Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4588 |
|
|
|
Күйдің Қаршығасы
Сабақтың тақырыбы: «Күйдің Қаршығасы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының күй өнеріндегі дара тұлғаларының бірі – күйші, домбырашы Қ.Ахмедияровтың өмір жолымен және күйшілік қырымен таныстыру, күйлерін насихаттау Міндеттері: -«Күй», «күйші» ұғымдарының рухани құндылық ретінде мәнін ашу
- Күйші туралы халықтың бағасын оқушы санасына жеткізу; - Қ.Ахмедияровтың «Нұрғиса» күйін тыңдату арқылы ұлы күйшінің музыкалық бейнесін есте сақтау үшін шығармашылық тапсырмалар орындау, тыңдау, суреттеу. – Күйші арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге,қастерлеуге, күй өнерін үйренуге,насихаттауға баулу. Көрнекілігі: Күйшіге қатысты суреттер, «Шашақты найза, Шалқар күй», «Әсем қоңыр», «Сарыарқа», «Жігер» күй жинақтары, слайдтар т.б. Жаңа технология: дамыта оқыту Әдісі: тыңдау,түсіну,қысқа қайырым орындау, жаттығулар жасау, ән айту, шығармашы-лық тапсырмалар орындау, жоба қорғау т.б. Сабақ түрі: «Күйшінің туған жеріне саяхат» Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды 3- топқа бөліп отырғызамыз. Әр топтың өз атауы болады. 1 топ «Қаршыға» 2 топ «Нұрғиса» 3 топ «Құрманғазы» 2. Үй тапсырмасы үнтаспадан сұрақтар қойылуы арқылы тексеріледі. – Б.А.Төлегенова қай жылы дүниеге келген, ол туралы не білесің? Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы, 16 желтоқсанда –Семей қаласында дүниеге келген.Қазақ әншісі, әншілікті көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу арқылы бастаған. – Әншілік өнерін танып,алғаш өнер жолына түсуіне бағыт сілтеуші кім? - Әншіге бағыт сілтеуші, әрі дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова болатын. – Б.Төлегенованың репертуарында қандай әндер бар? - Халық әндері мен қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.И.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. – Б.Төлегенованың атақтары туралы не білесіңдер? - 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен марапаттал-ған. КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының, 2001- «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. 2001 -«Жыл адамы» атағын алған. 2002-Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие. 1991- «Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері атақтары бар.
Мұғалім: - Рахмет,балалар, сіздер бұлбұл әнші Б.Төлегенова апайларың туралы өз беттеріңмен ізденгендеріңді де көрсете білдіңдер.( Оқушы білімдері бағаланып отырады) Ал, енді балалар,біз бүгінгі жаңа сабақты меңгеру үшін Атырау облысы, Махамбет ауданы,Таңдай елді мекеніне саяхат жасайық. Махамбет ауданы - Атырау облысының орталық бөлігінде орналасқан аудан. Орталығы-Махамбет ауылы. Облыс орталығынан 70 шақырым жерде «Атырау-Орал» күре жолының бойында орналасқан. Ауданға 11 селолық округ, 24 елді мекен қарайды. 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған Гурьев облысының құрамында Таңдай селолық округі де бар.Осы ауылда бір атақты күйші дүниеге келген, оны сендер таныр ма екенсің-дер? (Қ.Ахмедияровтың суреті көрсетіледі) - Балалар: Күйші Қ.Ахмедияров. – Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар, балалар. - Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылы 25 наурызда Исатай, Махамбет, Құрманғазы, Шернияз, Диналардай батырлар мен ақындардың, жыршы-жыраулардың, біртуар бірегей күйшілердің Отаны болған Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Слайдқа назар аударалық, балалар! 1.Күйшінің шыққан тегі туралы. Қаршығаның әкесі Ахмедияр ақсақал өзі күйші, саятшы, қисса термелерді төгіп айтатын болған адам.Балаларын өнер жолымен тәрбиелейді. Төрт жасынан ермегі де, еңбегі де домбыра болған Қаршыға «Өнерің үстем болсын, өркенің өссін» деген ата тілеуін, ауыл батасын алып, бала күннен әншілік-күйшілік өнерімен көзге түскен. Қаршыға күй мұхиты өлкесінде дүниеге келіп, сегіз қырлы, бір сырлы әке тәрбиесінің, үлкен ағасы Қырғидың домбыраға баулу мектебінен өткен.
2.Жастық шағы. Күйшілік өнерге деген құштарлығы мен құлшынысы жетелеген Қаршыға 1965 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның домбыра кафедрасының дайындық курсына түсіп, үлкен өнер жолына бет бұрады. Күйшілігі бұрыннан пісіп-жетілген Қаршыға аға дәл сол жылы-ақ әйгілі Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне шақырылып, қызмет ете бастайды. Қаршыға осылайша консерваторияға қабылданған кезде-ақ шебер домбырашы екенін мойындатқан болатын. Көп ұзамай жеке орындаушы ретінде шынайы шебер күйші екенін танытады.Алматы консерваториясында домбырадан халық әртісі Қ.Жантілеуов, «Жоғары мектеп үздігі» профессор Қ.Мұхитов, У.Бекенов, оркестрде дирижерлеу мамандығынан профессор Ш.Қажығалиевтардан сабақ алады.
3. Консерваториядан соң...
1972 жылы консерваторияны үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы оркестрге жолдама алады. Осы жылдары сан қилы сахна өміріне, орындаушылық өнерге алдыңғы толқын ағалармен қызметтес, серіктес бола жүріп, шыңдалып, ширыға түседі.
Оркестрдің 50 жылдан астам өмірінде санаулы-ақ адамдар домбырашылар тобының концертмейстері болған екен. Олар - Қазақстан халық артистері Қ.Жантілеуов, Р.Омаров, Қ.Ахмедияров. 1973-1988 жылдар аралығында Қаршыға осы қасиетті де құрметті тұғырда дүлдүл домбырашылық үлгісін көрсетті. Дүниежүзін қастерлі күй әуеніне бөлеп, құлақ түргізіп, талайларды тума талантымен тамсандырды. 1977 жылдан консерваторияда домбырада орындау шеберлігінен дәріс берді.
4.Шығармашылық шыңы. 1981 жылы Америкаға қалың делегация құрамымен барғанда, Нью-Йорк қаласының БҰҰ үйінде америкалықтардың сұрауы бойынша болған кездесуде О.Сүлейменов және Қ.Ахмедияров қана өнер көрсетеді, сонда жиналған көрермен қазақтың домбырашысын сахнадан жібермей, түрегеліп тұрып қол соға қошемет білдіреді.
Осы сапардан оралған сәтте Қ.Ахмедияровқа «Қазақстанға еңбегі сіңген артист» атағы беріледі. Осыдан көп кешікпей, Мемлекеттік сыйлықтың, ал 1992 жылы «Қазақстан халық артисі» жоғары мәртебесіне ие болады. 1994 жылы профессор ғылыми жоғары атағы берілді.
Осыншама биіктерге көтерілген Қаршыға Ахмедиярұлы өмірінің соңына дейін білімі мен білгенін жастарға үйретумен болды.
Атырау, Маңғыстау облыстарында, консерваторияда Қ.Ахмедияров атындағы жүлде үшін домбырашылар сайыстары өтіп, жүзден жүйрік шыққандары «Үкілі домбыраға» ие болды. 1986-88 жылдары Мәскеу қаласында жоғары дирижерлық курста оқып, 1988 жылдан бері Құрманғазы оркестрінде жемісті еңбек етті.
5.Қаршыға Ахмедияров еңбегінің ерекшелігі 1.Қазақтың музыка мәдениетінде, орындаушылық саласында өзіндік ерекше мектеп қалыптастырған күйшілік өнері; 2.Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Дәулеткерей, Абыл, Өскенбай, Тәттімбеттер дәстүрінде көптеген тамаша күйлер шығарған композиторлығы; 3.«Шашақты найза, Шалқар күй», «Әсем қоңыр», «Сарыарқа», «Жігер» тәрізді әлденеше күй жинақтарының авторы және сондағы күйлердің жинаушысы, зерттеушісі; 4. Халықаралық, Республикалық сайыстардың жүлдегерлерін, бүгінде қалың жұртшылық-қа танымал шәкірттер дайындаған ұлағатты ұстаздығы. Осы саланың бәрінде де Ол «жүзден - жүйрік» бола білді.
6.Қаршығаның күй мұрасы Қ.Ахмедияров тақырыбы және стилі жағынан әртүрлі 50-ден аса күй шығарған.Оның ішінде жақын,сүйікті адамдарына арнаған «Қайран әке», «Ақ қайың», «Сағыныш», замандастарына «Ғазиза», «Би», «Қуаныш», «Шамғон Ақжелең», «Нұрғиса», өткеннің өр тұлғаларына арналған «Абай толғау», «Құрманғазы», «Ақжелең» күйлері бар. «Жаңа жыл», «Шабыт», «Осака» т.б. күйлері сырлы сезімді суреттесе, ал «Алтын ұя», «Құрдастар», «Нарын», «Ақжайық», «Атырау», «Атамекен» туындылары қоғамдық өркениетке, туған жер тақырыбына арналған.
Қ.Ахмедияровтың күйлерінің ішінде өзгеше бітімді, шоқтығы биік туындылар бар. Соның бірі- «Нұрғиса» күйі. Сергіту сәті «Мен қазақпын» (Е.Құдайбергеновтың орындауындағы әнге жаттығу жасау) - Жарайды, балалар. Бойымызды жазып, сергіп алдық па? - Балалар ризашылығын білдіреді. – Айтыңдаршы балалар, наурыз қандай мереке? - Наурыз мұсылман халықтарының мерекесі.Наурыз – жыл басы.Наурыз айында қазақ халқы бір-бірлеріне көріседі. Наурызды барлығымыз жақсы көреміз,- деп оқушылар наурыз айындағы салт-жоралғылар туралы, қазақтың дастарханындағы ұлттық тағамдар-дың дайындалуы туралы жарыса әңгімелейді. Ендеше, балалар, әдеттегідей жаттығу жасап алған соң, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз- Думан »әнін үйренеміз. Жаттығулар «Өнер-ді үй-рен, үй-рен де жи-рен»..... «Қо-ша-қа-ны қой-дың , қай-да қа-лып ,қой-дың»... (канон ) Алиф-лаам- миим.... Ма-ми-ия..... т.б. Ән үйрену «Наурыз-Думан» Ән үйренуде ескеретін нәрселер: 1) Әнді үнтаспадан тыңдату 2) Мұғалімнің музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындауы 3) автордың ойын ән мазмұнынан түсіне білу 4)ән мәтінінің анық айтылуы 5)дикция тазалығы 6)әуенді бұзбау 7) музыкалық фраза бойынша үйрену т.б. Тыңдау Қаршыға «Нұрғиса» Жаңа сабақты бекіту. № 1тапсырма (ауызша жауап беріледі)
1 топ «Қаршыға» 2 топ «Нұрғиса» 3 топ «Құрманғазы»
Қ.Ахмедияровтың дүниеге келген жылы, туған жері? Күйшінің шыққан тегі туралы не білдіңдер? Жастық шағы туралы әңгімелеп беріңдер.
Консерваторияда кімдерден дәріс алған? Құрманғазы атындағы оркестрде қай жылдар аралығында концертмейстр қызметін атқарды? Қ.Ахмедияров еңбегінің бірінші ерекшелігі қандай?
Қ.Ахмедияров еңбегінің екінші ерекшелігі қандай? Қ.Ахмедияров еңбегінің үшінші ерекшелігі қандай? Қ.Ахмедияров еңбегінің төртінші ерекшелігі қандай?
Қай елге барғанда домбырашыға тік тұрып құрмет көрсеткен ? Атақтары жайлы не айтар едіңдер? Қаршығаның шығарған күй саны қанша?
№ 2 тапсырма. Үш топқа әр түрлі тапсырма беріледі.
1 топ «Қаршыға» 2 топ «Нұрғиса» 3 топ «Құрманғазы»
1.Қаршығаның «Нұрғиса» күйіне сурет салыңдар. 1.«Қаршыға» сөзжұмбағын құрастырыңдар. 1.«Нұрғиса» сөзіне ребус құрастырыңдар.
2.«Менің күй тыңдағандағы көңіл-күйім » сурет 2.«Менің сүйікті күйшім» эссе 2.«Мен және күй» шағын шығарма
3. «Наурыз-Думан» әнінің 1 шумағын орындаңдар. 3. «Наурыз-Думан» әнінің 2- шумағын орындаңдар. 3. «Наурыз-Думан» әнінің 1 шумағын орындаңдар.
Қорытынды. Сонымен, балалар,біз қайда саяхат жасадық. – Махамбет ауданы, Таңдай елді мекеніне. – Ал,біз өзіміздің «сыныпқа оралу үшін» тағы бір сұрақтарға жауап берелік. –Кім айтар екен күйдің сөзі бола ма? Күй дегеніміздің анықтамасын еске түсірейікші. - Күй музыкалық аспапта ойналатын шығарма. Күйдің сөзі жоқ. – Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қаршыға Ахмедияровтың сөзімен айтсақ, «Тіл жеткізбегенді, үн жеткізеді».Күй қазақ халқының тарихы,бітім-болмысы,өмірі.Нағыз ұлтын сүйген қазақ ән-күйін қадірлейді,үйренеді,насихаттайды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғайды.
Бағалау. Кесте толтырылады.
Не үйрендік? Кім туралы білдік? Тағы не білгім келеді?
Ән үйрендік, күй тыңдадық. Қ.Ахмедияров туралы біршама мағлұмат алдық. Күйді қалай жазатындығы туралы білгім келеді....
Үйге тапсырма Бүгінгі үйреніп білгендеріңді отбасы мүшелеріне әңгімелеп келіңдер; аяқталмаған тапсырмаларды үйден аяқтаңдар.Қаршығаның орындауында күйлер тыңдап, тыңдаған күйлеріңнің аттарын дәптерге жазыңдар. Сабақ аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |