Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй жануарлары


Үй жануарлары

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: 
1. Балаларға үй жануарлары туралы ұғындыру, білімдерін кеңейту, үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру;
2. Жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту, оларға қамқорлық көрсетуге баулу;
3. Үй жануарлары туралы танымдық белсенділіктерін дамыту.
 
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар. Ойынға арналған қажетті құралдар.
 
Тәрбиеші:—  Балалар, бүгін біздерүй жануарлары туралысабақөтеміз. Мен сендерге сабақты жақсы игеруге тілектеспін.Сабағымыз жақсы өтсін. Қанеки, сол үшін қол шапалақтап жіберейік.
Жарайсыңдар, балалар, енді «Қошақаным» әнін хормен айтайық.
 
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнап, жүгіріп.
 
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
 
Демалыста өзімнің
Тағы іздеп барамын.
Ай, қошақан, бәрібір
Сені тауып аламын.
 
Балаларды топқа бөлу:
1-топ: Қамбар ата ауылы.
2-топ:Ойсылқара ауылы.
3-топ: Зеңгібаба ауылы.
 
Тәрбиеші:—  Балалар, алдарыңдағы қима қағаздарды құрастырсаңдар, ауылдарыңның төлдері шығады. Қанеки, тезірек құрастырайық. (әр топ құрастырған мозайкадан жылқы төлі, түйенің төлі, сиырдың төлі суреттері шығады).
 
—  Енді әр топ өз ауылының төлдері туралы айтады, суреттер салады, әндер айтады, тақпақтар айтуға болады.
 
(Балалар құлыншақ, бота, бұзау туралы білгендерін айтады, суреттерін салады).
 
Тәрбиеші:—  Енді мына сұрақтарға жауап беріңдер.
 
1-топқа: Жылқы (не істейді?) ....
(құлындайды, кісінейді)
2-топқа: Түйе (не істейді?) ....
(боталайды, боздайды)
3-топқа: Сиыр (не істейді?) ....
(бұзаулайды, мөңірейді)
 
—  Өте жақсы, балалар, қандай керемет жауап бердіңдер! Мен сендерге риза боп қалдым. Сендерге көп рахмет айтамын. 
 
Сергіту сәті. «Бой жазайық, сергіп алайық, билеп алайық»
 
— Енді бәріміз бірігіп, әуенге билеп алайық.
(Балалар «Айгөлек» әуеніне би билейді).
 
«Енесін тап» ойыны.
 
Жануарлардың төлдерін сызықпен қосу. Мынау –жылқы. Жылқының төлі – құлын. Жылқының сүтінен қымыз жасайды. Етін жейміз. 
Топтың атын қорғау.
1-топ:
—  Жылқының төлін қалай шақырады?
—  Жылқының пайдасы қандай?
2-топ:
—  Түйенің төлін қалай шақырады?
—  Түйенің пайдасы қандай?
3-топ:
—  Сиырдың төлін қалай шақырады?
—  Сиырдың пайдасы қандай?
—  Балалар, яғни,төрт түлік мал адам үшін ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік.
 
Қорытынды: 
1) Балалар, қандай жануарлармен таныстық? 
2) Төлдерін білеміз бе? 
3)Балалар, сиырдың төлін қалай атаймыз?Бұзау. Бұзау қалай дыбыстайды? Мө-мө. Оларды қалай шақырамыз? Ауқал. Сиырдан біз не аламыз? Қатық,ірімшік,сүт аламыз. 
Сұрақ – жауап әдісі арқылы іс - әрекетті қорытындылаймыз. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Үй жануарларының аттарын, төлдер аттарын атайды. Қалыптасқан түсініктер: Жұмбақ,тақпақтар, мақал – мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй жануарларының пайдасы барын түсінеді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Төрт түлік "
Төрт түлік.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Төрт түлік және оның төлдері.
Үй жануарлары.
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары
Жан – жануарлар және олардың төлдері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4329 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык