Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Хор капелласы


Хор капелласы

Хор капелласы

Сабақтың тақырыбы: Хор капелласы

Мақсаты:

            1. Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру, «Наурыз тойы» әнімен танысу.

2. Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол, өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

3.Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерінмузыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту.

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдіс-тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.

Көрнекілігі: Презентация, бейнебаян, күйтабақ, саз аспаптары, плакат, маркер, стикер,

Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап, музыкалық-теориялық білімі қалыптасады.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Ой  ашар
  3. Ой толғаныс
  4. Ән айту.
  5. Ой қозғау.
  6. Үйге тапсырма беру
  7. Рефлексия

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу. 2. Сыныпты 1,2,3,санау бойынша3- топқа бөлу. 3)Психологиялық дайындық (Қуаныш шеңбері)(4 минут)

II. Ой  ашар

1.Үй тапсырмасын (интерактивті тақта) топпен жарыстыру арқылы сұрау.

5-минут)

2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту )

Презентация бойынша  «Хор капелласы» - тақырыбы аясында  түсінік беру.

 

Хор - вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін болады. Мысалы, Қазақтың мемлекеттік хор капелласы, М.Е. Пятницкий атындағы орыстың халық хоры, т.б. 2) Хорға арналған музыкалық шығарма. 3) Ішекті музалық аспаптардың, қос, үш, т.б. бір дыбысты ішектер тобы.

Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы. 1939 жылы ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырушысы және тұңғыш жетекшісі. Қазақ ССР-нің халық артисі Б. В. Лебедев (1939-1941жж.). 1954 жылы ұжым қайтадан құрылған, 1958 жылға дейін оған қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі. Г. Е. Виноградова, мұнан соң ұзақ жылдар бойына ССРО-ның халық артисі А. В. Молодов басшылық жасады. Қазіргі кезде оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Б. Демеуов болып табылады. Ұжым репертуарында қазақтың халық әндері, күйлер, қазақ композиторларының шығармалары, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бар. Хор капелласы үшін композиторлар Б. Байқадамов, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Б. Жұманиязов, Қ. Қожамияров, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Л. Хамиди және тағы басқа шығармалар жазды.

 

IІІ Ой толғаныс ( музыка тыңдау )

  • Еділ мен Жайық», орындаған Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы

 

 

ІV.Ой қозғау.

Сен дирижер болсаңдар қандай хорды ұйымдастырушы едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
 

V.Ән айту. Дауысқа арналған жаттығулар орындау(А-dur);                     

                    «Наурыз тойы» әнін үйрену (5-минут)

                                                                                            1-топ - І шумақ,

                                                                                            2-топ – ІІ шумақ,

                                                                                            3-топ – ІІІ шумақ.

 

VI.Үй  тапсырмасын беру: Оқулықтың 28 бетін оқып, мазмұндау.

 

VII. Рефлексия  толтыру. -Нені үйрендік?
                                               -Неге үйрендік?
                                                -Қалай үйрендік?
(3-минут)   

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оркестр құрамындағы аспаптар.
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
«Ән-күйсіз көңіл-күңгірт, өмір- бұлдыр»
«Құдіретті музыка»
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Ашық сабақ «Ахмет Жұбановатың шығармашылығы»
Қазақ сазгерлері
«Ахмет Жұбановтың шығармашылығы» ашық сабақ
Қазақ сазгерлері ашық сабақ
Римский-Корсаков. Ақшақар операсы
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 4564 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык