Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Салауаттылық - өмір негізі


Салауаттылық - өмір негізі

Салауаттылық - өмір негізі

 

        Мақсаты: Оқушылардың салауаттылық өмір салтына байланысты түсініктерін кеңейту.

        Міндеттері:

  • Салауатты өмір сүрудің мағынасын ұғындыру;
  • Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • Денсаулығын сақтауға, бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

 

Шаттық шеңбері

Оқушылар бір-бірімен мейірімді, көңілді болу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып, Н.Сарсенбаевтың өлеңін оқиды.

Н.Сарсенбаев

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.

Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.

 

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқып, ойлануға шақырады. Оның мақсаты – денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.

 

Назар аударыңыз

Н.А.Добролюбов

Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.

 

Шығармашылық жұмыс

Төмендегі мәтіннен Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңіз.

 

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылармен бірге А.Самиғоллаұлының «Ойлан, достым...» әңгімесін оқып, талдау жасау арқылы олардың адам денсаулығына зиян әкелетін жағдайларды болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады.

Ойлан, достым...

А.Самиғоллаұлы

Сіздер Жангүлдің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіздер?

Тыныштық сәті

Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінде айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды  бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады. 

Дәйексөз

Сабақта қаралып отырған мәселені түйіндеу мақсатында мұғалім немістің көрнекті жазушысы Т.Карлейль: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген сөзіне оқушылардың  назарын аудартады. Оқушылардың пікірін «Нақыл сөзді қалай түсінесіз?» деген сұрақ беру арқылы айқындап, мұғалім өзі түйіндеуіне болады.

Назар аударыңыз

«Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді».                                                                              

 Ж.Брэгг

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың денсаулық сақтау, нашақорлықтан аулақ болу туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқушыларға Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Бұл мәтіндегі негізгі ой өмірдегі барлық  нәрсе, соның ішінде денсаулықты нығайтуда, салауатты өмір сүруде әр адамның өз қолында екенін ұғындыру болып табылады. Өз сеніміңе  берік болуды ұғындырады.

Қателіктің арты өкініш

Р.Пернеханқызы

Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?

Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?

Жаңа ақпарат

Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу ұсынылады.

Мұғалім оқулықта берілген ақпаратты оқушылардың өз ойларымен толықтыруын сұрайды. Ол қарастырылған мәселені оқушылардың жауаптарымен байланыстыра, салыстыра талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар зиянды әдеттерге әуес болудың салауатты өмір сүруге тигізетін әсерінің қандай болатынына жаңа ақпаратпен танысу арқылы көз жеткізеді. 

Назар аударыңыз

Салауатты өмір салты – организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, шынығу-мүшелері жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы ортамен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану, гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға негіз болады; дұрыс мінез-құлық, өз қасиеттерін басқара білу адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде  оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдауды немесе өз ойын білдіруді  оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Салауаттылық туралы оқушылардың білімдерін толықтырып, кеңейте түсу мақсатында Америкалық Поль Брэгг ұсынған денсаулықты нығайтуға байланысты ем түрлерімен таныстыруға тапсырма беріледі.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, салауатты өмір салтын құру үшін «Бірінші емші – күн сәулесі, екінші емші – таза ауа, үшінші емші – таза су, төртінші емші – табиғи тағам, бесінші емші – ашығу, алтыншы емші – дене жаттығулары, жетінші емші – демалыс, сегізінші емші – бойды тік ұстау, тоғызыншы емші – ақыл-ой» қажет екенін түсіндіріп айтады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақты аяқтап, қорытындылау мақсатында оқушыларды жүректен-жүрекке шеңберіне шақырады. Барлығы қосылып, «Көңіл көктемі» әнін айтады.

Көңіл көктемі

      Сөзі мен әнін жазған М.Ыбыраев

 

 

Адалдық – адамдықтың белгісі

 

        Мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

        Міндеттері:

        - Адалдық пен шындықтың адами-қатынастағы мәнін түсіндіру;

        -Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

        - Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

        Шаттық шеңбері

        Мұғалім оқушылардың сабаққа қызы,ушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және оларға сабақтың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтың «Шындық-шырайы» өлеңін бірге оқып, түсіндіреді.

Шындық шырайы

С.Сейітов

        Мәтінмен жұмыс

        Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен  жалғастырады. Әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім адалдыққа назар аудартады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі  негізгі ойды таптырып, олардың адалдықтың құндылықтық мәнін ашуда өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға  негіз болады.  

Темірқазық

Зейін Шашкин

        Әңгімелесу

        Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

        Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

        «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?

        Мұғалім адалдықтың таза ниет, ақ көңіл,  имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар екендігін айтады. әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, оны адал ниетпен орындай алуының мәдениеттілікті көрсететіндігіне де назар аудартады. әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес адалдық туралы өз ойын айтады.

       

        Тапсырма

        Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Сіз шәкірт орнында  болсаңыз қалай жауап берер едіңіз? Жүйелеп айтып беріңіз.

Ақиқат

Қ.Толыбаев

        Тыныштық сәті

        Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

        Дәйексөз

        Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген   «Адалдық – ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып, ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін түсіндіру мақсатын жүзеге асырады.

        Жаңа ақпарат

        Оқушылардың жауаптарын  түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Сабақтың тақырыбын айқындай түсу үшін қолданылатын жаңа ақпараты оқушылардың адалдық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады. Берілген оқу ақпаратын мұғалім немесе оқушылар оқиды. Мұғалім адам қай нәрсеге болмасын адалдықпен қараса, оның барлық істерінің сәтті аяқталатынын түсіндіреді. Мұғалімнің сөзі берілген оқу ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай түсетіндей болуы керек.

        Жағдаятты талдау

        Мұғалім берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде, олардың пікірлерін дәйектеуде, оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі. Оқушы ойларын түйіндеп, бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу, өтірік айтпау, алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашады.

        Дәйексөз

        Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас» деген А.Макарен-коның сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеді.

        Жағдаяттарды талдау

        Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өзгенің сенімін ақтау, адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады.

        Тапсырма

        Берілген ой-тұжырымдамамен танысыңыз. Адалдық туралы өз ойыңызбен толықтырып, түйгеніңізді ортаға  салыңыз.

       

        Жаңа ақпарат

        Оқушылардың жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Жаңа ақпаратты оқушылардың адалдық, шындық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.

        Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұяты алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

        Адал болудың өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білу т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

        Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

        Әңгімелесу

        Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен  берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүзгізіледі:

        Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?Ю

        Өзіңе өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

        Адал болуға  ұмтылуға неге керек?

        Мұғалім адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай екендігіне және адамның өзіне адал болуына көңіл бөлдіртеді. Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен  қарап, оны адал ниетпен орындай алуының мәдениеттілікті көрсететіндігіне де назар аудартады. әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес адалдық туралы өз ойын айтады.

        Тапсырма

        Төменде берілген  пікірлерді адамның көңіліне ауыр болмайтындай тұрғыда айтып беріңіз.

        Оқушыларға төмендегі мәтін тапсырма ретінде ұсынылады.

        Оқушылар шындықты айтуда адам жанына зиян келтірмеу мақсатында пікірлерді әр түрлі бағыттарда айтып көреді. Мұғалім қорытынды жасайды.

        Жүректен жүрекке

        Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, «Аман болсын, адамдар» әнімен аяқтауға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек білдіруі немесе адалдыққа байланысты өз ойларын айтуымен де қорытындылауға болады.

Аман болсын, адамдар

Сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін жазған Ә.Бейсеуов


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбек – өмір мәні
Өзіңді тану-өмірді тану
Салауаттылық-өмір негізі
Әсемдік -өмір жарасымы
Еңбек- өмір мәні
Сен де бір кірпіш дүниеге
Адалдық – адамдықтың белгісі
Салауаттылық - өмір негізі
Адалдық пен әділдік
Денім сау болсын десең...
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5898 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык