Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өмір нәрі- ата кәсіп


Өмір нәрі- ата кәсіп

Тақырыбы: Өмір нәрі- ата кәсіп

Мақсаты:  Оқушыларға ата кәсіп туралы мағлумат беру
                    Оқушының сөздік қорын, қиялын, ойлау қабілетін   
                      дамыту                                                
                    Оқушыларға өз салт-дәстүрін біліп оны 
                     құрметтеуге тәрбиелеу 
Көрнекіліктер: плакаттар, бүктемелер

                    Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: 
-Сәлемдесу
-Тақырыпты айту
- Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Өмір нәрі-ата кәсіп» деп аталады. 
-Балалар, сендер «Ата кәсіп» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал ендеше мен сендерді толықтырып кетейін. Балалар әр халықтың өзінің ата кәсібі болады. Адам баласы дүниге келгенен бастап өзі өскен ортасындағы өз ұлтының қалыптасуын салт-дәстүр әдет-ғұрпын көріп біліп өседі. Күнднлікті өмірде пайдаланады. Біздің ата-бабамыздың айналысқан кәсібі алуан түрлі болған. Оның ішінде мал шаруашылығы, қол-өнер кәсібі аңшылық, киіз үй басу, қамшы, арқан өру сақина сияқты т.б көптеген кәсіппен айналысқан. 
Кіріспе: 
Қазақ үй- үйдің ең көп тараған түрі алты-қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз- алты керегелі үй деген сөз. Яғни киіз үлкен кішілі қанат сонымен анықталады. Қанат санына қарай кереге бастарының саны кереге басына қарай уық саны әр түрлі болып келеді. Екеуінің бір өрмелілігі кереге көздерінің үлкен- кішілігіне қарай шер көз кереге мен жел көз кереге киіз үйді түрлі таза күміс, күмістелген темір және өрнектелген сүйек әшекейлермен мол безендірілген. Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп киіз үйдің төбесін шығарып тұратын ұзын- уық деп аталады. 
   Шаңырақ-киіз үйдің төбесіне шығарылып тұратын шеңбер. Шаңырақ қайыңнан немесе  қара талдан жасалады. 

Негізгі бөлім:
 а)Бұйымдар 
Ежелден көшпелі қазақ мал шаруашылығымен айналысып ең негізгі көлігі-түйе, ат, болған. Соған орай ер-тоқым, қамшы жасалған. Оған қазақ ері шошақ бас ер үйрек бар ер, қолбас ер т.б
 Үзеңгі- сол темірден соғылады, күмістен безендіріледі.
  Құйысқан- ер-тоқым аттың мойнына түсіп кетпеу үшін қойылған немесе қалың былғарыдан жасалады.
  Өмілдірік- екі ұшы ердің алдыңғы қасының екі жағына бекітіліп, ортасы аттың омырауында тұрады.Өмілдірік ердің сырғып кетпеуіне себеп болады. 
  Жүген- ол қайыс былғарыдан жасалады жүген жасауға жақсы көңіл бөлген. 
  Торсық- сабадан қалған тері кесіннің тігілген үлкен кішілі сусын құятын ыдыс. Торсық жолторсық деп атайтын түрі бар. Оған екі- үш литр сияды. 
б) Мал шаруашылығы
 Қозы бағу-мейлі байдың, мейлі кедейдің баласы бол қазақ баласының бәрінің басынан өтетін шару. Заманның талабы қазіргі сауат ашу сияқты міндетті кәсіп болған. 
  Қозы екі рет сауатын ауылдарда қозы бағатын балалар қозы сәскеден аса айдап келеді. 
  Жылқы- малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқы орны ерекше. Шексіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды. Қазіргі автомобиль, мотоцикл, теміржол, сумен жүзетін кеме қызметін жылқы атқарады. Қазақ жылқынгы өте жоғары бағалаған. Жылқы қымызы- өте құнды шипалы табиғи сусын. 
  Түйе- екі тұқымды нар және айыр түйе. 
 Нар түйенің шыққан және көп тараған жері батыс Азия мен солтүстік Африка. Сондықтан нар суыққа өте төзімді емес.
  Айыр түйенің шыққан және көп тараған жері орта және орталық Азия Солтүстік және Батыс Қытай, Монғолия таза қанды нар түйе көбінде Түркменстанда кездеседі. Таза айырдың еркегін бура, ұрғашысын елген дейді. Түйе екі жылда бір боталайды. Нар ботасын он үш ай, айыр түйе- он төрт ай көтереді.   
 Сиыр- ерекше күтім таңдайды. Сондықтан әр жердің сиырлары өзгеше, болып келеді. Жақын жерге көшіп барып жайылатын болсаң немесе мүлде көшпейтін болсаң, түйенің де қажеті азаяды. Сиыр жазда өз жайылымын табады. 
                                   Қой
                     Қорасында маңыраған
                     Қозысымен жамыраған
                     Қозысынан айырылса 
                     Қоймай ұзақ аңыраған
                            Жылқы
                     Қоғалы көлді жайлаған
                   Қоғаның басын шайнаған
                   Құрулап оны жылқышы
                   Қыл арқанмен байлаған
                            Түйе
                   Маң-маң басқан маң басқан
                   Шудаларын шаң басқан 
                   Екі өркешін қом басқан
                   Төрт аяғын тең басқан 
                             Сиыр
                   Сәйген тисе, мөңкіген
                   Оқыра тисе, жөңкіген
                   Ала бас жіп істірген
                   Мұрнын тұра тестірген
Қорытынды бөлім:
-Балалар біз сендермен ойын ойнаймыз.
-Сендер ол үшін тыныш отырыңдар
-Шартты түсіндірейін:
-Балалар сендермен ХХІ ғасыр көшбасшысы деген ойын ойнаймыз. 
Кезеңдері:
І. Сұрақ-жауап 
ІІ. Жұмбақты шеш
ІІІ. Мақалдың жалғасын тап

 

 

І) Сұрақ- жауап 
1. Жылқының пірі не деп аталады? Қамбар ата
2. Қазақ үйдің түрлерін ата? Алты, он екі, жиырма төрт
3. Жылқыға керекті бұйым? Үзеңгі, жүген, өмілдірік
4. Шөлге шыдамды төрт түлік малы? Түйе
5. Сиырдың төлі? Бұзау
 ІІ) Жұмбақты шеш:
1. Көңілсіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді
                            (Ер-тоқым)
2. Жылға дер ем-ақпайды
Жылан дер ем- шақпайды
                            (Арқан)
3. Кішкене ғана тостаған
Мені көтеріп тастаған
                            (Үзеңгі)
4. Аттан- биік,
Қойдан аласа
                            (Ер-тоқым)
5. Белі бүкір, алысқа түкір
                                 (Мылтық)
ІІІ) Мақал-мәтел
1. Сырын білмеген аттың
Сыртынан .... (жүрме)
2. Кәсіп,- кәсіп түбі-..... (нәсіп)
3. Жылқыда өт жоқ,
Құста ... жоқ        (сүт)
4. Сиыр су ішсе 
Бұзау... жалайды   (мұз)
5. Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның.... (тіленбей)
-Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?
-Ия дұрыс 
-Сонымен, кезінде біздің ата-бабаларымыз қандай кәсіппен айналысыпты?
-Дұрыс!
-Дұрыс, жарайсыңдар! Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды!
-Сау болыңдар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жылқы
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Төрт түлік
Киіз үй
Түлік төлден өседі
Төрт түліктің төресі
Төрт түлік Үй жануарлары
Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Киелі киіз үй.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11082 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык