Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай Құнанбаев шығармашылығы.


Абай Құнанбаев шығармашылығы.

Абай Құнанбаев шығармашылығы.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Абай әндерінің мағынасына терең үңіліп, түсінуге және халық музыкасына құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;
  2. Абай шығармашылығының мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту;
  3. Абай шығармалары арқылы күрделі классикалық шығармаларға қызығушылығын қалыптастыру, оған шығармашылықпен қарауға бейімдеу;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, баян,музыкалық орталық;

Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, жинақтау;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй жұмысы
  3. Жаңа сабақ түсіндіру
  4. Музыка тыңдау
  5. Ән үйрену
  6. Қорытынды
  7. Бағалау
  8. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Жаңа сабақ

Оқушыларға Абай есімін топтастыру стратегиясы арқылы оқушыларға түсіндіру

                                 

жазушы

ағартушы

күрескер

 

ақын

композитор

                                                

 

аудармашы

 

 

 

 

 

Абайды ақын, композитор ретінде шығармаларын топтастырып, оқушыларға түсіндіремін және Абай күйлерімен таныстырамыз.

Интерактивті тақтаға назар аударамыз.

композитор

ақын

аудармашы

Әндері:

«Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»т.б.

Күйлері:

«Торы жорға», «Май түні»;

Өлеңдері: «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Интернатта оқып жүр», «Ғылы таппай мақтанба», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б.

Аудармалары:«Амал жоқ қайттым білдірмей», «Шегіртке мен құмырсқа», «Татьянаның хаты» т.б.

 

Келесі Абайдың әндерін мазмұнына қарай топтастырамыз.Оқушылар тақтаға кезек шығып интерактивті тақта арқылы Абайдың әндерін мазмұнына қарай топтастырып жазады.Бұл жерде «Ой шақыру » стратегиясын пайдаланамыз.

Табиғатқа арналған әндері

Адамгершілік тақырыбына арналған әндері

Махаббат тақырыбына арналған әндері

 

 

 

 

4.Музыка тыңдау.(мұғалімнің таңдауына қарай) Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні.Абай композитор ретінде қазақ музыкасының алтын қорына теңдесі жоқ үлес қосты.Оның атақты әндерінің өлеңдері әлем халықтары тілдеріне аударылып, кеңінен таратылып кетті.Әр түрлі халықтардың, әсіресе, орыс және қазақ халықтарының музыкалық мәдениетін жақындастыру жолында Абайдың сіңірген еңбегі зор.Абай әндері басқа халық әнші-композиторларының әндеріне ұқсамайтын өзгеше әндер.ОЛ өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл- күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізді.Әуен мен ырғақтың поэтикалық бейнеге сәйкестігі, өзара тұтастық Абай әндеріне тән сипат болып табылады.Ол қазақтың дәстүрлы әндерін, орыс, украин әндерінің ең озық үлгілерімен орыс романстарымен табиғи үндестіре білді.Қазақтың ән жанрында орыс романстарынан  кем түспейтін ән нұсқалары аз емес. "Желсіз түнде жарық ай"  естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығы мен айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән.Көбінесе, лирикалық әндер қатарына жатқызады. Бұл жерде лирикаға тоқталар болсақ, лирика- ақынның нәзік сезімін, көңіл- күйін суреттейтін поэзия түрі. (әдемі әуен жүріп тұрады) «Желсіз түнде жарық ай» әнін осындай табиғат лирикасына арналған әндерге жатады.Әдемі айлы түнді еске түсіреді.Бұл әнде табиғат әсемдігін,көңіл күйдің толқуын байқаймыз.Табиғат сұлулығы шумақтарынан байқалып- ақ тұр.Әуені мен өлеңі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тынық түнді елестетеді.Әннің әуені жеңіл,лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы,біртегіс,құлаққа жағымды болып келеді.Ендеше, осы әнді тыңдап көрелік.

 

5.Ән үйрену.Басқа да халық арасынан шыққан композиторлар секілді  Абай да нота сауатын меңгермеген.Домбыра оның өмірлік  серігі болған.Абай әндері ел арасына кең тарап, барлық жерде асқақтай шырқалатын болған.Сөйтіп,ауыздан ауызға,әкеден балаға мұра болып келе жатқан Абай әндері бүгінде бізге жетіп отыр.Абайдың шағармашылығына үлкен әсер еткен салалардың бірі орыстың демократиялық мәдениеті мен әдебиеті болды.Ол Пушкин,Лермонтов,Крылов сияқты атақты орыс ақындарын қазақ тіліне аударған.Орыс ақындарының шығармалары Абай аудармаларында ерекше көркем бейне мен ұлттық нақышқа ие болды.Абай қазақ поэзиясының аударма өнерінің, дәл аударма, назира әдісімен жарысудың классикалық шебер үлгісін жасаған ақын.Лермонтов орыс тіліне аударған «Горные вершины» атты немістің ұлы ақыны Гетенің өлеңіне орыс композиторы Рубинштейн ән жазады.Бұл өлеңнің сөзі мен әуені Абай жүрегін баурағаны соншалық, ақын өзінің «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін шығарады.Бұл ән оның аудармасы іспеттес.Ендеше, алдымен  сол әнді тыңдап алып үйренеміз.Әннің инт.тақтадағы сөзімен балалар айтып үйренеді.

  1. Ән сөзін анық айтылуына мән береміз.
  2. Дыбыстарды жоғары алынуына  және дұрыс айтылуына көңіл бөлеміз.

 

6.Қорытынды:

  1. Абай шығармаларын мазмұнына қарай топтастыр.
  2. Абайдың әндері қандай әндерге жатады?
  3. Лирика дегеніміз не?

7.Бағалау.

8.Үйге тапсырма: «Желсіз түнде жарық ай» әнінің мазмұнына қарай сурет салу, Абай шығармашылығ жөнінде реферат орындау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай жане оның әндері.
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Абай және батыс әдебиеті
Абай және батыс әдебиеті
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4441 | Қосты: Ескайрова Назгул Есжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык