Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мусоргский шығармаларындағы халық әндері


Мусоргский шығармаларындағы халық әндері

Мусоргский шығармаларындағы халық әндері

Пәннің аты: Әлем музыка әдебиеті.
Сыныбы: 2.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға М.П.Мусоргский өнер –  шығармашылығымен таныстыру арқылы вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділігі: Оқушыларды М. П.Мусоргский өнер –  шығармашылығымен таныстыру.                   Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу, танымын кеңейту, ой - өрісін дамыту.
Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлай білуге, өз ойын жүйелі баяндап, айта білуге, өз – өзінен білім алуға дағдыландыруға, ұжымда, топта жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Топтық.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелесу.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: Күйсандық, композитордың суреті, плакат, музыкалық орталық.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару, қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Н.А.Римский – Корсаков шығармаларындағы халық әндері туралы  карточкалық сұрақтар арқылы сұрау.
1.Николай  Алексеевич Римский – Корсаков кім?(композитор, дирижер, педагог)
2.Н.А. Римский – Корсаков қай жылы,қай қалада дүниеге келді? (18.03.1844ж. Тихвин)
3.Н.А.Римский – Корсаков неше жасынан фортепианоны үйрене бастады? (6 жасынан)
4.Н.А.Римский – Корсаков қай жылдары ұзақ сапарға концерт қоюға аттанды? (1862-1865ж.ж.)
5.Тарихи тақырыпқа арналған операсы қандай? («Көктем ертегісі»)
6.Фантастикалық сюжетке жазылған опералары қандай? («Снегурочка», «Май түні»)
7.Сахна өнеріне жазылған опералары қандай?( «Садко», «Өлмейтін кащей», «Патша қалындығы», «Көрінбейтін Китеж қаласы», «Феброня қыз туралы ертегі», «Алтын әтеш», «Сервилия», «Млада»)
8.Ладта жазылған орыс халқының неше ән жинағы, қай жылы сүйемелдеусіз шықты? (15 әні, 1972ж.)
ІІІ.Жаңа сабақ:
а) Теориялық
Модест Петрович Мусоргский - 1839 жылдың 21 наурызында Псков жеріндегі Торопецкий уезі, Карев ауылында дүниеге келген. Орыстың ұлы композиторы. Ауқатты отбасында дүниеге келген. Модест пен оның ағасы Филарет 10 жасқа дейін білімді үйден алады. Музыкаға қабілетінің жақсы екенін сезген анасы кішкентай Модестке пианино аспабында ойнауды үйретеді. 1849 жылы Модесттің отбасы Петербургке көшіп келіп, әскери оқуға түсіп, 1856 жылы аяқтайды. Одан кейін әскери қызметте болады. Әскери қызметте жүргенде әскерилерге арналған оркестр құрамына алынады. Сол жерде Антон Герке деген атақты пианисттен аспапта шебер орындауды үйренеді және өзінің қабілетінің арқасында керемет музыкант болады. Осыдан бастап Модесттің музыкаға деген құштарлығы арта түседі. Оның бірнеше әндерге жазған музыкалары, симфониялық картиналары бар. «Борис Годунов» операсымен қатар 1872 жылы «Хованщина» операсын жазған. Опера бірнеше бөлімнен тұрады. Операның кіріспесі «Москва өзеніндегі таң» деп аталады. М.П.Мусоргскийдің «Хованщина» операсындағы кіріспеде көне Мәскеудің және шіркеу архитектурасы көрініс табады. 1874 жылы Украин халық әндерін пайдалана отырып Гогольдің повесі бойынша “Сорочинская ярмарка” атты комедиялық операсын жазды.
М.П.Мусоргскийдің шығармашылығында Орыстың халық әндері үлкен роль атқарды. Композитор оларды өз операларында кеңінен қолданды және жеке хор түрінде орындайтын етіп өңдеді. Орыстың төрт халық әндері – «Ты взойди, взойди, солнце красное», «У ворот, ворот батюшкиных», «Скажи, девица милая» және «Ах ты воля моя, воля» - сүйемелдеусіз төртдауысты  ерлер хорын өңдеді және балаларға арналған “Детская”  атты ән жинағын шығарды.
М.П.Мусоргский 1881 жылы 28 наурызда 42 жасында Санк-Петербургте қайтыс болды.    
б) Практикалық
Дауыс жаттығуы:
«До мажор» гаммасы,
«Хованщина»  және «Борис Годунов» операларын тыңдату, «У ворот, ворот батюшкиных» әнін тыңдатып, үйрету.
1.Әннің екпініне, мазмұнына көңіл бөлу.
2.Музыкалық сауаттылық.
3.Әнді қосылып айту, үйрену.
ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау:
Сабақты тиянақтау үшін  жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, сабақты 
қорытындылау. 
1.Модест Петрович Мусоргский кім, қай жылы дүниеге келді?
(композитор, 21.03.1839ж.)
2.М.П. Мусоргскийдің отбасы Петербургке қай жылы көшіп келді?(1849ж)
3.Операларын ата?( «Борис Годунов», « Хованщина», «Сорочинская ярмарка»)
4.Орыстың халық әндерін өңдеген әндерін ата?( «Ты взойди, взойди, солнце красное», 
«У ворот, ворот батюшкиных», «Скажи, девица милая», «Ах ты воля моя, воля»)
5.Балаларға арналған жинағын ата?(«Детская»)  
6. М.П. Мусоргский  қашан қайтыс болды?(28.03.1881ж.)
V.Бағалау 
Оқушыларды білім деңгейіне, жаңа сабақты  меңгеруіне  байланысты   бағалаймын.
VI. Үйге тапсырма 
“Мусоргский шығармаларындағы халық әндері” туралы мазмұндап,  «У ворот, ворот батюшкиных »  - әнін нота арқылы аспаппен ойнап келу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
XVIII ғасырдағы музыка өнері.
Халық әні және опера
Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы.
Хор капелласы
Кавказ халқының музыкасы.
Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Ашық сабақ «Ахмет Жұбановатың шығармашылығы»
Римский-Корсаков. Ақшақар операсы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3661 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык