Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзіңді тану-өмірді тану


Өзіңді тану-өмірді тану

Өзіңді тану-өмірді тану

9- сынып

1-2- сабақ

Тақырыбы: Өзіңді тану-өмірді тану

Мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті

-өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу

-өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету

-өмірді бағалауға үйрету

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Әңгімелесу

Өмірдің мәні неде деп ойлайсың ?

Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет ?

Өмірді бағалай білесіз бе ?

Өмірден не күтесіңдер?

Сіздің мақсатыңыз қандай ?

Сахналау

Оқушылардың ойларын білу мақсатында «Сахналау » айдарымен берілген диологті сахналау.

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп вңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер

Назар аударыңыз

Өз мінезіңді, ақылыңды пікірлерің мен құштарлығыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге  болмайды. Осы жерде өз парасатын саған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы әлпетің туралы ұмытуға болады. Бірақ жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір.Өз парасатыңды іс- әрекетке қабілетіңді тексер: қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла, қабілеттеріңді екше.

Тапсырма М.Мақатаевтың  «Өмір керек» мәнерлеп оқу

Дәйексөз «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың.»

Жаңа ақпарат

Адам өзін, өзгені танып ұсынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.

Мәтінмен жұмыс «Өмірдің мәні» (ертегі)

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі «Мен айдарымен» берілген әр сабаққа арналған афформациялардың өзіне ұнағанын таңдайды.

Ғалымдардың «Өмір » туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып өз ой толғаныстарыңды жазыңыз.

Назар аударыңыз

 Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза. Біреу одан түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес,айтыс, тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.

Дәйексөз

Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп  өрнектеуге   еңбек етеді.

Дәптермен жұмыс

Өз өміріңде қол жеткізген жетістіктеріңіз туралы ойланып көріңіз.

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбек бәрін жеңбек
Қарым-қатынас мәдениеті
2 санын қосу кестесі
Салауаттылық-өмір негізі
Әсемдік -өмір жарасымы
Еңбек- өмір мәні
Сен де бір кірпіш дүниеге
Өнер - өмір өрнегі
Мақсат жетістік желкені
Көмектесе білейік
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 17618 | Қосты: Кдырниязова Толқын Намысқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык