:
- мекеменің аты;
- құжат түрінің аты;
- айы, күні, индексі;
- құрастырылған жері;
- мәтін тақырыбы;
- мәтін/ күн тәртібі, тыңдалды, қаулы қабылданды/
- қолдары,
- көшірмені растау туралы белгі.
ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
Хаттамадан көшірме
05.02.07ж  № 12
Семей қаласы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы.
Төрайымы:  Ә/Б жетекшісі С.Т. Дүйсенова
Хатшы:  А.Д. Закирова
Қатысқандар:  10 мұғалім / тізімі келтірілді/
Күн тәртібі:
1. І жартыжылдықтың қорытындысы және үлгермеуші оқушылармен атқарылатын шаралар.
2. І жартыжылдықтағы оқу жүктеменің орындалуы.
Тыңдалды:
Оқу ісінің меңгерушісі Т.А. Бейсенова - негізгі пәндер бойынша оқушылардың үлгерімі жақсы. Оны бақылау жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады. Бақылау жұмыстарында  теориялық материалдар толық қамтылып, тестік бақылаулар бірнеше вариантпен өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылар білімінің объективті көрсеткішін дәл анықтады.
Үлгермегендер қатарында 5 оқушы ілікті. .Осы оқушыларымен мұғалімдерге жұмыс жүргізу  тапсырылды.
Жарыссөзде сөйледі:
Қалиев А.О.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/
Сағатов М.Л.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/
Қаулы қабылданды:
1.1. Негізгі пәндер бойынша үлгермеген оқушылармен жұмыстар жүргізілсін.
1.2. Үлгерімі жақсы, үздік оқушылармен жеке жұмыстар жүргізсін.
Бұрыштама- мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын басшының қысқаша нұсқауы.
Бұрыштаманың түрлері:
Қаралсын – рассмотреть
Талқылансын – обсудить
Бекітілсін – утвердить
Тапсырылсын- поручить
Баяндалсын – должить
Өтініш
Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.
Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:
1.Жоғары білім туралы диплом;
2.Төлқұжаттың көшірмесі;
3.Өмірбаян;
4.Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс – қағазы;
5.Медициналық кітапша.
Жеделхат
Жеделхат –телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат.
Құрылымы:
- категориясы мен нөмірі;
- мерзімі, жіберілген уақыты;
- алушының аты – жөні, мекен – жайы;
- мәтін;
- қолы
 
Жеделхат
ШҚО, Аякөз қаласы
Аталықова көшесі, 24- үй
А.Қ.Аитовқа
Мүшелтойың қайырлы болсын зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
1826 Омаров
Алматы қаласы
Сейфуллин көшесі 257
А.Т. Омаров
Анықтама
 
Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.  
 
АНЫҚТАМА № 124 
Осы анықтама «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің 8 «Б» сынып оқушысы Мұхаметжанова Айгүлдің осы мектепте оқитынын растау үшін берілді.  
 
Осы анықтама Қасенова Айгүл Мұратқызына 2000-2006 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.  
 
Анықтама  талап етілу орнына көрсету үшін берілген.  
 
 «№30 орта мектеп» ММ директоры                        қолы                        Таңатаров М.А.    
Мөр орны
 
15.09.2006.
 
1- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Анықтамалар кімге беріледі?
2. Не үшін беріледі?
3. Қайда тапсыру үшінберіледі?
4. анықтама кімнің атынан беріледі?
 
Хабарландыру
 
Хабарландыру – бір нәрсе жайында мәлімдеу, хабарлау.
 
Құрылымы:
- құжаттың аты;
- кімге арналған;
- негізгі мәтін;
- хабарландыруды берген адамның /ұйымның/ аты – жөні
 
 Хабарландыру 
Қымбатты мектеп бітірушілер! Маусымның 20 күні сағат 19-да 11- сынып оқушыларының кеші/ дискотека/ өткізіледі.
Бәріңді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.
Комиссия мүшелері.
 
Хабарландыру
Құрметті оқушылар!
20.10.07.ж біздің мектепте шахмат үйірмесі ашылды. Үйірме  сағат 9-дан 10-ға дейін жұмыс істейді.
Үйірме жетекшісі Т.А.Қасенов.
 
 
Хабарландыру
Құрметті ұстаздар!
07.03.07ж сағат 12- де 8 Науырыз мерекесіне арналған салтанатты концерт  болады.
Ұйымдастыру комитеті.
 
 
1- тапсырма Хабарландыру жаз.
 Алмас  Кішкенбаевтың концерті туралы хабарландыру
 Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтеді
 Мекеменің   атынан мамандықтар қажеті туралы хабарландыру
 
Қызметтік іс қағаздар
Хаттардың барлығы, бұйрық, хаттама, бұрыштама, бұйрықтан көшірме, хаттамадан көшірме.
 
Түпнұсқалық
 
Көшірмелік
Мазмұны мен қызметіне қарай:
 
 Адамға қатысты 
 
Қызметтік іс қағаздар
 
 
Сынақ 
(І жартыжылдық бойынша)
 
№1
Стиль туралы не білесің?
Өмірбаян жаз
 
№2
Стильдің түрлері
Өтініш жаз
 
№3
Қазақ іс қағаздары стилі туралы айт
Арыз жаз
 
№4
Стиль туралы не білесің?
Сенімхат жаз
 
№5
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай қалай бөлінеді?
Сенімхат жаз
 
№6
Іс қағаздары  формасына қарай қалай бөлінеді?
Қолхат жаз
 
№7
Трафареттік іс қағаздары
Түсініктеме жаз
№8
Құжаттардың түрлері
Өмірбаян жаз
 
№9
Сенімхат пен қолхаттың айырмашылығы
Арыз жаз
 
№10
Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігі
Түсініктеме жаз
 
№11
Іс қағаздары деген не?
Өтініш жаз
 
№12
Типтік іс қағаздары
Қолхат жаз
 
Сынақ 
(ІІ жартыжылдық бойынша)
 
№1
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Хабарландыру жаз
 
№2
Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері
Жеделхат  жаз
 
№3
Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері
Анықтама жаз
 
№4
Мінездеме. Оның түрлері
Телефонхат жаз
 
№5
Бұйрық
Жеделхат жаз
 
№6
Түйіндеме. Жазу ерекшелігі.
Хабарландыру жаз
 
№7
Хаттама
Хаттамадан көшірме жаз
 
№8
Бұйрықтан көшірме
Бұрыштама жаз
 
№9
Мінездеменің түрлері
Оқушыға мінездеме жаз
 
№10
Сөйлем түрлері
Мінездеме жаз
 
№11
Хаттама
Визит карточкасын жаса
 
№12
Визит карточкалары 
Телефонхат жаз
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ :
 
1. Ақанова Д.Қ., Алдашева А.М. Ресми іскерлік қазақ тілі  // Алматы, «Арман»,2002
2. Бөрібаева С.Б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу //  Алматы, «Зият Пресс»,2006
3. Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу //Алматы, «Ана тілі», 2005
4. Жақыпов М.К., Сапарбекова А.А. Іс қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері // Алматы,1998 
5. Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы //Көкшетау,2003
6. Қалқабаева С.Ә. Қарабаева Қ.Ә. Қазақ тілінде ресми іс қағаздар үлгілерін оқыту: Әдістемелік оқу құралы //Алматы,1999
7. Салагаев В., Шалабай Б.  Іс қағаздарын жүргізу //Алматы, «Раритет», 2006
8. Шәбікенова Б., Жұмабергенов Ж.. Салалық қазақ тілі //Астана, 2004
      9.АрғынбековаБ.С., Қайырбаева С.Р., Мирсаитова А.Д., Тампишева А.С. Мектептерде жүргізілетін іс қағаздарының үлгілері // Семей,2007ж
     10. Қасымбеков М., Әлімқұлов К. Екі тілде іс жүргізу// Алматы, 1994ж
      11. Хазимова Ә.Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу // Алматы, 2004ж

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бұйрық
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Еңбек құқығы, Түйіндеме, Диалог құрастыру
Өмірбаян, өтініш түрлері
Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Хаттама
Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы
Біліктілігі туралы мәліметтер
Хаттама
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 17980 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык