Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5565 |
|
|
|
Салауаттылық –менің қалауым
Сабақтың тақырыбы: «Салауаттылық –менің қалауым»
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суретттер, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау: үйге берілген тапсырманы талдап, пысықтау.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
Шаттық шеңбері:Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырып, барлығы қосылып, әнсалады.
Байлық – байлық емес,
Бар байлығым – денсаулық
Бар өмірім – денсаулық!
Жаңа сабақ:
Күн тәртібінді белгілеп алайық:
Әңгімелесу:
- Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?
- Өздеріне спорттың қандай түрлері ұнайды?
- Сендер қандай спорт түрлерімен шұғылданасындар?
Спорт түрлерін атап шық:
Спорт түрі: Қолайлығы:
Сергіту сәті:
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Жаттығу-ойлану:
+ немесе – таңбасын қойып шық, себебін түсіндіріп бер.
Дәйексөз:
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір.
Халық мақалы.
Шығармашылық жұмыс:
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
- Денсаулықтың қадірін,
............. білерсін.
- .......... ауырса қолыңды тый,
.......... ауырса аузыңды тый.
- Денің сау болса, ....... деме,
Жолдасын көп болса, ....... деме.
Жұмбақтарды шеш:
1. Адамның дене мүшесіне байланысты:
Қос шауыпкелі бар,
Екі алыпкелі бар,
Қос жолкоргіші бар,
Екі үн сезгіші бар,
Жалғыз мол асыры бар,
Екі таң асыры бар,
Кеуде қағары бар,
Ауа соғары бар,
Арқан орамы бар,
Қорек қорабы бар,
Тағы, тағы...
Тоқсан жол торабы бар,
Шешеді бұл жұмбақты
Талпынған талабы бар.
2. Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тыңбайды.
Кейде оның жүрісің,
Дәрігерлер тыңдайды.
3. Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
4.Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.
5.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
6.Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші.
Бірінің аты бар,
Ең кішісі шеткісі.
Жүректен жүрекке:
- Өздеріңіз жақсы көретін адамдарыңызға арналған жақсы тілектеріңізді жазыңыздар.
Жақсы көретін адамдар: Жақсы тілек
- Денсаулық себетінен өзіңізге пайдалы дәрумендерді алыңыздар.
Үй тапсырмасы: Денсаулық жайлы мақал – мәтелдер жазып келіңіздер.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |