Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Толағай отбасылық сайыс


Толағай отбасылық сайыс
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

«Толағай»
отбасылық спорттық сайыс
2 сыныптар арасында

Жауаптылар: Жалғасбаева Лаззат
Бейімбетова Нұргүл
Тулегенова Айжан

Күні: 2 мамыр 2014 жыл
Сыныбы: 2а, 2б, 2в
Тақырыбы: Жанқожа батыр бабамыздың 240 жылдығына арналған
«Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты: Оқушы мен ата-анаға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа
деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға
тәрбиелеу;
Түрі: эстафеталық ойын;
Көрнекілігі: доптар, скакалкалар, жемістер, корзина, батудтар, пакет, шарлар,
обручтер;

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға,
Болмасада ұқсап бақ
Жарысқа түсіп қалайда.
- Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі Жанқожа батырдың 240 жылдығына арналған «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Жарысқа 2 а, 2 б, 2в сынып оқушыларымен ата-аналарымыз қатысады.
- Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз. Әр топ ортаға шығып өз тобын таныстырып өтеді. Ортаға ақ киімді сайыскерлерміз

Көк кіиімді
Сары түстетегі
Сайыскерлерімізді қарсы алыңыздар!

- Тәлім тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бала өміріндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың ролі орасан зор. «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің гимназиямыздың оқушылар қауымы сүйікті де белсенді ата-аналар арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
- Ал құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділ-қазы алқасы әділ баға беріңдер
Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ – қазылар алқасымен таныс болайық
1. Директордың бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі Көпбай Қалдыгүл апай
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Жұбанышева Сарқыт апай
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ниет Ерғали ағай
Спорттық сайысымыз 3 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы:
1. Кедергілер арасымен жүгіру;
2. Жеміс жинау
3. Кенгуру
4. Шар жинау
5. Нысана көздеу
6. Қаңбақ немесе тасымалдау
- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге тек сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз!
І кезең «Кедерглер арасынан өту»
Шарты: Әр отбасындағы әкелері допты тебу арқылы әрбір кедергілер арасынан өтіп, келесі кезекті аналарына береді. Олар скакалкамен жүгіріп, келесі ойыншы допты жерге ұру арқылы, соңғы ойыншы скакалкамен секіру арқылы кедергілерден өтіп шығуы керек. Тапсырманы орындағын топ өз тобының жалаушаларын көтереді.
ІІ кезең. «Жеміс жинау»
Шарты: Топтағы бірінші ойыншы әрбір кедергінің жанына корзинкаларды койып шығады, келесі ойыншы алмаларды сол корзинкаға салады, баласы жинайды, соңғы ойыншы корзинкаларды жинап шығады. Тапсырманы орындағын топ өз тобының жалаушаларын көтереді.
ІІІ кезең Кенгуру деп аталды.
Бұл сайыстың шарттары әр команда батуд шардың үстіне мініп секіру арқылы межелі жерге барады да, сол жерде математикалық тапсырмалар беріледі, есепті шығарған соң шармен секіріп орынан келеді, дәл солай топ ойыншылары жалғастырып шығарады. Болған топ жалаушыларын көтерді.
Әкесі –
Анасы-
Баласы-
Баласы -
ІҮ кезең Шар жинау
Әр топтағы ойыншылар қолдарын берілген пакеттеріне өз тобының түсіне сәйкес шарды сыйғанынша жинап әкеледі. Шарды көп жинаған әрі тез болған команда жалаушаларын көтереді.
Ү кезеің Нысаны көздеу деп аталады әрбір топтан кезекпенен көздерін жұмып допты қақпаға салу керек.
ҮІ кезең Тасымалдау деп аталады. Шарты әрбір ойыншы обручтан шығып кетпей тасымалданып мәреге жету керек.
Жүргізуші:-
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ-қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:-
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші
Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп- көп рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын
Спортты ал серікке ...
«Толағай» отбасылық сайыс.
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Әкем ,шешем және мен.
«Толағай» отбасылық сайыс
"толағай" отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайысы
«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс

Автор Тулегенова Айжан

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

Бөлім: Материалы / Сыныптан тыс жұмыс | Көрсетілім: 2849 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар