Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту


Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту

Бүгінгі жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің  дамуы да сол кезден басталады. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс – әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. 
Шығармашылық қабілет дегеніміз не? Шығармашылық адам іс – әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы – үлкен мәселеге айналып, қазіргі таңда ойландыратын дүние. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға беймідей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. 
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау, ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді. Шығармашылық ұғымын «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Қабілеттілік репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөлінеді:
 - Бірінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – білімді әрі жаңа жағдайды, іс – әрекетті тез қабылдайды, оны үлгі бойынша жүзеге асырады. 
 - Екінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – өзінің жеке іс – әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады. 
 Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. 
Оқушылардың   белсенділігімен танымдық іс – әрекеттері арқылы 
шығармашылығын дамыту,осыған орай оқытуды жеке тұлғаны дайындау, оқуды 
ізгілендіру мектептің алдында тұрған үлкен міндет екені баршаға белгілі. 
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн. Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескерген жөн. Мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілетінің дамуына жол ашу, алғашқы уақыттан бастап – ақ әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескерек отырып, жұмыс істеу бағытын, жоспарларын жасау керек. Бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізінде дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен – бірі байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен – бірі байланысты болады. Оқушының өз бомысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. 
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға  ұмтылу  деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды,  бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.
Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту – тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға  көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады.Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп дамып отырады.
Бастауыш мектепте білімдердің жүйесі мазмұны жағынан өте күрделі, әрі кешенді болғандықтан олардың мәні мен меңгерілуі пәнаралық байланыс деңгейінде жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін игере отырып, оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру бұл оқушының жеке тұлға ретінде дүниетанымының қалыптасуына, сонымен қатар мұғалімге өз жұмысының тиімділігін арттыруға себепші болады. Мұғалім әр сабақта тапсырма мен өзіндік жұмыс түрлерін қызықты әрі деңгейлік түрде құрастырып, отырғаны жөн. Сондай – ақ оқушы шығармашылығын шыңдауға пәнаралық байланыстың маңіызы зор.  
« Шығармашылық » сөзінің төркіні  «шығару»,  «ойлап табу» дегенді білдіреді, демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет» - деп түсіндіріледі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген
 С.Л Рубинштейн « Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің 
нәтижесі, баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады. 
Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда  шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой – өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық 
еңбек, жобалар, дербес сабақтар.  Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. 
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді, әлемді танып білуге қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сездіре білуінде жатыр.
Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-  тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.
Олар мынадай:Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру; Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі тақырыптарда пікірталас тудырып отыру; Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру; Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құрау, шағын мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау; Қиялдау арқылы сурет салғызу; Ана тілі сабақтарында мінездеме беру; Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу; Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу; Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау.
Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы дерлік шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау деңгейі әр түрлі болады. Әр нәрсеге деген бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің белгісі. Әр оқушының бейімділігі әр түрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемділігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс.  Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы тиіс. Мұнда ұстаздың байқағыштығы жоғары болуы тиіс. Оқушы бойындағы бейімділікті байқай салысымен соған сәйкес тапсырмалар беріп дереу қолға алуы керек. Ол бейімділікке деген қызығушылықты солып қалмай тұрғанда алға жетелеу қажет. Сонда ғана оқушы қызығушылығын арттырып отырады. 
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала жүрегіне жол таба отырып жұмыс істеу. Балалармен үнемі түрлі бағыттарда жұмыстар жүргізе отырып, ізденуге мүмкіндік беру керек. 
Оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыстану керек. 
Міндетті оқушылық деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде 
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушыларға алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс.
Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып, орындайды. Өтіп кеткен материалды оқушы 
талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып, жауап береді. Эврика. Анализ бен синтез салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау. 
Бұл шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар.
Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа  деген құштарлық болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы керек. 
Олар:
 - Шығармашылық қабілетін ерте бастан қолға алу;
 - Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
 - Олйау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейде болуы;
 - Шығармашылық іс – әрекетке жағдай туғызу.
Оқушының шығармашылық іс – әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету деген сөз.
Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір терең ісі» - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне ісер етеді.Оқушының шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. 
Қорыта айтқанда, оқушы  бойындағы шығармашылықты дамытуды үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, оқушы дүниетанымы одан әрі арта түсері анық.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11390 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык