Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6732 |
|
|
|
Менің бейімділігім.
Сынып сағаты: Менің бейімділігім.
Сабақтын мақсаты: Оқушыларды бейімділік,мамандықтуралы ұғымдармен таныстыру, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Құралдар: сауалнама нәтижесі, парақшалар,
Өтілу орны: сынып бөлмесі.
Өтілу барысы:
1.Кіріспе бөлім:
І-ж: Құрметті 3 «Б» сыныбы оқушылары. « Менің бейімділігім» атты сынып сабағымызға хош келдіңіздер.
2 ж: Мектебімізде қаңтар айында - кәсіптік бағдар беру айлығы өтіп жатқандықтан, бүгінгі сабағымызда осы тақырып төңірегінде сөз қозғалмақ.
1- Ж: Бейімділік, қабілеттілік, икемділік сөздері – мағынасы бір- біріне жуық сөздер.Енді осы сөздерге ғылыми тұрғыда анықтама беріп өтелік:
Кезекті сөзді оқушыларға берелік:
1 оқушы: - Бейімділік – өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы.
2- оқушы:- Икемділік – адамның қандай да бір нәрсені орындай білу қабілеті.
Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол – адамның іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка, өнер т.б.-ға) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.
3-Оқушы: Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бүрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар, бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т. б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
2. Негізгі бөлім:
Қазір мына сөзжұмбақты шешіп жіберелік:
1. Мынау менің білгенім, Ол- сыныптың анасы,
Өзінің де өзгенің, Баласы- оның баласы. Қ.Мырзалиевтың өлеңінде кім туралы айтылады? (мұғалім)
2.Ғарышқа ұшатын адам- (ғарышкер)
3. Ауа райын болжайтын адам-метеоролог
4.Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5. Біздің киіміізді кімдер тігеді? (тігінші)
6,Адам жанының арашасышы,ақ халатты абзал жандар- (дәрігер)
7.адамдарға зәулім үйлер салып береді (құрылысшы)
8.Ұшақты басқаратын адам (ұшқыш)
Мына сөзжұмбақта сегіз сөз шештік, жасырынған 9-шы сөзді кім табады?
2- Жүргізуші: Ал мамандық дегеніміз не?
4-Оқушы: «Мамандық» орысша- Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
5-Оқушы: Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
1- Жүргізуші: Жаниель, Біздің сыныптатарымыздың не нәрсеге бейім екенін білесің бе?
2- 2- жүргізуші: -Ия, Әлішер, неге білмеймін.
-сурет салуға икемді оқушылар:Дайан, Серік, Шынар, Темірлан,
-ән айтуға икемді оқушылар: Жаниель, Альдина, Әлима, Жания
-би билеуге қабілетті оқушылар: Аяна, Айым, Меруерт, Жанна, Әлішер
-математикаға қабілетті оқушылар:Әйгерім, Дидар, Сұлтан,
-Спортқа бейім оқушылар: -Мержан, Диас, Сабина, Аружан, Нұрасыл,Ернат сынды оқушыларымыз отыр.
Әлемде мамандық түрлері өте көп. «Мен жақсы көретін мамандық» сауалнамасы бойынша достарымызды мынадай топтарға бөлуге болады:
-Болашақ ұстаздар:
-Болашақ дәрігерлер:
-Болашақ техниканы дамытушлар:
-Болашақ табиғатты қорғаушылар:
-Болашақ есепшілер:
-Болашақ аспазшы, шаштараз, тігіншілер-
1 ж: Қарап отырсақ, біздің достарымыз, өз болашақ мамандықтарын бейімділігінен гөрі, қызығушылығына қарай таңдап отырған сияқты.
2 Ж: Дегенмен, сұрап көрелік:
-Балалар, таңдап отырған мамандықтарыңа өз өнерлеріңнің қажеті бар деп ойлайсыңдар ма?
Оқушылар жауап береді
М. Ұстаз болатын адам қандайболуы керек? т.с.с.
Енді осы топтардан өз мамандықтары жайлы не білетіндіктері туралы сұрасақ:
«Сиқырлы қарындаш пен қалам».
1) 2 минутта Әр топ өз мамандығына байланысты заттардың суретін салса.
2) Осы мамандық иелерінде қандай қасиеттер болуы қажет деп санайсыңдар?
М. Ұстаз-
1 Ж: Біз сіздерді бір маман иесінің ойтолғауымен таныстырып өтелік.
МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ
Өмірді мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын
Сұрақ: -
-Бұл қай мамандық иесі?
-Қай пәннен сабақ береді?
-Мамандықты қалай таңдау керек делінген? Достар, сендер осы маман иесінің айтқанымен келісесіңдер ме?
Жүргізушілер: Мамандықты таңдау туралы кеңестер беріп өтсек:
1. Мамандық! Бұны таңдаудың үш әдісі бар екен.
Бірінші әдіс:
Сынақ және қателік, адамға нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр салада жұмыс істеуіне болады. Бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар еңбектің де дәмін татады. Бұған өмірінің жартысы кетуі мүмкін
2.
Екінші әдіс:
Қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығымен , қабілетін, ойын есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзі туралы білген соң, мамандық әлемімен танысуға, сол мамандық жөнінде білуіне болады.
Үшінші әдіс:
Ол өзінің ата-ананың , атаңның және бабаларының мамандығын таңдау. Осы 3 әдістің біреуін мамандық таңдаушы өзіне керек нәрсе ретінде қабылдауына болады.
3. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат денелерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен құрастыру, сызуды ұнатсаң, техникамен жұмыс істеу қызықты болмақ.
4. Мамандық таңдауда сенің бейімділік, икемділіктеріңнің, мінез- құлықтың да алар орны ерекше.
5. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан.
6. Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар туралы көп, жетік білуің қажет. Ол үшін осы жасыңнан бастап, болашақта кім болатының туралы ойлан.
Ойын: «Бұл қандай мамандық?» Слайдта сурет беріліп, мамандық иесінің аты орыс тілінде берілген, оқушылар қазақшасын айтады.
Ойын: «Сызықпен қос» Топтар өз беттерімен мамандық атауларын іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен қосады. Бірінші болып орындаған топ өз нұсқаларын оқиды.
Осымен сынып сағатымыз аяқталды. Сөз кезегін сынып жетекішімізге берелік.
Сынып жетекші:
-Бүгін ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күні. Ақынның қандай өлеңін білесіңдер? «Үш бақытым». 1 оқушыға оқыту.ендеше, осы ағамыздың айтқанындай еліміз, халқымыз аман болсын, тіліміздің мәртебесі биік болсын.
Бүгінгі біздің сынып сағатымыз «Менің бейімділігім» деп аталады. Бізде қазір кәсіптік бағдар айлығы өтіп жатқандықтан, біз осы тақырыпта сөз қозғауды жөн көрдік. Бейімділік-
өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы екенін өз құрбыларың айтып өтті. Адамдар адам болған соң, жақсы істерге де , жағымсыз істерге де бейім болады. Кейбіреулері сурет салу, ән айту, мүсіндеу, коллекция жинау, әшекей бұйымдар жасау т.с.с. жақсы пайдалы істермен шұғылданса, ал кейбіреулер өтірік айту, ұрлық жасау, төбелеске құмар, жалған жала жапқыш сияқты қасиеттерге бейімделгіш болып алады. Ондай балалар болашақта көп қиындықтар көреді. Сондықтан, егер өзіңді жақсы көрсең, осы бастан бастап жақсы істерге бейімдел, ұмыл, ізден , оқы, еңбектен, Өзіңді таны.
Жақсылық көрсең- біреуден, мен қандаймын деп ойла,
Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла.
Өзіңдң өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы,-дей келе, болашақ кілті- қандай ұрпақтың қолында?
-Білімді.
Ендеше, оқу оқы, өзіңді өзің жақсы істерге тәрбиеле, денсаулығыңды сақта.
Ән: «Бала тілегі» әнімен сабағымызды аяқталық.
«Мен және менің болашағым»
Сенің өмірлік жоспарың және бұл үшін не істеуің керек
№ Сұрақтар Оқу жылының басы Оқу жылының соңы
1 Саған қандай мамандықтар ұнайды?
Ойын: Сызықпен қос.
Мамандық атаулары :
Дәрігер кітап ,мақала ,әңгіме жазады
Мұғалім сиыр сауады
Инженер құрылыста жұмыс істейді
Құрлысшы жобалайды
Жүргізуші нан пісіреді
Аспазшы азық - түлік, тауар сатады
Наубайшы көлік жүргізеді
Аңшы аудармашылық қызмет атқарады
Суретші сурет салады
Жазушы емдейді
Тілші аң аулайды
Етікші егін отырғызады
Сауыншы оқытады , білім береді
Егінші етік тігеді
Сатушы тамақ әзірлейді
Тігінші киім- кешек тігед
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |