Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛІ ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ


КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛІ ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛІ ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ.

ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу  ғасыры.     Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек. Бүгінгі басты мәселеміз-білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Қазіргі уақытта инновациялық технологиялар жетерліктей. Оқушы барынша оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Осындай технологияларды оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жетілдірілген жобасы ретінде қолданатын болсақ:

-         Білім сапасын арттыруға;
-         Оқу мақсатын дәл анықтауға;
-   Оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формулаларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
«Баланы білім, ақиқат ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» делінген (В.А.Сухомлинский). Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің шығармашылығындағы ерекшелігі – оның  сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Күнделікті сабақ ыңғайына  қарай түрлендіріліп өткізілсе бұл оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыру оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, мүмкіндік береді.
Математика пәнін арнайы пәнмен байланыс орнату арқылы оқыту есептер  шығаруда тек есептің дұрыстығын ғана емес, оны шешудің ұтымды жолын таба білуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен  жұмыс жасауы қажет. Пәнаралық байланыс арқылы сабақ өткізген кезде сабақ мазмұны оқушылардың танымдық, байқағыштық, елестету ойлау қабілеттерін жетілдіру негізінде құрастырылуы керек. 
Мысалы «Аспазшы» мамандығы тобындағы математика сабағында берілген тапсырма:
Тығыздығы 1062 кг/м3 фарштан жасалған қалыңдығы 2-2,5 см, ұзындығы 10-12 см, ені 5 см котлеттің  және диаметрі 6 см тефтелдің салмағын есептеңіздер (1,2-слайдтар). 

                   1-слайд 2-слайд

Есептеуге қажетті формулалардың (3-слайд)  және «Тағам дайындау технологиясы» пәні оқулығындағы фарштың тығыздығы берілген кесте (4-слайд) көмегі арқылы котлет пен тефтелдің массасын табамыз.

3-слайд 4-слайд
Шыққан нәтиженің  авторлары В.А.Барановский, Л.Г.Шатун «Повар» оқулығындағы котлеттің 69 гр, тефтелдің 110-120 гр болатынымен сәйкес келгендігіне оқушылардың көзі жетеді. Бұл кезде оқушылардың білім дәрежелерін тексеру, үйрету, жаттықтыру жолдары іске асырылады. Барлық оқушыларға бірдей берілген тапсырма бір оқушы үшін тек жаттығу есебі болса, екінші біреу үшін ол белгісіз тапсырма, оған ол шығармашылық пен шығару жолдарын іздену, еңбектену арқылы келуі мүмкін.
Есептеу техникасының  өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оқыту  процесін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіруге әкеліп отыр.  Оқытудың жаңа технологияларын қолдану мен дамыту – дербес компьютерлер мүмкіндігімен де байланысты.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде: информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуде және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын, - делінген. Сондықтан компьютерлендірудің қамтитын мәселесі пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап  айтқанда: оқушылардың пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарылауы, оқушының шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының  артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысына әр түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпта жақсы меңгергенін немесе қай жерде білімінің осал екенін  дөп басып, көмек көрсете алады.  Әр оқушы өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы оқушыдан селсоқ көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Оқушы мен мұғалім  қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз. Сабақ мазмұнының  теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Оқушыларға білім негізін меңгертудің  әдіс-тәсілдері сан алуан.
Жоғарыда келтірген мысалымызда котлетіміз бен тефтелдер дайын  енді оларға құятын соустардың түрлерін дайындау өлшемдерін  бағдарлама көмегімен жасауға болады. Осы математика-информатика сабақтарындағы алған білімдерін, құрған бағдарламаларын оқшылар алға дамытып, өз арнайы пәндері сабақтарында пайдаланып отырады. 
Әрине, дайын дәмді тағамдарды жеуден ешқайсымыз бас тартпайтынымыз анық. Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ғана емес бүкіл әлемді көңіл аударуды қажет ететін проблемалардың бірі – семіздік. Семіздік көптеген аурулардың жылдам дамуына мүмкіндік береді. Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмақ пен семіздіктің зардабын тартып отыр. 
        Қазақстандағы балалардың 22 пайызы, ал ересектердің 55 пайызы (соның ішінде әйелдер 58%, ерлер 53%) артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан. Артық салмақ пен семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан болады. Әлемде жалпы өлім-жітімнің 60 пайызы тамақтану режимін бұзу салдарынан туындаған науқастардан болады. Жалпы Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жастар арасында денсаулыққа аса үлкен зиян келтіретін, денсаулықты ақсататын тамақтар мен сусындарға деген сұраныс жоғары. Мысалы, әрбір үшінші оқушы қалтасындағы ақшасын фаст-фудқа, әрбір үшінші бала кем дегенде аптасына бір рет тәтті газдалған сусындар ішеді, әрбір оныншысы энергетикалық сусындар сатып алады екен. Ал студент қауымның 60 пайызы фаст-фудпен ауқаттанады. Соның ішінде, әрбір жетінші студент күн сайын фаст-фудпен қоректеніп, газдалған немесе энергетикалық сусындарды да үзбей ішеді екен. 

Дәрігерлердің айтуынша, артық салмақтыққа бой алдыру тектен емес, әр адамның өзіне байланысты. Мамандардың пікірінше, семіздікпен күресудің бірден бір жолы – тамақты тарта ішу. Диетаға отырамын деп денсаулықты құртпай, ең бастысы - өз ағзаңызға қажетті тамақты талғай білу.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) артық дене салмағы мен семіздікті бағалауда қарапайым сандық критерий-дене салмағы индексі (ДСИ), Кетле индексін тиімді санайды. ДСИ 25 кг/м2 шамасынан асатын болса, дене салмағы артық саналады. ДСИ 30 кг/м2 шамасына тең не артық болса, семіздікке сәйкес келеді. ДСИ байланысты семіздіктің үш дәрежесі анықталады.(1-кесте)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану"
Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
Әр түрлі ортадағы электр тогы
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Жаңа технология түрін қолдану
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2147 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык