Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4407 |
|
|
|
Құстар қалай өсіп – өнеді?
Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай өсіп – өнеді?
Сабақтың мақсаты: Құстардың көктемдегі тіршілігі, олардың көбеюі туралы білімдерін толықтыру
Білімділік: Құстар тіршілігіндегі басты ерекшелігі, құстардың адам өміріне деген пайдасы туралы толық мағлұмат беру. Құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру.
Дамытушылық: Құстар туралы жұмбақ шешу, құстарды сипаттау арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Құстарды аялауға, қорғауға, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ шешу, ойын СТО жобасының стратегиялары (топтау, салыстыру әдісі)
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, ұясы, жұмыртқасы тірек – сызба
Жабдығы: Тақта, компьютер, тақырыптың мазмұнына сәйкес бейнелі және заттық суреттер, құстың ұясы және жұмыртқасы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.1. Оқушылармен сәлемдесу
1.2. Сабаққа даярлау
2.Қызығушылықты ояту.
І слайд (Құстардың дауысы)
Балалар бір сәт көзімізді жұмып, тыныш отырайық.
2.1.Осы дыбысты естігендеріңде көз алдарыңызға не елестеттіңдер?
- көп құстарды
2.2.Қандай қөңіл күйде болдыңдар?
- тамаша
Мұғалім: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуендері табиғатты құлпыртып, адамдардың қөңіл – күйіне әсер етеді.
Біз қай пән болмасын құстар туралы білетініміз де аз емес. Ендеше есімізге түсірейікші.
- Сіздерге үйге қандай тапсырма бердім?
- Үйге: құстардың алуан түрлілігі және құстар туралы мәлімет.
- Құстардың алуан түрлілігі (3 оқушы)
1.Құстар туралы түсінік.
2.Жапалақ пен үкі туралы
3.Жыл құстары (Бұлбұл, Бозторғай)
ІІ слайд Құстар 3 топқа бөлінеді
2 топтау әдісі
Жыл құстары отырықшы құстар
Үй құстары
3. Жұмбақ ойын.
ІІІ слайд. Бұл қай құс?
1. Қарға – қара немесе сұр қауырсынды. Тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып коректенетін отырықшы құс.
2.Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі жылтыр әлекейлі заттарға әуестігі. Оның торғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөздерін қайталап, жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.
3.Торғай – кіп – кішкентай құс. Ол үйдің қасында жүреді. Бір жылда бір өзі ғана 4 миллион зиянды құрттарды жейді.
- Мектепке келе жатқанда осы құстарды көрдіңдер ме?
- Олардың дыбыстарын естідіңдер ме?
4.Сәйкесін тап. (ойыны)
Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендірің.
Қарға шиқылдайды
Сауысқан тоқылдайды
Шымшық қарқылдайды
Тоқылдақ шықылықтайды
5.Шығармашылық тапсырма. (рөлдік ойын)
Құстар әңгімесі
1.Мен – Торғаймын (шық – шық)
-Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз қандай жақсы болды. Бізге адамдар жем – су беріп қамқорлық жасайды. Ой, қараңдар тіпті жемісте бар екен.
2.Мен – Қарғамын (қарқ – қарқ)
-Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс – жідекпен күн көре тұрамызда.
3.Мен – Сауысқанмын
-Ей, қаздар, сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
4.Қаздар
-Әй, сауысқан – ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой. Сен өзің неге жылы өлкеге кетпедің?
5.Сауысқан
-Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, тоқылдақ, торғай, суықторғайларда қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
6.Тауықтар
-Бұл жазда біздің ұядағы жұмыртқаны ұрлап алып кеткен қарақшы ғой, танып тұрмын.
Сауысқан: Тауықтар сөздеріңді естідім. Жұмыртқаңды ашып тастапсың. Көрген соң біреуін алып жедім. Жұмыртқа менің басты қорегім емес. Мен бунакденелілер сияқты ұсақ жәндіктерді жеймін. Мені пайдалы құс деп өсімдіктер қадірлейді. Мұны білгендерің жөн. Әрине, - қазір азық тапшы, тіршілік ету оңай емес. Үй құстары қыстағы өз жағдайларыңыз қалай?
Тауық: жағдайларымыз жақсы. Ұядай жылы орын, мол азықты біздер үшін адам дайындайды. Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа, жұмсақ мамық сыйлаймыз. Сол үшін бізді адам күтіп бағады, бізге қамқорлық жасайды.
Сұрақтар
1.Біз қай құстардың әңгімесін тыңдадық?
2.Қыстағы олардың тіршілігі қандай екен?
Сергіту сәті
6.Жұмбақ шешу.
1.Тал басында түндіксіз отау (ұя)
2.Айдалада ақ отау
Аузы – мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
3.Тіріден өлі туады
Өліден тірі туады (жұмыртқа мен балапан)
Мұғалімнің сөзі. Слайд «Көктем келді»
Балалар біз бүгін табиғаттың бір бөлігі, табиғаттың көркі құстар туралы айтып жармыз.
Бірнеше күннен жыл мезгілі өзгеріп, көктем мезгілі келеді. Көктемде табиғатта өзгереді. Өсімдктер, жан – жануарлар, жәндіктер ұйқысынан оянады. Жылы жаққа кеткен жыл құстары қайта оралады. Ал, сол құстар қалай өсіп – өнеді? Сол туралы Осы сабағымызда түсінік аламыз.
Қазақстанда құстардың 489 – дай түрі бар.
Қазақстанның «Қызыл кітабында» 58 – дей түрі қорғауға алынды.
Оқулықпен жұмыс.
Құстар қалай өсіп – өнеді?Мәтінді оқып, түсіндіріп беру.
2.Оқушылармен жұмыс.
Сұрақ
1.Құстар немен қоректенеді?
2.Оларға қандай қамқорлық жасау керек?
Оқулықпен жұмыс.
1 – топ. Қызғылт қоқиқазға дейін
2 – топ. Көкекке дейін
3 – топ. Көкек туралы оқиды.
Мәтін мазмұны бойынша әңгімелеу. 1 – 2 оқушы түсінік айтады.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар
1.Құстар қалай өсіп – өнеді?
Көрнекілік арқылы көрсету (құс ұясы,жұмыртқа балапан)
Құстардың табиғатпен байланысы
Табиғат, өсімдіктер, жәндіктер, құстар
Бақылау күнделігімен жұмыс
Құстардың өніп – өсуін цифрлармен көрсету
Танымдық ойын
Құстарға қарап, ауа райын болжау
Халқымыз ерте заманнан – ақ жан – жануарларға, құрт – құмырсқаларға, құстардың тіршілігіне зер салып ауа – райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Енді ата – бабаларымыздың ауа – райын болжаудағы қағидалары мен тәсілдеріне тоқталайық.
1.Тауық – биікте қонақтаса жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса күн суытады.
2.Үйрек – бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе – аяз сынады.
3.Қыста қаздар қаңқылдаса жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатса күн суытады.
4.Қаз бен үйректер – суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса ауа – райы бұзылады.
5.Қоқиқаз – былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа жаз құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса жаз жаңбырлы болады.
6.Қарлығаштар – аспанда самғап ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса, жаңбыр жауып, жел болады.
7.Далада көкектің кө – көкек деген дауысын жиі естісеңіз алдағы күндер ашық болады.
8.Көктемнің басында қарға суға шомылса – күн жылынады.
9.Торғай шаңға аунаса – жаңбыр жауады.
Салыстыру. Венн диаграммасы
Жыл құстары Қыстап қалатын құстар
Балалар, жыл құстары мен отырықшы құстарды салыстырып өтейік.
Өзекті жағдаят.
Жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді.
Оқушы жауаптары тыңдалады.
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды.
Зиянды жәндіктер көбейіп бақтар мен бақшаларды қаңырайтып тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға жемшашар жасап ағашқа іліп қою керек, жемшашарға тағам қалдықтарын, жем тастау керек)
Қызықты деректер.
Сен білесің бе? – айдары
1996 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жарық көрді. Онда құстардың 50 түрі, соңғы жылдары 18 түрі қорғауға алынды.
Халқымыз ерте заманнан – ақ аң құстың қасиетін айыруға жүйрік болған.
Қыран құсты қолға үйретіп, құ салу өнерін дамытқан.
Қоқиқаз – Арал теңізі мен Балқаш, Алакөл айдындарын мекендеген қоқиқаздар соңғы жылдары сирей бастады.
Қоқиқаз – әсемдік пен адалдықтың, тазалықтың символы.
Алқызыл қоқиқаздардың бойы 130 см, салмағы 3,5 кг, қауырсындары 3 айда өсіп болады, ал алқызыл түсі 3 жылда өсіп, өз бабына келеді екен. Әлемде алқызыл қоқтқаздардың 5 түрі бар.
Көкек – өз ұрпағына ұқыпсыз болса да күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші т.б. зиянды құрттарды жейді.
Көкшымшық – 5 балапаны бар. Ол балапандарын күніне 600 рет қоректендіреді. Сонда әр балапанға 120 үлес тамақ, яғни 40 таңертеңгі ас, 40 түскі ас, 40 кешкі ас тиеді екен.
Сабақты қорытындылау.
1.Құстар қалай өсіп – өнеді?
Көрнекілік арқылы көрсету (ұя жасайды, жұмыртқалайды, жұмыртқа басады, балапан шығады)
Сабағымызды қорытындылай келе, табиғатымызды аялайық, сақтайық. Адамзат үшін құстардың пайдасы зор. Сондықтан да құстарды қорғайық.
2. Үй тапсырмасын беру
Құстар мен жәндіктер туралы жұмбақтар табу. Бақылау күнде тапсырманы орындау. Мәтінді оқып келу.
3.Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |