|
|
Біріккен сөздер.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға біріккен сөздердің бірнеше түбірлерден
құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту,
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі:Сауатты,көркем жазуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі:жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен сүйіспеншілікке толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік , жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым!
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Өткенді пысықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ. Ертегі «Айна мен Гүл» ертегісінің қойылымын оқушылар ролдер арқылы көрсетеді.
Мысалдар арқылы түсіндіру.
Айна Жалаңаш
Кер Сексен
Талды Ала
Жар Сасық
- Біздің сыныпта есімдері бірнеше түбірден құралған оқушылар бар ма?
- Ерасыл,Ерзат,Ерхан,Ақжүніс,Жанерке,Ақерке,Наурызхан.
Оқулықпен жұмыс.
33-жаттығу. Сөздерді оқу, көшіріп жазу,түбірлерін ажырату.
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш ,балмұздақ, егеуқұйрық,жетіқарақшы,шекара.
35- жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
Аққұтан, шекара, көкжиек.
Сергіту сәті: Теледидардан бүгін бейсенбі күні «Қазақстан» ұлттық арнасынан көретіндеріңіз:
7.00. «Таңшолпан» таңертеңгілік ақпаратты-сазды бағдарламасы.
9.40. «Тілашар» балалар бағдарламасы.
10.30.Мультфильм «Тасбақа мен саршұнақ».
11.20. «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарлама
12.50. «Бағдаршам»
13.15. «Көксерек» балалар фильмі
15.30. «Топжарған» интеллектуалды сайыс
16.05.Корей телехикаясы «Ержүрек Ханзада»
17.00. Мультхикая. «Сиқырлы ғаламшар».
18.10. «Телқоңыр» музыкалық бағдарлама .
20.00. «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі .
22.00. «Айжұлдыз»
Ауа райы
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей : Ребус шешу.
Айгүл, Біржан, Алтынай, Үштөбе, Жетісу.
ІІ деңгей: Біріккен сөздерді теріп жазу.
Арба, Тайбурыл ,көкпеңбек, Қызылорда,Қазалы,
Құтжол,балалар,Жандос,Көкшетау,Екібастұз.
ІІІдеңгей: Сәйкестендіру.
Күй тау
Мүйіз тауық
Бір көл
Күрке тұмсық
Ай қазан
Бота сандық
Ит дана
Марқа көз
Ала мұрын
ІҮ.Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. 36-жаттығу.
Оқушыларды бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |