Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3735 |
|
|
|
Мұғалімнің кәсіби болмысы
Мұғалімнің кәсіби болмысы
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне орай, білім беру жүйесі де жаңа кезеңде, күрделі өзгерістерге түбегейлі бет бұруда. Бұл өзгерістер болашақ мұғалімнің кәсіби болмысының принциптеріне өзекті сауалдарды енгізуде. Қазіргі әлеуметтік жағдай педагогтардың алдына жаңа күрделі мәселелерді қоюда, шәкірттердің білім сапаларының төмен деңгейі, білім мен тәрбие арасындағы алшақтық, рухани байлықтың жұтаңдығы, мұғалімдердің ортаға бейімділігінің әрқилылығы, болашақ мұғалімдердің бойында ұлтымызға тән қасиеттерді – парыз, борыш, көрегенділік, ар-намыс, имандылық, мейірімділікті қалыптастыру.
Педагог тұлғасының сипаттамасы бірнеше сапалық қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Бұл сапалық белгілер өз пайымдауымызша, мұғалімдердің деонтологиясын халықтық педагогика құралдары арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері мынадай ретпен :
1. Парыз – рухани әдептіліктің талабы. Мұғалімнің өз бойындағы озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы, ұстаздық парызы. Ұрпақтарымызды «жаман әдеттен құтқару үшін» ұстаз мейілінше сана-сезімін кемелдетіп, кәсіби міндеттеріне сәйкес болу жолында өзін-өзі танып біліп, тұлғалық қасиеттерді жетілдіруге үнемі ынталандыруды қажетсініп, өз бойында парыздылық сана-сезімін дамытуға тиіс. Ата-бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтеретін рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Осынау асыл өсиеттей аталы сөздерді білу – бәріміздің парызымыз. Парыз – адамның ішкі талап тілегі, моральдық идеал ұйғарымын орындау, қажеттігін сезіну. «Өнегелі дана жоқ жерде өнерлі бала да жоқ», - деген халқымыз келер ұрпағын қателіктен, жаңсақ қадамдардан ұдайы қақпайлап, ылғи да түзу жолға сілтеп отырған.
2. Адам әдебімен көрікті. Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі. Халқымыз ерте кезден-ақ әдепті жоғары бағалай білген. Қазақ ұлдары мен қыздарының бойында әдептілік қасиеттері байқалып тұрған. Ұнамды қарам-қатынас жасай білу - әдептілік. Бұл – адам баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, тіршілік құру жолындағы алға ұстап келе жатқан қағидасы. Әр заманда әр халыққа тән әдеттер мен дәстүрлер өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындап, ғасырдан ғасырға жалғасып, ұласып жатады. Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашанда халықтың өлең жырларынан, тапқыр шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен тиісті орын алып отырған: «Әдептілікті данадан үйрен, мейірімділікті анадан үйрен», «Әдепті бала – елінің көркі», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар», т.б. Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды «әдепті бала екен» дейді. Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл адамның өскен ортасына, төңірегіндегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Мұғалім мамандығы ұрпақтар арасын жалғастырушы, сол себепті ұлттық мектептің ұлы мұратын іске асыратын ұстаздар қауымы, ұлттық намысты ту етіп, білімін, қажыр-қайратын елдің болашағын көркейтер қасиетті істен аянбауы керек.
3. «Ұстазы мейірлі болса, шәкірті пейілді болады» - деп ата-бабаларымыз айтқандай, ұстаз бен шәкірт ұғымы – біздің халқымызға өте қадірменді де қастерлі ұғым. Абай «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деу арқылы ұстаздық пен шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің үйреткенді ынта қойып, біліп алатын, яғни ғылымның іліміне ие болатын, мұрагер ғана емес, ілгері жалғастырып, дамытушы ретінде анықтаған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең, мәнді нақышы бар. Ол еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. «Бесік» сөзі тәрбие ұлттық негізде болсын дегенге де меңзеп тұр. Сондықтан, «Елдің келешегі – ұстаздың қолында» дегені ұстазға үлкен міндет артады. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің бойына сіңіре білетін деонтологиялық даярлығы жоғары ұстазды ғана бүгінгі күнге лайықты ҰСТАЗ деп айта аламыз.
4. Жақсы мінез-құлық - адам жанының айнасы. Адамның мінез-құлқының бастапқы негізі жеке тұлғаның мінез-құлқы мен тұрмыс қалпынан орын алатын жоғары рухани құндылықтардың жиынтығы тұрғысындағы идеал ұғымы болып саналады. Ол адамның адамгершілік мақсатының жүйелі сипаты, мінез-құлықтың моральдық үлгісі, жеке тұлғаның жоғары абыройы тұрғысында қарастырылады. Өзінің кәсіби болмыс, мінез-құлқына өзіндік талдау жасаудан әр педагогтың ұтары мол. Оқушы үшін ненің қажет екендігін, оны толғандырып жүрген нендей жағдай екендігін білмей тұрып, ұстаздың бала игілігі үшін әрекет жасауынан нәтиже шықпайды. Әсіресе, балалардың да жан–дүниесіне үңілу және олардан тек тәртіпсіздікті ғана көрмей, дұрыс қарым-қатынастың ыңғайында тәрбиелесе, нәтижеге жетері хақ. Әр педагогикалық жағдайда ұстаздан ақылдылық және нақты әрекет талап етіледі. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде қазақ даналары әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтады. Бүгінгі ұстаз жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең, өз мамандығын толық меңгерген, жоғары деңгейдегі кәсіпкер болумен қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек.
5. Имандылық – ұлттық тәрбиеміздің ұйытқысы. Ислам дінінің болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға да тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі жоғары. Құранда пайғамбарымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі - кешірімділігі мен кеңпейілділігі дей келіп, оны былай атап көрсетеді: «Имандылықтың белгісі мынадан көрінеді: ешкімге жамандық жасама». Пайғамбарымыздың үйретуі бойынша, адамгершілік пен парасаттылықтың алғашқы сатысы былай басталады: «адам ешкімге қысым көрсетпеуі керек, өзіне қысым көрсеткен адамды кешіре білуі қажет» - «бұл адамгершілік қасиеттің жоғары сатысы». Бұл педагогикалық деонтологияның «Зиян келтірме!» ұстанымының аясына саяды. Ұстаз – иманды ұрпақты тәрбиелеуші. Оның жаны да, тәні де таза болуға тиіс.
Қорыта айтқанда, діннің бүгінгі адамзат өміріне жасайтын нақты ықпалын, тағылымдық мүмкіндіктерін көріп, бағалай білу, оны бала тәрбиесіне пайдалану басты парызымыз.Сонымен ұстаздық шеберлік, іс-қимыл, іс-әрекет арқылы білімді іс жүзінде қолдану барысында қалыптасып, дамиды. Ұстаз өз халқының төл педагогикасын терең біліп, ол білімін оқу-тәрбие сабақтастығында саралап пайдалануға тиіс. Халық педагогикасы – ұлттық мәдени мұра болғандықтан, оны тәрбие ісінде қолдана білу – ұстаздық парыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |