Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын


Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын

Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, және оқушылар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
2 - жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
оқушыларды  шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

3 – жүргізуші: Олай болса ортамызға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырайық:
(әр топ орындарына келіп тұрады)
1 - топ: « Қыран» тобы
2 - топ: « Жұлдыздар»тобы
3 - топ: « Сұңқар»тобы

4 – топ: «Болашақ» тобы
1. Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Дене шынықтыру пән мұғалімі
2. Мектеп директоры
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі
Спорттық сайысымыз 10 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі дей отыра
Бүгінгі сайыстың бағдарламасымен таныстырайық.

3 – жүргізуші: Сайысымыз 10 кезеңнен тұрады
1. Жүргізуші: 1 кезең: «Теңбілдоп»

2 – жүргізуші: 2 – кезең: «Күзгі тарту»

3- жүргізуші: 3 – кезең: Спорттық би сайысы

1 – жүргізуші: 4 – кезең:

2 жүргізуші: 5 – кезең «Жеміс жидек жинау»

3 жүргізуші:   6 – кезең «Балықшы»

1 жүргізуші: 7 – кезең

2 – жүргізуші: 8 – кезең: Су тасушы

3 – жүргізуші: 9 – кезең: «Қақпашы»

1 – жүргізуші: Ойынның шарттарымен танысып болсақ. Ойынымызды бастайық. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра, І кезеңнен бастайық.

2 – жүргізуші: 1- кезең: «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл ойында топ мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып, мұғалімнің бір қолында алма болады. Жүгіріп келген ойыншы мұғалімнің бір қолынан ұрады.

3 – жүргізуші: Ұрғаннан кейін мұғалім қолындағы алманы бір тістейді. Келесі оқушы келеді. Солай мұғалім алманы жеп тауысуы керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
1. Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру.
2. Баскетбол добын ұрып жүгіру.

3. Волейбол добын жоғарыға лақтырып барып, лақтырып қағып алу.
4.. Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру.

Олай болса сайысқа қатысушы сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!
1 – жүргізуші: 2 - кезең: «Күзгі тарту»
Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып арқаларын түйістіреді де орталарына доп қыстырып алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі керек. Финишке жеткеннен кейін жерде жатқан плакатқа күз туралы сурет салып келу керек.

2 – жүргізуші: Ал мұғалім салынған суретті  алып әділқазы алқасына табыстайды. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!

3 – жүргізуші:

3- кезең. Спорттық би. Әр топ өз өнерлерін ортаға салады. Берілетін уақты 2 мин аспау керек. Қатысушыларымызға іске сәт. Ортада «              » тобы.

1 – жүргізуші: 4 кезең «Шопинг». Әр топ жетекшісі өз тобына қарама қарсы қарап тұрады. Топ мүшелері кедергілер арасымен өтіп топ жетекшісін әдемі киімдермен киіндіріп келеді.  Киініп болған жетекші жерде жатқан картопты жинап келуі керек. Кім бірінші келсе. Сол жеңімпаз болады.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!
2- жүргізуші:

5 - кезең: «Жеміс жидек жинау»
Алаңға жеміс – жидек шашылады.  Топ жетекшінің көзі байлаулы.  шашылған жеміске қарай Топ мүшелері айқайлап бағыт бере  отыра жеміс жидекті жинап келу керек. 1 мин уақыт беріледі.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!
3 – жүргізуші: 6 – кезең. «Балықшы»
Шарты: Әр топқа қармақ беріледі. Әр ойыншы кедергілер арасымен барып жерде жатқан қармақпен балық аулап қасында тұрған шелекке жинап келеді. Кімде көп болса сол топ жеңіске жетеді.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!
1 – жүргізуші: 7 - кезең: «Су тасушы»

Ортадағы ыдысқа су құйылып тұрады. Әр топ мүшелері қасықпен қарама қарсы тұрған бос ыдысты сумен толтыру керек. Қасықпен суды әкелген ойыншы тұрған қағазға ойдан өлең құрастырады. Келесі ойыншы өлең жолдарын жалғастыру керек.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!

 

2 – жүргізуші: 8 – кезең. «Қақпашы»
Шарты: Бұл ойында топтың жетекшісі топтарына қарама - қарсы 10 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп шариктерді лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған шарикті
қолындағы шелекпен қағып алуы керек. 1 мин уақыт беріледі.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!

3 – жүргізуші: 9 – кезең. «Паровозшы»
Шарты: Ойынды топ жетекшісі бастайды. Жетекші кедергілер арқылы өтіп қайтып келеді. Келгеннен кейін өз тобындағы ойыншыларды біртіндеп ертіп кетіп отырады. Бірінші келген топ жеңімпаз атанады.

Үш жүргізуші бірге: ҚАЛЫСПА. ДАЙЫНДАЛ. АЛҒА!

1 – жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау

2 – жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады.

«Толағай» әні

Барлық қатысушылармен бірге орындайды.

3 – жүргізуші: сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет айтамыз.

 

Үш жүргізуші бірге келесі кездескенше сау болыңыздар!!!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық ойын
«Толағай» эстафеталық ойын
Спортты ал серікке ...
«Толағай» эстафеталық ойын
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Әкем ,шешем және мен.
"толағай" отбасылық сайыс
«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3389 | Қосты: Калмаганбетова Зылиха Мараткызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык