Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ


ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»Жаңа технология түрлерін математика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. 
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады: 

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды математиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. 
Математиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет; 

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік саралау технологиясыСаралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. 
Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
 

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.


Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. 
Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға математика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын математика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. 
Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технология. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

Альтернативті технологиялар.Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Дамыта оқыту технологиялары

1. Л.В. Занковтыңдамытаоқужүйесі. Оқытуқызметініңнегізгімотивациясытанымдыққызығушылық. Занковәдісіәртүрліқызметтергетарту, дискуссия, дидактикалықойындардаоқытуда, пайдалану, солсияқтыесті, ойлауды, елестетуді, сөйлеудібайытубағытындағыоқытуәдісі.
2. Д.Элькони – В.Давыдовтардыңдамытаоқытутехнологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағыдамытаоқытуеңалдыменоныңмазмұны, теориялықбілімгенегізделеотырақұрылған. Білімніңтеориялықнегізітереңтүрдегіжинақтаудантұрады. Дәстүрлітехнологияларданөзгешелігідамытаоқытуоқуқызметінбасқашабағалайды. Оқушыныңорындағанжұмыстары мен сапасыоқушығабілімніңжетімділігі мен қабілетініңжететіндігінмұғалімніңкөзқарасыбойыншабағаланбай, оқушыныңөзмүмкіндігітұрғысынанқаралады.
3. Жеке бас шығармашылығындамытуғабағытталғандамытаоқытужүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтеріпроцестеріоқытудыңнегізгімазмүныболады.
Бұлтехнологиядаұжымдықжұмысәдісікеңіненқолданылады; ойғашабуыл, ұйымдастыру – қызметойыны, еркіншығармашылықпікірталасы.
Модульдікоқытутехнологиясы. Модуль дегеніміз – қандайдабіржүйенің, ұғымныңнақтылатын, біршамадербесбөлігі.Оқумодуліқайтажаңғыртушыоқуцикліретіндеүшқұрылымдыбөліктентұрады. кіріспеден, сөйлесубөліміненжәнеқорытындыбөлімнентұрады. Әроқушыоқумодуліндесағат саны әртүрліболады. Бұлоқубағдарламасыбойыншасолтақырыпқа, тақырыптартобына  немесетарауғабөлінгенсағатсанынабайланысты.
Соныменжалпылапайтқандаоқуүрдісіндеоқушыныңтұлғасыныңдамуына, ықпалжасайтынжаңа технология түріндегісабақтарүлгісініңбәрінежүктелетінміндеттержүйесітөмендегідей: 
Жаңатехнологиянықолданудаоқушылардыңпәнгедегенқызығушылығынарттырыпқанақоймай, үлкенізденіспен, шығармашылыққажетелеуге де болады. Нәтижесіндеоқушы:

  • Компьютердееркінжұмысжасайды;
  • Оқытупроцесіндежаңатехнологиялардықолданаотырыпбіліміншыңдайды;
  • Жаңаоқытуүрдісінқалыптастырады;
  • Өздігіненізденімпаздыққабілетіартады;
  • Ақпараттықсауаттылығыменақпараттықмәдениетіқалыптасады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Оқыту тиімділігі – озық технологияларда
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 17096 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык