Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адалдық – адамдықтың белгісі


Адалдық – адамдықтың белгісі

Сабақ тақырыбы: Адалдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты: «Адалдық», «Әділдік», «Шыншылдық» жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: * Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсініктерін кеңейту, тереңдету;
* Оқушыларға өз бойына ой мен істің өзара бірлігін ұштастыра, дағды ретінде қалыптастырудың  - маңызды қажеттілік екенін сезіндіру: өз ойын пайымдау, шығармашылық іскерліктерін дамытуды жетілдірулеріне ықпал ету;
* Адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
Сілтемелер: Абайдың суреті, сабақ тақырыбы және тақырыптық құндылықтар жайлы жазылған көрнекі парақтар; «Шоқжұлдыздар» кескіндемесі; репродукция (Тициан: «Кесардің динары»), Әмір Темірдің миниатюрасы, сұлба-кескіндеме, үнтаспа.
Сабақ барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі:
 1). Сәлемдесу, орындарына отырғызу;
 2).Тыныштық сәті. Релаксациялық әуенді қосу , «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізу:
- Ыңғайланып отырыңдар. Асықпай « өмір тынысын» алыңдар.(2-3 рет). Мүмкіндігінше бұлшықеттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар... Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер. Бар зейіндерің менің дауысым мен әуенде болсын... 
Сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың. Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы.Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін- әлсін теңіз балдырларының иісі келіп жетеді. Теңіздің біркелкі шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі... Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана- сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп- кеткен толқын сенің денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршап- шалдығуды,... мазасыздық пен күйзелісті,...өзіңе деген сенімсіздігіңді,... өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйініш сезіміңді, қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр... Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп- кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: демал- дем шығар, демал- дем шығар, демал- дем шығар... Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындалыңдар... 
 3). Топқа бөліну:  «Құндылықтар қорабынан» әркім тақырып жазылған тілшік-парақшалардан таңдап алып, алған атауына байланысты өз үстелдеріне жайғасады (3 топ: «Әділдік», «Адалдық», «Шындық»).
Үй тапсырмасының орындалуын  тексеру – оқушылар үйде құрастырған буриме, жинақтаған мақал-мәтелдерін, ойтолғауларын ортаға салады(«Шындық-Темірқазық», «Адалдық-арамдық», «Әділдік»).
 Әңгімелесу:  Ой қозғау: мұғалім араб мақалын («Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы») пайдаланып, сұрақ қояды: Неге солай айтылған?(оқушылардың жауаптары)
  Дәйексөз: а). Хормен кітаптан дәйексөзді оқиды  : «Адалдық – ардың ісі».  
 ә). Осы нақылсөзді оқушылар өздері қалай түсінетіндіктерін айтады.
 б). Мұғалімнің ой түйіндеуі: Тицианның  «Кесарьдың динары» репродукциясын пайдалана отырып, ондағы  кейіпкерлердің  диалогын мысалға келтіру арқылы  әркімді  ісіне, басқаларға деген қарым- қатынасына қарай әділ бағалау керектігі жайлы айтады.
Шығармашылық жұмыс:
а). Оқушылар топтар бойынша жағдаят шешу тапсырмасын алады. Топ жетекшілері жағдаяттар  жазылған  үлестірме-парақшаларды қораптан суырып, таңдау жасайды. Мұғалімнің бағдарлауы: жағдаятты шешуде оқушылар әділеттілік, шындық және адалдық тұрғысынан ойлап, қарастырулары керек!
 ( Оқулықтың 81-82 беттерінде.)
1-топқа («Адалдық»): Бүгін мектепте сенбілік. Класс жетекшісі оқушыларды екі топқа он-оннан бөліп, әр топқа сол оқушылардың біреуін жетекші етіп тағайындады.Сіз де - сол бір топтың жетекшісісіз. Тобыңыздың 5 оқушысы тапсырманы орындап жатыр, ал қалған 5-і бір жерге жиналып-ап, әңгіме-дүкен құрып тұр. Топ жетекшісі ретінде не істер едіңіз?
2-топқа(«Әділдік»): Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары сізге белсенді оқушы ретінде Жаңа жыл мерекесіне жоба ойластыруға тапсырма берді. Келесі күні сіз басыңыздағы идеямен кластас құрбыңызбен ой бөлістіңіз. Даярлық жиналысында кенеттен құрбыңыз қолын көтерді де, сіздің идеяңызды өзінікі сияқты қылып айтып берді. Сізден қысылып-қымтырылмады. Сіз не істер едіңіз?
3-топқа («Шыншылдық»): Марғұлан кеше анасынан тарих пәнінен екілік алып қалғанын жасырып қалды. Ол тоқсан соңына дейін ата-аналар жиналысы болмайтынына сенімді еді. Бірақ класс жетекші ертеңге ата-аналар жиналысын белгіледі әрі түгел оқушыға өз ата-аналарын шақырып, келулерін қамтамасыз етулерін талап етті. Марғұлан анасымен өзара үлкен әңгіме болатынын ұғып, не істерін білмей дал болып отыр. Не істеуге кеңес бересіз?
(Топтардың жағдаяттарды шешуі, жариялауы)
ә). Мұғалімнің ой түйіндеуі (Абайдың портреті қолданылады): Ұлы ақын Абай адамдарды өзара адалдыққа, шынайы қайырымдылықпен өмір сүруге былай шақырған екен:
         Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,
         Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! 
         Күншілдіксіз, тату бол, шын көңілмен,
         Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Әр адам өзіне адал, әділ баға беріп қана өзгелермен жақсы, шынайы қарым-қатынас орната алады. Осыны ұмытпауымыз керек!
 Тапсырма: а). Логикалық тапсырманы шешкізу :
* Мұғалім Әмір Темірдің миниатюрасын көрсетеді, әңгімелейді;
* Сұрақ қояды: Не себепті үшінші суретші өлім жазасынан аман қалды? (Топ ішінде талдап, оқушылар жауаптарын жариялайды);
ә). Мұғалім жауаптарды тыңдап болып, жасырын сұлбаны ашып көрсетеді: Адам көңілін қалдырмай, бірақ әділ шешім шығара білу – әдептілік. Үшінші суретші осыны ескергеннен өз өмірін сақтай алды.
б).      Плакатты іліп, хормен оқыту: «Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас» (А.С.Макаренко), түсіндіру: Адам жанына зиян келтірмей, шындықты тұрпайы, дөрекі жолмен емес, әдепті, бірақ түсінетіндей жеткізу – адамгершілік белгісі.
Үйге тапсырма: Оқулықтың 82- бетінде берілген репликаларды басқаша, сыпайы мазмұнда ауыстырып, жазып келу.
Сабақтан соңғы тыныштық сәті : а). Оқушылар көздерін жұмып отырып, сабақтан үйренгендерін естеріне алып, бүкіл әлемге тыныштық, бейбіт өмір тілейді.
ә).Сабақты аяқтау: мұғалім «Шоқжұлдыздар» кескіндемесін пайдалана отырып, ой тұжырымдайды: Дүниедегі жақсылық атаулы-адал қарым-қатынастан басталады. Қараңғы түнде адасқан адам Темірқазыққа қарап, жол тапса, өмірде бәрімізге жол нұсқар шамшырақ – Темірқазығымыз: адалдық, әділдік, шыншылдық болсын! Рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
Менің досым
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Әдептен озбайық
Табиғаттан нәр алып
Әдептен озбайық
Салауаттылық - өмір негізі
Адалдық пен әділдік
Салауаттылық - өмір негізі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 18047 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык