Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9916 |
|
|
|
Күн және Айдың тұтылуы
Сабақтың тақырыбы: Күн және Айдың тұтылуы
Сабақтың мақсаты:
1Білімділік: Күн және айдың тұтылуының себебін түсіндіру. Тұтылудан кейінгі тіршілікке әсері.
2Дамытушылық: Физика пәнінен оқушылардың қызығушылығын және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
3Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, іздемпаздыққа, шығармашылыққа, қауыпсіздікке тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Ғылыми әдістемелік кеңес
Оқыту әдісі: Жеке тұлғаны дамытудағы негізделген оқу сабақтарының құрлымдық технологиясы .
Пән байланысы: Тарих, биология, математика, физика
Көрнекілігі: Компьютер, графопроэктор, суреттер, плакат, Күн және ай макеті, қосымша дисктер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы оқушыларды өз қалауларымен 4 топқа бөлеміз
ІІ. Дайындық кезеңі.
Бөлінген 4 топтағы оқушылар дөңгелек үстелге отырады
І- топ Тарихшы ғалым талдаушылар
ІІ-топ Физик ғалым зерттеушілер
ІІІ- топ Математик ғалым Шығармашылар
ІV- топ Биолог ғалым ізденушілер.
Бағалау парағынның моделі «Күн жүйесі» деп аталады. Себебі, күн біздің жұлдызымыз. Күнді зерттей отырып , басқа жұлдыздарда болып жатқан және жұлдыздарға дейінгі орасан зор қашықтықтар салдарын тікелей бақылап көре алмайтын құбылыстар мен үрдістерді білуге мүмкіндік аламыз. Ендеше, біздің шәкірттеріміз де бір-бір жұлдызға тең. Себебі, олардың ішкі дүниесін түсіну үшін, қабілеттерін ашу үшін зерттеуіміз керек. Бағалау парағы балл есебінде қойылады:
Сабақтың барысы:
Муғалім: Бүгін құрметі ғалымдар біз сендердің көмектеріңмен Күн және айдың тұтылу себептерімен, олардың тіршілікке қандай әсері бар екенін айқындап, және одан сақтану қажетпе? деген сұраққа жауап аламыз.
Ғылыми жетекші өз сөзін бастайды.
Күн тәртібінде қарастырылатын өзекті мәселелер.
І -мәселе Ежелгі халықтың Күн мен айдың тұтылу себептерін түсіндіру.
ІІ-мәселе Қазіргі кездегі Күн мен айдың тұтылу себебі.
ІІІ -Келешектегі күн мен айдың тұтылуу
ІV-Бұл табиғи құбылыстың тіршілікке әсері.
Қортынды әр түрлі мәселелер.
Басты мақсатымыз 3 наурызда болған айдың тұтылуы және 19 наурызда болған Күннің тұтылуы тіршілікке өз ықпалын немесе кесірін тигізедіме? деген сұраққа жауап алу. Алдымен ежелгі халық Күн мен Айдың тұтылуын қандай құбылыс деп түсінген? Соған тоқталып өтсек.
Тарихшы ғалымдар тобы.
І-Мәселе.
Ежелгі қауым Күнді құдай деп, тұтылуын құдайдың қарғысы деп түсінген. Негізінде Күн дегеніміз-жұлдыз, балқып қызған, керемет үлкен газды шар. Бұл Күн жүйесіндегі жұлдыздардың ең үлкені. Күннің тарту күші зор болғандықтан, барлық планеталарды өз орбитасында ұстап тұрады. Сарос халқының байлары Күн тұтылуын адамдарды қорқыту үшін өкруге шақырған. Айды түннің құдайы деп атаған, түннің тұтылуын айдың қарғысы деп атаған. Ескі заманда « ай қанға боялды», ай тұтылу бір жан түршігерлік кеселдің нышаны деп қорқытқан. Бұрын күннің тұтылған кездегі қараңғылық дадамдарды қатты үрейлендіретін. Күннің одай тұтылулары соғыстың, ақыр заманның нышаны деп ойлатын-ды.
Қарғыстан құтылу үшін кедей отбасындағы адамды өлім жазасына кескен яғни ол бір адамның жанын сұрайды деп айтқан екен. Тарихқа шұғылатын болсақ 1936 жылы 19 июнде ең ұзақ Күн тұтылу бүкіл Евразия материктеріне көрінген. Сонның ішінде СССР –ге де көрінген. Бұл тұтылуды байқауға арнайы құрал болмағандықтан США мен Франциядан адамдар арнайы шақырылып барынша зертеді. Осы тұтылу Алматыдағы Астрономия және Физика институтының ашылуына себеп болды. Институтың ашылуына негізгі қызмет атқарған ғалым Фесенков болды. Фесенковтың басқаруымен 1941 жылы 21 қыркүйекте Күн тұтылуы қайталанады. Ол уақытқа дейін Фесенков шет елден қажеттті құралдарды арнайы алдырып қойған еді.
Толық тұтылу Кавказда басталды да Қазақстанның барлық аймағынан өтеді. Кавказда толық тұтылу уақыты 94 секунті құрады, Қызыл -Орда да 104 секунта ал Алматыда 122 секунт аралығында көрінді. Ол уақытта 2-ші Дүние жұзілік соғыстың басталғанына 3-ай өткен болатын қанша қиын кезең болсада 28 экспедиция құрылып бұлтұтылуды байқап зерттеген.
Тұтылудың ерекше қасиетін бақаған яғни Күн аймағынан шыққан тәжінің көлем жағынан алдыңғы тұтылғандардан да үлкен болып шықты. Күннің бес радиусына тең келетін екен. Фесенко Астрономия және Физика институтін кеңейтуге және де барлық құрал жабдықпен қамтамасыз етуге әрекетін жасайды. 1945 жылы обсерваторияның жұмыс істеу жобасы дайын болды да ҚазФан мәжілісінде қарастырылды жұмыс істеуіне мақұлданады. 1946 жылы шешім қабылданып абсерватория ашылды. 20 май 1947 жылы Бразилия мен Аргентина аймағында толық тұтылу болды. 8 минут уақыт аралығында өтеді. 31 июлде 1981 жылы бүкіл СССР де толық Күн тұтылу болды. 2006 жылы 29 наурызда Күн тұтылу 4 минут 7 секунт уақыт аралығында болып өтті. Шымкентте сағат 1638 болып өтті, Ал Алматыда 1645 сағатында басталды да ол 2 минутке созылды .
ІІ-Мәселе
Күн мен Айдың тұтылуын ғалымдар қалай түсіндіреді?
Деген сұраққа Физика ғалым зерттушілер тобы Күн тұтылу себептерін түсіндіреді.
Күннен жарықтанған Жер мен ай конусше (тоғысатын) көлеңке түсіреді және конусше ( бытырайтын) шала көлеңке түсіреді. Ай түгел не жарым жартылай Жер көлеңкесінің тұсына келгенде Айдың толық не шала тұтылуы болады. Жерден ол Ай горизонт үстінде болғанда қай орнынан болсада бір мезгілде көрінеді. Айдың толық тұтылу фазасы 1 сағ 40 минутқа шетін ай жер көлеңкесінен шыға бастағанға шейін, созыла алады. Күн сәулелері Жер атмосферасына сынып Жердің конус көлеңкесінің тұсына келеді. Сонда атмосфера көгілдір сәулелерді және онымен көршілес сәулелерді күшті жұтады ал конус ішіне көбінесе қызыл сәулелерді өткізеді, өйткені оларды ауа нашарлау жұтады. Міне тұтылу фазасы үлкен болғанда, Айдың мүлден жоғалып кетпей қызғылтау түске боялатыны осыдан екен. Ай тұтылулары жарты жылға таяу мерзім аралатып, бір жылда үш ретке шейін, әрине тек толған ай кезінде болып тұрады. Толық Күн тұтылу Жерге ай көлеңкесінің дағы түскен орынан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км-ден арпайтындықтан, бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек жердің азғана бөлігінде көрінеді. Ай өз орбитасымен орын ауыстырғанда, Жер бетіне түскен көлеңкесі батыстан шығысқа қарай қозғалады да, толық тұтылудың жіңішке жолағы
біртіндеп сызып өтеді. Жерге Айдың шала көлеңкесі түскен орындарында Күннің шала тұтылуы байқалады.
Жердің айдан және Күннен қашықтықтары аздап өзгеруі салдарынан, айдың көрінетін бұрыштық диаметрі Күндікінен бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады. Бірнеше жағдайда Күннің толық тұтылуы 7 мин 40 с-қа шейін созылады, үшіншіден бір сәт қана, ал екінші жағдайда Ай күннді тегінде түгел жапппайды да, сақина тәрізді
тұтылу байқалады. Онда айдың қараңғы дискісінің айналасында Күн дискісінің жарқыраған жиегі көрінеді.
ІІІ-мәселе
Келешектегі Күн мен Ай тұтылу туралы мәлімет беріліп өтеді.
Не себептен әр бірет ай жаңарған кезде тұтылмайды?
Математик шығармашыл ғалымдар сөз алады.
Егер Ай орбитасының жазықтығы эклептика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда ай тұтылуы болып тұрар еді. Бірақ ай орбитасынның жазықтығы эклептика жазықтығымен 5091 бұрыш жасап қиылысады. Сондықтан көбінесе ай эклептика жазықтығының солтүстік не оңтүстік жағын ала өтеді де тұтылу болмайды. Арасы жарты жылға таяу жылдың екі мезгілінде ғана, яғни толық Ай мен жаңа Ай эклептикаға жуық кездерде тұтылу басталуы мүмкін.
Жер мен Айдың қозғалу заңдарын дәл білгендіктің арқасында жүздеген жылдар бұрын тұтылу кездері және оның қай жерде қандай болып көрінетіні еспсетеліп қойылған. Толық тұтылудың жолақтары бірдей фазада болатны сызықтар ( изофазалар) және әр-бір орын үшін тұтылудың басталуы, аяқталуы, орта кезеңдерін санап білуге мүмкіндік беретін сызықтар көрсетілген карталар жасалынады. Бір жылда неше рет күн тұтылу болып өтеді? Жер үшін Күн тұтылу бір жыл ішінде екі реттен бес ретке дейін бола алады, соңғы жағдайда тек қана шала тұтылулар болады. Айырықша бір орында орташа алғанда толық тұтылу өте сирек 200-300 жылда бір-ақ рет көрінеді.
Ай орбитасыны жазықтығы кеңістікте айналады ( бұл айдың жерге қатысты қозғалысында Күннің тарту салдарынан туатын ұйытқулардың бір түрі ( және 18 жыл ішінде толық бұрылыс жасадйы. Сондықтан мүмкін болатын тұтылулардың периодтары жылдың басқа даталарына ауысады. Ескі заманың ғалымдары тұтылулардығы жаңағы 18 жылдық периодпен сабақтас периодтылықты аңғарып, тұтылулардың баслалуын долбарлап күн ілгері айтып бере алатын еді. Қазір тұтылу кездерін күн ілгері есептеудегі қателік 1-с-қа кемірек.
ІV -Мәселе
Күн мен айдың тұтылуының тіршілікке әсір бар ма?
Бұл сұраққа жауапты биологтар береді.
Алдымен Жер Ай және Күн не үшін керек деген сұраққа жауап беріп кетсек. Жер адам өмір сүру үшіін керек. Күн адамға қуат, өмір күші- тіршілік көзі болып табылады .Ай адамда болатын физиалогиялық психикалық процестерді реттейді. Адам құрылысы Күн системасы болып біз нысан қызметін атқарамыз, жүрек Күн қызметін атқарады. Жер Күн нысандары әр түрлі күшейтілген магнит өрістері бар дене болып, олардың өзара орналасуы айнымалы магнит өрістеріне әсер етеді. Ол адамның өзінің электромагнит өрісіне әсер етеді. Жердің магнит өрісі өзгерсе, адам денесінің магнит өрісі өзгереді. Адамның биоөрісін-аурасын алғашқы болып емшілер тапқан. Егер, Ай тұтылса ол Күннің әсерінен құтылады, босайды да, Жерге өз әсерін күшейтеді яғни жердің магнит өрісі Айға қарап бағытталады. Нәтижеде жер бетіндегі сулар теңіздер толқиды, тасиды жер қимылдайды. Егер Күн тұтылса онда Жер Күн бақлауынан шығып жердің магнит өрісі ауытқиды да, вулкан-жаңарту, атқылап таулы аймақтарда , сулы аймақта су тасып, таң қаларлық күшті апаттар болады. Әрине бұл физикалық құбылыс жағынан қарастырғанда. Мысалға 1936 жылғы күн тұтылу бүкіл евразия аймағында болып өтті сонның ішінде СССР ге де арадан 3-4 жыл өтпей Екінші Дүние жүзілік соғыс бүкіл Евразия халқымен Европа халқының арасында болып 5 жылға дейін созылды. Қаншама мыңдаған адамдар өліп кеті. 1953 ж 6-июльде Испания жерінде Куман меридианында Күн тұтылған, бес аптадан соң жер сілкінуі болып 4000 адам өлген. 1901 ж 8-майда Се-Пъер меридианында ( Мартиникс аралығында) Күн тұтылып, сол күні вулкан-жаңартау атқылап жер бетін тып-типыл еткен. Адам ағзалары дұрыс жұмыс істеп тұру үшін, адамның дені сау болуы үшін қаутты Күн көзінен алып тұрады. Ай Күннен кейінгі қуатты түнде адамға береді. Айдың әсерінен адамның психикасы, ой қызметі даимды. Ай мен Күн тірі арганизімнің арасындағы дәнекер. Қорыта келгенде Күн өмір көзі, Ай жүйке жүйелернің сезіміңің көзі. Егер Ай тұтылса жүйкеге ал күн тұтылса жүрекке әсері күшті.
V-Мәселе
Жас ғалымдардың сөзі:
Күн немесе Ай тұтылғанда тірі ағзаға әсер етпеуі үшін айналы беттен жасалған спутник немесе серіктерді ойлау қажет. Олардың жылдамдықтарын есесптеп тұтылуға сәйкес уақытта Күнің сәулесіне шағылдырып, айға түсіру қажет. Сонда Ай күннің бақлауынан құтылмайды. Айдың жерге ықпалы әлсірейді. Деп өздерінің жобаларын ұсынады.
Қорыта келе біздің хатшы қызымыз бүгінгі мәселелерді айтады. Ең соңғы мәселе бойынша шешім қабылдыйды. Егер ол жобаны дұрыс деп есептесе онда жобаны келесі Күн тұтылуына дейін жүзеге асырып жіберу керек. Егер қабылданбаса онда жоба жабылады.
Үйге тапсырмаға жарықтың шағылу заңын биологялық, физикалық және математикалық тұрғыдан зерттеу.
Оқушыларды жоғарыда көрсетілген әдіспен бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |