Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі


Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі

Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі

Ашық сабақ:«Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі»

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі.
Сабақтың мақсаты: Нұрғиса шығармаларын аспаптарда орындай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Нұрғиса шығармашылығымен таныстыра отырып,музыкалық-теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Нұрғиса Тілендиев шығармашылығын түсіндіре отырып,музыка өнерін құрметтеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармаларды тыңдата отырып,есту қабілетімен,аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру..
Сабақтың түрі: Шеберлік сабақ
Оқыту әдісі: проблемалық оқыту,теория мен практиканың ұштастығы, тест.

Көрнекіліктер: бейнетаспа, аспаптар, слайд-шоу, үнтаспа, кітаптар, плакат.

Жаңа сабақ:

 

   Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ажелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХғ) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы.

Ол фольклорлық – зтнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.
Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастай бойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты..А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.
   Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.
«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.
Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді. Сүйген жары Дариғаға арнап «Көңілді бикеш» шығармасын жазды.
 «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.
Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Олардың ішінде «Өз елім», «Алатау», «Саржайлау» «Құстар қайтып барады» әндері бар. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.
«Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрік, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады. Оның оркестрлік музыкасының образдық әлемі ғасырлар қойнауынан жеткен жаңғырық іспетті. «Бостандық таңы» , «Мұрагер», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Алтын дән» күй поэмалардың халқын сүйсіндіріп, оның өткенін де болашағын да музыка тілінде жырлаған деп танимыз.
Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал, 1998 жылы «Халық Қаһарманы» деген еліміздің ең басты атағына ие болды.
«Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалды
Нұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен». Сценарий бойынша, Төлеген мен Жібек некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Алайда, аққулар бір-біріне жақындамайды. Су астындағы сүңгуір мамандар аққуларды қосуға тырысып бақса да, екеуі екі жаққа жүзіп кетеді. Осы кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын ала таспаға жазылып алынған «Аққу» күйін қосады.Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеледі.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайдыАққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді Қазақтар аққуды киелі құс деген. Кішкентай сәбиін «көгіодірім» деп еркелеткен. Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып  алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады. Аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігіі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос  аққуға осы себептен теңеген.

«Аққу» кұйі 2 бөлімді. Төкпе және шертпе күйлің де қағыстарымен орындалады. Сұқ саусақпен іліп қағу арқылы орындалса, келесі оң қолмен сермеп қағу арқылы жүзеге асады.І бөлімде асықпай, ІІ бөлім тез темпте жүреді. Домбыра тиегінің оғ жағынан шерту арқылы да дыбыс шығарады.Сол қол саусақтарымен іліп қағу кездеседі. Өлшемі 3/8; 2/4 Сабақты бекіту:

Тапсырманы дүрыс орындағанда қандай сөз шығады. Тест-руно.

1.Мына күйлердің ішінен Нұрғиса күйлерін ата.

а) Ақжелең. Кіші Қаратөс. Балжан қыз.

н) Әлқисса. Ата толғауы.Аққу.

с) Адай. Сарыарқа. Серпер.

2. Нұрғиса әндерін тап.

б) Сағындым Алматымды.Әгугай домбыра.

е) Ақ бантик. Қайықта: Қайдасың.

ұ) Саржайлау. Өз елім. Алатау.

3. Н.Тілендиев басқарған оркестрді ата.

р) Отырар сазы.

и) Құрманғазы.

б) Симфониялық оркестр.

4. Н.Тілендиевтің туған жерін ата.

ж) Жамбыл облысы Байзақ ауданы.

ғ) Алматы облысы Іле ауданы.

у) Қызыл орда облысы Шиелі ауданы.

5. Н.Тілендиевтің күй поэмалары.

а) Дайрабай. Құдаша думан.

с) Ақсақ құлан. Мерекелік күй поэмалары.

и) Мүрагер. Махамбет.Жеңіс салтанаты.

6.Сүйген жары Дариғаға арнаған шығармасы.

а) Көңілді бикеш.

б) Сүйген жар.

в) Ақмаңдайлым.

7.Қай кинофильмде Нұрғиса шығармалары орындалады.

р)  Көшпенділер.

о) Алты жасар Алпамыс

а) Қыз Жібек.

Дұрыс жауап: «Нұрғиса» сөзін құрайды.

Сабақты қорыту:

Мелодия-әуен деген сөз. Нұрғиса асқан әуенші композитор. Оның әуеншілігінің қасиеті терең тамырлылығында, жасыл жайлау,көш керуен,сыңғырлаған қыз шолпысы, ана қуанышы тәрізді жылылық сезімдер, жалпылай айтқандаелдің тұрмыс тіршілігі, майда қоңыр әуендермен сөзсіз жетелейді .

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын.

Халқымның өз айтқанын қвйталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»,- деп ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай халықтан іздейді, халқына қайтарады, халқының жүрегінде паналайды.

Үйге тапсырма: Н.Тілендиев: «Аққу» күйін үзбей орындап келу.

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Нұрғиса Тілендиев
Табиғат саз әлемінде
Садуақас күйімен жұмыс
Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.
Динамикалық белгілермен жұмыс
Оркестрмен тілдескен дирижер.
Тахауи Ахтанов, Күй аңызы
Мақатаев Аққулар ұйықтағанда
Дәстүрлі күйшілік өнер
Күйдің Қаршығасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3730 | Қосты: Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык