Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8980 |
|
|
|
Үй жануарлары
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Білімділік: үй жануарлары, олардың төлдері туралы мәлімет беру. Көрген - білгендерін дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлегу үйрету.
Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу, балаларды шығармашылыққа баулу.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері. Жануарлар тұратын қораның макеты. Мақта,желім, қаттырма қағаз.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Қостілдік компонент: Үй жануарлары –домашние животные, сиыр- корова, жылқы-лошадь, қой-баран, түйе-верблюд, ешкі-коза,шошқа-свинья, ит-собака, мысық-кошка
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Тәрбиеші: /ән әуенімен балаларды топқа кіргізіп,шаттық шеңберін құрады/
-Балалар, бүгін біздің топқа көп қонақтар келіп отыр. Олай болса бір-бірімізге жылы лебімізді білдіріп, қонақтармен амандасайық.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Күлімсірей қарайық.
Көкке қолды созайық,
Бәрінен де озайық, Құшақтасып әркезде,
Тату достар болайық.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын шешіңдер.
1. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2.Құлдырайды, шабады.
Құстай қанат қағады
3.Басында екі таяғы бар
Төрт тұяғы бар
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар
4.Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар
Бұл не?
5.Қасқырды қабады,
Қойды бағады.
6. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар.
7.Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды.
Беті-қолын қайта-қайта жуады,
Тышқандарды қуады.
8. Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.
Жарайсыңдар!
-Балалар қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай жануарлар?
-Неліктен оларды үй жануарлары деп атайды? Ия, олар адамдардың жанында өмір сүреді, өйткені адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін дайындап береді.
- Төрт түлік малға қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі жатады. Балалар, түйе жануары 8-12 күнге дейін шөлге шыдайды. Ол тұшы және ащы суды да ішеді екен.
Егер ашуланса, жабысқақ түкірігін шашады екен.
Төрт түлік малдың пайдасы зор. Олардың сүті, еті-тағам, жүні мен терісі-киім. Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланады.
- Үй жануарлары адамға қызмет етеді.
Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды.Сиыр мен ешкі сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік деп атайды екен.
Балалар енді мына үстел үстіндегі тағамдар мен киімдерге назар аударайық!
Мынау жылқы сүтінен дайындалған қымыз,
ал мынау түйе сүтінен дайындалған шұбат.
Сиыр сүтінен айран, ірімшік, құрт тағамдарын дайындауға болады. Қойдың жүнінен шұлық, кеудеше яғни жылы киімдер тоқылады. Көрдіңдер ме балалар жануарлардан қандай пайда бар.
-Ит-өте ақылды жануар. Ол қой бағуға, көзі көрмейтін адамдарға жол көрсетіп, қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі.
-Мысық –өте мейірімді, олар адамдармен үйде өмір сүреді,тышқанды ұстайды, үйден қуады. Мысықтың көңіл-күйі жақсы болғанда пырылдап, адамаға сүйкенеді. Оның тұмсығында мұрты бар, мұрт тышқан аулағанда керек екен. Жануарларды ренжітуге болмайды, олар-адамның досы.
Төрт түліктің төлдері:
Жылқы төлі – құлын,
Сиыр төлі – бұзау,
Түйе төлі – бота,
Қой төлі – қозы,
Ешкі төлі – лақ,
-Енді үй жануарларының дауыстарын тыңдайық.
Сиыр-мөңірейді
Қой-маңырайды
Ешкі-бақырады
Түйе-боздайды
Шошқа-шыңғырады,қорсылдайды
Ит-үреді
Мысық-пырылдайды
Үй жануарлары тұратын тұрақты қалай атайды екен?
Сиыр, қой мен ешкі -қорада
Жылқы-атқорада
Ит- үйшікте тұрады екен
Енді балалар мына суреттерге назар аударайықшы!
Суретте не бейнеленген?
Ал енді мына қой мен ешкінің қорасына қарандаршы, қораның ішінде қой мен ешкі тұр. Олар мұңайып тұр. Себебі олардың қозысы мен лақтары адасып қалған, ал біз оларға қозысы мен лақтарын табуға көмектесеміз бе?
Сергіту сәті. Ән: «Қошақаным қайда екен? »
Сендердің әр қайсыңыздың алдарында қатырма қағаздан дайындалған екі бөліктен тұратын қозы мен лақтын бейнелері, желім және мақта бар.
Бір жағына желім жағып,басын,көзін,ашық қалдырып,денесіне мақтаны орналастырып жапсырамыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қолымызды сүртеміз. /Тапсырманы орындауға кіріседі/
Енді қозы мен лақтарымызды санайық, содан соң аналарына апарып қосайық.
Ал енді маған кім үй жануарлары туралы тақпақтар айтып береді?
Балалар үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Неге үй жануарлары деп атайды?
Жапсыру оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Рахмет сендерге
Балалар топқа кіріп қонақтармен амандасып,шаттық шеңберін құрады.
Сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады
Балалар ән айтқанда қимылмен билеп тұрады
Ән әуенімен жұмыстарына кіріседі.
Балалар тапсырманы орындауға тырысады.
Тақпақтарын айтады
Балалардың жауабы
Балалар орындарынан тұрады.
Нені біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі екенің игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады. Үй жануарлары туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Тапсырманы қызығушылықпен орындап, шығармашылық танытады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |