Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй жануарлары


Үй жануарлары
Бокалакова Гульсара Қожанқызы
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мерзімі : 16.01.2014 жыл
Мақсаты: 1.Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
2.Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
3.Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Компьютер, проектор, экран, үй жануарларының суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ ең алдымен нені көреміз.
- Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.
- Олай болса, бүгін бізге келген қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.
- Саламатсыздар ма!
- Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып болсаң шеңберге,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Алақанды соғайық.
Сол жақтағы балаға
Алақанды соғайық
Амандасып алайық.
Достарменен бірге біз,
Күлімдейік күлейік.
Қолды созып күнге біз,
Шат көңілмен жүрейік.

Тәрбиеші: Өте жақсы олай болса қазір біз «Төлдер айтысы» ертегісін тамашалайық. Экранға назар аударайық.
( музыка ырғағы ойналады және әр кейіпкер сөйлеген сайын үнтаспадан дыбыс шығарылып, әуенмен сүйемелденеді) Слайд көрсетіледі.
Автор: Ерте заманда үй жануарлары түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, жылқы бәрі бас қосыпты. Үй жануарлары слайдпен көрсетіледі.
Түйе тұрып: - Менің Адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін, сүтімнен шұбат ішеді, жүнімнен неше түрлі киім киеді - дейді.
Слайдпен түйе көрсетіледі.

Сонда ешкі тұрып: Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сойса саны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды. Адамдар мені жақсы көреді. ( мә - мә - мә) Слайдпен ешкі көрсетіледі.
Сонда жылқы тұрып: - Ешкі сен босқа мақтанба Слайдпен жылқы көрсетіледі.
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған,
Қашқанға жетпей қоймаған,
Ер қанаты өзің – деп,
Ел қуана айдаған.
Біздің етімізден адамдар қазы - қарта, шұжық жасайды, қымыз ішеді. Адамдарды алыс - алыс ауылдарға жеткіземіз.. Адамдар мені жақсы көреді. ( Жылқы кісінейді)
Сонда сиыр тұрып: Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен сиыр көрсетіледі)
Адам тіршілігіне ең қолайлысы менмін.
Бізден шелек - шелек сүт,
Қарын - қарын май, ірімшік алады.
Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ.
Иеміз бізді жақсы көреді – дейді ( мө - мө - мө)

Сонда қой тұрып: - Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен қой көрсетіледі)
Иеміз бізді жақсы көреді.
Адамдар киетін киім-кешектер,
Маталар, үйдегі төсеніштер,
Біздің жүнімізден алынады,
Бізден пайдалы түлік жоқ,- дейді

Сонда түйе тұрып, итке мойнын соза қарап: Ей салпаң құлақ неғып үндемей тұрсың, айтатын ештеңең жоқ – ау сірә - депті.
Автор: Сол кезде бұл әңгіменің бәрін иесі естіп тұр екен.
Иесі: Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, Адам үшін бәрің де керексіңдер. Мен сендерге ризамын.
Ит болмағанда ол сендерді күзетпегенде, қасқыр бәріңнің де түбіңе жетер еді - депті.
Ит: аф - аф - аф (Слайдпен ит көрсетіледі)
Автор: Бұл жөн сөзге жануарлар сөз қайтара алмапты.
Тәрбиеші: балалар біз төрт түліктің адамға пайдасын білеміз.
«Не қалай дыбыстайды»
Балалардың жауабын тыңдау. Ит үреді. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақылдайды.

- Бақташы ата келеді. Балалар, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер төрт түлік малдар туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге «Төрт түлікті шақыру»- деген ойын ала келдім.

«Төрт түлікті шақыру»
Ойын шарты:
Балалар кейіпкерлердің роліне ену керек.
Пұшай-пұшайт дегенде қошақандар жүгіріп бақташының қасына жиналады.
Шөре-шөре - дегенде лақтар секіріп келеді.
Құрау-құрау - дегенде құлындар келеді.
Аухау-аухау - дегенде бұзаулар,
Көс-көс - дегенде ботақандар шауып келеді.
Шопан ата: Менің өрісте толы малым бар. Мен енді жайылымға қайтамын. Мен өзіммен бірге сендерге малдардың сүтінен жасалған тағамымды ала келдім. Дәмнен ауыз тиіңдер..

Сергіту сәті
Ән: «Қошақаным»
Слайдпен жазулар шығу керек,
Дауысты, дауыссыз екенін ажырату,буынға бөлу.
Бұзау,сиыр,қозы,ешкі,қой,ірімшік.
Шығармашылық тапсырма:Үй жануарларының төліңді тап.
Қорытынды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Төрт түлік.
Үй жануарлары
Төрт түлік және оның төлдері.
Төрт түлік
Төрт түлік
Төрт түлік. Үй жануарлары
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары
Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Үй жануарлары

Автор Бокалакова Гульсара Қожанқызы

Аллматы облысы Ұйғыр ауданы №4 Шонжы орта мектебі Мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 2352 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар