Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақатаев Қарттарды сүйем


Мақатаев Қарттарды сүйем

М. Мақатаев Қарттарды сүйем

Сабақтың мақсаты: 
б) Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығын айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы – қарттар, олар – тірі шежіре, дана, ақылды екенін ұғындыру.
д)Оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет – ынтасын дамыту, тіл байлықтарын арттыру.
т) Қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Күнге  қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
II. Үй тапсырмасын сұрап, пысықтау.
1. Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала.
2. Үш оқушы көрініс көрсетеді.
3. Әңгімеге кімдер қатысады?
4. Әңгімеде сендерге қай кейіпкер көбірек ұнады?
5. Үлкен қызының орнында болсаңдар сенде не істер едіңдер?
6. Сонымен балалар диолог дегеніміз не?
7. Жаңылтпаштарды сұрау.
III. Жаңа сабақ.
 
 Мақал – сөздің мәйегі
БіліМ
Ұрлық
ЖаҚсылық                                                   туралы
Ана
ТабиҒат
ОтАн
АдаЛдық
ТәрбИе
- Оқушылар осы сөздердің ішінде өзгеше болып жазылған әріптерді қосып оқиықшы
- Мұқағали
- Мен сіздерге алдын - ала Мұқағали Мақатаев туралы деректер жинақтап келіңдер деп тапсырма берген едім.
- М.Мақатаев туралы қане кім ізденіп келді екен?
( Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Мақал – сөздің мәйегі
 
ЖамандыҚ
ЖануАр
ЕРлік
Тазалық                                туралы
Тіл
Ата
МейіРім
 
- Осы сөздердің ішінен тағыда қандай әріптер өзгеше жазылған.
- Қарттар.
       Ақ сүт берген ананың
Балада хақы көп болар.
Ана деген мейірлі, 
Сыйлай гөр, балам, анаңды.
Ата деген қадірлі,
Сыйлай гөр балам атаңды.
- Енді оқушылар барлығымыз видеоға  назар аударайық.
- Осы видеодан кімдерді көріп отырсыңдар?
- Қарттар үйіне неге барды деп ойлайсыңдар?
- Сендердің ата – әжелеріңді, ата – аналарың қарттар үйіне тапсырайық десе келісермедіңдер?
- Біз бүгін М.Мақатаевтың « Қарттарды сүйем» өлеңімен танысамыз.
Өлеңді оқып түсіндірем.
IV. Оқулықпен жұмыс.
«Еркін оқу»
«Найзағай оқу»
«Жалғастыра оқу»
V. Сөздік жұмыс
Мұрагер
Сиреп
Шежіре
VI. Сергіту минуты.
- Өлеңге сүйене отырып  қарт сөзінің мағынасына жуық сөздерді айтайықшы.
- Енді оқушылар жаңадан бері қария, қарт, қарттар үйі туралы айтып жатырмыз.
- Балалар өздеріңнің ата – әжелерің бар ма?
- Кімдердің ата – әжелері бар?
- Жарайсыңдар барлықтарыңда ата – әжелерің туралы айтқыларың келіп отыр.
- Енді осы өзіміздің ата – әжелерімізге « Тілек хат» жазайықшы.
VII. Қорытынды.
Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету  ата – бабадан келе жатқан салтымыз.
1-қазан қарттар күні деп аталады.
Олардың өмірі біз үшін үлкен өнеге. Ұлы Отан соғысында елімізді қорғады. Сендердің осындай үлкен жарық интернатта оқып білім алып оқуларыңа олардың қосқан үлесі зор. Сондықтанда үлкен кісілерді құрметтеп жүруіміз керек.
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым аман саумысың?!
 
Өздерің болсаң жанымда,
Ел іші жомарт еңселі
Дән иісі жүрген қанымда,
Даламның бір – бір бөлшегі.
 
Сағынып талай жыр туар,
Оралар әлі – ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман – сау жүрші.
Хормен: М. Мақатаевтың « Қариялар азайып бара жатыр»
VIII. Үйге тапсырма
1. М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңін жаттау.
2. Ата – әжелерің туралы өлең шығару.
IX.Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М.Мақатаев Үш бақытым.
Біріккен сөздер.
Асылың, анаң-сырласың
Етістіктің рай категориясы. Қалау рай
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Тамырын жайып тереңге
М. Мақатаев. Үш бақытым
М. Мақатаев «Қарттарды сүйем»
М. Мақатаев Фантазия
Менің Қазақстаным. Үндестік заңы.Буын.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3646 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык