Мен таңдаған мамандық
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары – мектебіміздің түлектері
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші:
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін. – деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз. (Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады)
1 – жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығымен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балаық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.
2 – жүргізуші:
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Мен таңдаған мамандық» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілімен жыр арнады, - деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Есепбаев Досбол ағайға береміз.
Ән: « » орындайтын:
2 – жүргізуші:
Міне балалар алдымызда қазіргі таңда білім беріп жатқан Алтын ұя мектебіміздің суреті, ортада дұрыс таңдау мен талдауды, өз қабілетімізбен ынтамызды айқындайтын жол, келесі жолда әр – түрлі мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындары. Бүгінгі кешімізде осы мектептен қандай бағдарды, қай мамандықты таңдап, қай оқу орнына баратынымызды талқылаймыз.
1 – жүргізуші:
Мамандық сөзіне анықтама
Мамандық дегеніміз не? Профессия - латын сөзінен шыққан, анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілетімен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне қалауына сүйену керек. Сондай – ақ өз мамандығының 10 – 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бір қалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрлысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Мамандық алғың келеме,
Мамандық өзі немене?
Тыңдайық, қане ойлайық,
Білімге терең бойлайық,
Оқыған маман шын маман
Мамандық алмай қалмайық
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тиеме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
2 – жүргізуші:
«Ми шабуылы» - ой қорзғау.
Бірінші оқушылардың мамандық туралы өз ойларын білейік.
1.Мамандық дегенді қалай түсінесің.
2.Ақша болса мамандық қажет емес, дегенге келісесің бе? Себебі?
3.Неліктен мамандық иесі болу керек.
4. Мамандық бір – ақ рет бір жола таңдалады . (өз пікірің)
1 – жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйенемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін.
1 – жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады.
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға алас – армас қыр асады, - деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек.Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.(Оқушыларға тілектерін айтады)
Ендігі кезекті оқушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына береміз. (Оқушылар сұрақтарын қояды)
1. Студенттік өмірмен оқушылық өмірдің айырмашылығы қандай?
2. Студенттік өмірде қандай қиыншылық кездеседі? Келесі де біз қайталамайтындай?
3. Бастарыңыздан өткен қызықты оқиғалар
4. Осы оқып жатқан оқуыңызды өз қалауыңызбен таңдадыңызба, әлде ата – анаңның ықпалы болдыма?
2 – жүргізуші:
Қабіл етіп қонақтардың тілегін,
Тілегіңді тұмар етіп жүремін.
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім.
1 – жүргізуші:
Үздіксіз жалғап келеміз,
Жолдарын аға буынның
Өздерің сірә, болмасаң
Кім болар едім мен бүгін.
Келесі сөз кезегін пәнінің мұғалімі береміз.
Ән: Орындайтын:
1 – жүргізуші:
Бастайық қызық думан ойын шартын,
Кім тапқыр сол адамды мойындағын
Ойменен, ақылменен, санаменен,
Білген жөн бәрімізге заман нарқын, - дей келе кешіміздің келесі бөлімі студенттер мен оқушылардың қызықты ойындарына берейік.
«Болашақтан хат » жаттығуы.
Балалар! Сендер есейіп, мектепті аяқтап, жан – жаққа қанат қағып, ұшатын кездерің де болды. Іштеріңде көптеген балалар болашақта кім, қандай маман иесі болатынын әлден біледі. Және кейбіреулердің әлі де кім болатындарын білмейді.
Мен барлығыңның армандарыңның орындалуларын қалаймын, ал енді мына нәрсені ойласайық. Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік.Иә, әрине ол ұстаз. Кейде біреулер мектепті бітіреді де мұғалімін ұмытып кетіпте жатады. Мен сендерді өз мұғалімдеріңді ұмытпайды, хат жазып тұрады деп ойлаймын.
Ал бүгін алғашқы хатты жазып, жаттығып көрейік. Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым, ересекпін, қызметім бар, жеке өмірім бар деп елестетіңдер.
Ән: Орындайтын:
2 – жүргізуші:
«Мамандықты тап» ойынына берейік. Студенттер оқушыларға әр - түрлі мамандықты ыммен және іс қимылмен жасырады. Оқушылар қандай мамандық екенін табады.
1 – жүргізуші:
Енді студенттер мен оқушыларды араластырып екі топқа бөлейік. (Топқа бөліп аламыз) Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек.
Мұғалім мен оқушы, Директор мен мұғалім, Әкім мен бас маман, әкесі мен баласы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатып алушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады)
2 – жүргізуші
Екі топқа екі тапсырма беріледі.
1. Егерде мен Әкім болсам не істер едім
2. Егерде мен директор болсам не істер едім. (сурет арқылы постер қорғау)
Ән: Орындайтын:
Студенттердің дайындап келген «студенттердің қызықты кездері» атты көріністері
Ойындар:
«Сенімділік» жаттығуы.
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, 1 – ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2 – ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздеріне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
Рефлексия: Бүгінгі кештен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «Тілек» ағашына апарып жапсырады.
1 - Жүргізуші:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас – қағымда
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына
Бүгінгі салтанатты жиынымызды қортындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің оқу тәрбиесі ісінің меңгерушісі: Г.Абибуллаеваға береміз
2 -Жүргізуші:
Болашақпен қоштасып, даналыққа беттедің
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр.
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін.
1 -Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін. – деп Мағжан ақын жырлағандай, еліміздің ертеңгі болашағын жалғаушы сендер жас ұрпақ, жеткіншектер.
Бекітемін:
Мектеп директорының бейіндік оқу жөніндегі орынбасары: Д.Есепбаев
Күні: 17.01.14 жыл
Сыныбы: 11
Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлеміне ақпараттар беру.
Түрі: Кеш
Көрнекілігі: Мектеп суреті, нақыл сөздер, «Тілек ағашы», мамандық аты жазылған карточкалар, түрлі – түсті парақтар т.б
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студенттерді ортаға шақыру.
ІІ негізгі бөлім
1. «Ми шабуылы» - ой қозғау
2. Сұрақ – жауаптар
3. «Мамандықты жасыр» жаттығуы
4. «Студенттік өмірдің қызықтары»
5. «Сенімділік» жаттығуы
6. «Менің қолымнан бәрі де келеді» (оқушылар мен студенттердің актерлік шеберлігі)
7. «Егерде мен...............болсам не істер едім?»
ІІІ Қорытынды бөлім
«Тілек ағашы»
Ұйымдастырушы: Н.Ділжанова
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Сценарилер жинағы |
Көрсетілім: 17421 |
|

Автор Ділжанова Назира Жақсылыққызы
№67 орта мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |