Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кітап – ойдың талмас қанаты


Кітап – ойдың талмас қанаты

Кітап – ойдың талмас қанаты

Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, оның пайдасы мен маңызын ұғындыру.
Білімділікке, ізгілікке, ұқыптылыққа, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, плакаттар, кітап көрмесі, ту жалауша, қағаз, қаламдар, мультфильм, залмен жұмыс, музыкалық фон, фотоаппарат, видеоға түсіру, бағалау парағы, грамота
 
І Кіріспе бөлім 
Фанфар ойнайды,оқушылар орындарынан тұрып қонақтарды қарсы алады.
Фанфар аяқталғасын, оқушылар орындарына жайғасады.
Кітапханашы: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, көздерінде от ойнаған жалынды оқушылар! Өнер мен ғылымның қасиетті тұғыры болған оқу ордамыздағы «Кітап – ойдың талмас қанаты » атты сайысты ашық деп жариялаймыз! Білім алу үшін кітап ауадай қажет.Ол білімнің бұлағы, оны бойына сіңіру үшін көп оқу қажет. Кітап – қымбат дос.Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі.Әрдайым айтқаныңа көнеді.Оны сүй.Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет. Кітап – көп ақылдың құйылатын көлі, ортақ мүлік,халық қазынасы,сарқылмас білім бұлағы.
 
 
Ал, ендеше, құрметті қонақтар, сайысымызға қатысатын топтармен таныс болыңыздар.
1-топ «Ойшылдар»
2-топ «Алғырлар»
3-топ «Тапқырлар»
Сайыс бес кезеңнен тұрады. 
1. «Сәлем-сөздің атасы» топтардың таныстыруы.
2. «Білім көзі-кітапта», мақал-мәтелдің жалғасын тап.
3. «Ойып айтар ой ...», мультфильмді    көркем тілде, мазмұнын  жеткізу, мультфильмдегі кейіпкерлерге мінездеме беру және мультфильмдегі негізгі ойды табу 
4.«Дайын ұйқас» берілген ұйқастарды қатыстырып өлең шумақтарын құрастыру
5. Синкуейн (суретке қарап 5 жолды өлең құрастыру.)
 
Әр топтың өздерінің таныстыруы мен тапсырмасы болады.  
Қазылар  орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптарын  кәдік шықты
Білім мен тапқырлықты бағалайтын
Әділ-қазылар алқасы әділ, мықты дей келе, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін
 
1.   Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:  Омархан Ғ.А.
          2.  Кітапхана  меңгерушісі: Нұрғалиева Мейрамгул
          3.Гимназия кәсіподақ ұйымының төрайымы: Сапартілеуқызы Г
Әр сайысты  5 балдық жүйемен бағалайды. 
Сайысқа қойылатын талаптар: берілген сұрақтың жауабын нақты ашу; тақырыптан ауытқымау; барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау; топтардың өз ойы және өз сөзі арқылы толық еркін айта білуі; уақытты үнемдеу; «Тоқтаңдар!» дегенде тоқтау.
 Сайыс шарты бойынша жеңімпаз топ мектеп кітапханасының мақтау қағаздарымен сонымен бірге сыйлықтармен марапатталады. Ал енді сайысымызды бастайық! Сәттілік тілейміз!
 
ІІ Негізгі бөлім 
1-сайыс. «Сәлем-сөздің атасы» топтардың таныстыруы. Әр команда капитандары  өз командаларын көркем тілде таныстарып шығу керек. (командаларды ретімен атау.)  
2-сайыс. Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде  мақал – мәтелдерді , нақыл сөздерді көп қолдана білген, «Білім көзі-кітапта»  деген 2-сайысымызда берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек (слайдтан көрсетіледі.)
1 және 2 сайыс қорытындысын  жариялау  үшін әділ-қазыларға сөз береміз. (жеңіл музыка ойнап тұрады.)
Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?!
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға-сол алда! дей келе үшінші сайысымызды бастаймыз. 
3- сайыс. Бұл сайыс 
 «Ойып айтар ой ...» деп аталады (музыканы  сөндіру).  Мұнда экраннан көрсетілген мультфильмді
1-топ көркем тілде, мазмұнын  жеткізеді
2-топ мультфильмдегі кейіпкерлерге мінездеме беру
3-топ мультфильмдегі негізгі ойды айту (   мин)
 
Командалар дайын болғанша  залмен  жұмыс
Ал енді командалар дайын болғанша залда отырған жанкүйерлердің білімін сынайық.   Сіздерге ақын жазушылардың портретін көрсетіледі сіздер ол кім екенін, оның  қандай шығармалары бар екенін айтып, мысал келтіріңіздер.
 
Үшінші «Ойып айтар ой» сайысы бойынша топтың өз тапсырмаларын қорғауы.
4-нші сайыс  «Дайын ұйқас» берілген ұйқастарды қатыстырып 2 шумақ өлең шумақтарын құрастыру (слайдтан көрсетіледі)
1-топ «Арайлы-қарайды»
2-топ «Керемет-текемет»
3-топ «Тірегім-жүрегім» 
Ойлануға ( мин)
Командалар дайын болғанша  залмен  жұмыс
Сіздерге берілген  сұрақтарға  мақалмен жауап бересіздер.
1.Жылан інінен қалай шығады?
Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.
2.Қар жана ма?
Қалауын тапса, қар жанады.
3.Инемен құдыққазуға бола ма?
Оқуинеменқұдыққазғандай.
4.Еңтәтті не?
Ананыңсүтітәтті,баланыңтілітәтті
5.Не қорқақ,не батыр?
Көзқорқақ,қол батыр.
6.Кімнен кімжаман?
Олақтансалақжаман.
7.Тауық түскөреме?
Тауықтыңтүсіне тары кіреді.
8.Оттан да ыстық не?
Отаноттан да ыстық.
9.Шошқаүреме?
Итжоқташошқаүреді.
10.Ер қаруынешеу?
Ер қаруы бес қару.
11.Отқа түсіпкүймеуге бола ма?
Отанүшінотқатүскүймейсің.
12.Жігітті шал дегенжөнбе?
Жаманжігітжасында шал болар.
13.Үлкен сөз,үлкенкөз бола ма?
Қорқақтыңкөзіүлкен,ақымақтыңсөзіүлкен.
 
3-4 сайыстар қорытындысы әділ-қазыларға сөз. 
Келесі бесінші сайысымыз  «Синквейн»  деп аталады. 
5-нші сайыс. Суретке қарап берілген 5 жолды толықтырып өлең шумағын құрастыру керек.
1. Зат есім: 
2. Сын есім: 
3. Етістік: 
4. Толықтауыш: 
5. Түйін сөз: 
5-сайыстың қорытындысын жариялау үшін әділқазыларға сөз береміз.
 
ІІІ қорытынды бөлім
Кітапханашның сөзі:
Ал енді жиналған ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Орындарын беріп, марапаттау қағаздары мен сыйлықтарды табыстау.
 
Міне, осымен  «Кітап-ойдың талмас қанаты»атты  сайысы да өз мәресіне жетті.   Кеште  өздерінің  білімділігін,  тапқырлығын, шешендігін сынға  салып, өз  өнерін  танытқан  ойыншыл балаларымызға үлкен  алғысымызды  білдіреміз. Кешіміздіқорытындылайкеле,мектебіміздіңкітапханасытуралыслайдқаназараударыңыздар.
 
«Абай ой данасы,қазағымның панасы» атты Абай  Құнанбайұлына -қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ағартушы, философқа кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Аумағың Алатаудай, ақын Абай,
Шыңысың ақындықтың, сен Гималай
Кемеңгер ақыл-ойдың данышпаны
Шешені шешендердің бұлбұл таңдай»
С. Серікбаев
 
Абайдың үлкен портреті ілінді.
І бөлім: «Абайдың асыл мұрасы»
ІІ бөлім: «Абай – ұлы ақын және ағартушы»
 
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Абай. Қара сөздер. Поэмалар – Алматы, «Атлас», 2001. – 128б.
2. Абай тағылымы. Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы, «Жазушы», 1986, - 436 б.
3. Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер. . – Алматы, «Жазушы», 1985, - 176 б.
4. Абай. Энциклопедия. (Бас ред  Р.Н. Нұрғалиев: ред алқасы З.Ахметов., Б.Г. Ерзакович т.б ) . – Алматы, «Атамұра», 1995, - 720 б.
5. Абай. Перевод с казахского С.Санбаева А – А, 1970 – 128 б.
6. Сильченко М.С. Абайдың творчестволық өмірбаяны – Алматы, «Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы», 1957 – 294б.
7. Шыңғыстау. – Алматы. «Өнер», 1991 – 63

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Сөз мерген сайысы
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Қазақ тілі Білім сайысы
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Тілім менің – асыл қазынам
Абай оқулары
Математика аруы -2014
Кім көп біледі?
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2278 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык