|
|
Көктем жаршысы-құстар.
Сабақтың тақырыбы:Көктем жаршысы-құстар.
Мақсаты: Оқушыларға көктем жаршысы құстар туралы мағлұмат беру. Оның адам үшін пайдасы, олар табиғаттың бір бөлігі екендігі жайлы жан - жақты түсіндіру,ойлау қабілеттерін дамытып,қоршаған ортаға қамқор бола білуге баулу.
Көрнекілігі: Құстардың суреті,көктем мезгілінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:
Сен-Күнсің ,көтерілген күліп қырдан,
Сен-көлсің,
Сен-ормансың,
Сен-бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
1.Ой-қозғау.
-Балалар табиғатқа нелер жатады екен?
-Жыл мезгілдері туралы не білеміз?
-Балалар көктемде неше ай бар?
-Көктем айларын атайықшы?
Наурыз, сәуір,мамыр.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
Күн жылы болады.Қар ериді, құстар ұшып келеді, малдар төлдейді.
-Балалар , көктемде қандай мерекелер бар?
8наурыз -аналар мейрамы,22наурыз Ұлыстың ұлы күні.
-Көктемде мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?Атаңдаршы?
Көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер-бәйшешек, қызғалдақ.
Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?
– Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?
Құстар орманда, далада мекендейді.
-Құстар ұясын қай жерде жасайды?
Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.
-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?
- Құстар құрт - құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.
-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?
Құстарға ұя жасап, жем - су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.
-Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып өлтіруімізге болады ма?
Жоқ, болмайды.
– Дұрыс айтасыңдар, торғайларға көмек көрсетуіміз керек.
Осы құстар жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?
- Құстар туралы тақпақтар айтқызу.
Оқушы:Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Оқушы: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз,қолдаймыз.
Ұя жасап ,ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз.
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Оқушы:Мен торғаймын,торғаймын
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа,шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Оқушы:Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үнгіген.
Тоқылдақ-құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.
Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз.
Бауырмал боп бәріне,
Қорғау заңын сақтаймыз.
3."Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.
Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау,жаман қасиет болса тыныш отырады.
-Гүлдерге су құю.
-Ағаштарды сындыру.
-Құстарға жем шашу.
-Құстардың ұясын бұзу.
-Ағаштардың түбін қопсыту.
-Гүлдерді жұлу.
-Құстарға ұя жасап беру.
-Құстарды рогаткамен ату.
Сергіту сәті:Бір,екі,үш.
Құстарға қарап ұш.
Қаз қанатын жайды.
үйрек мойнын созды.
Аққу көлге қонды.
Төрт,бес,алты,жеті.
Құстар ұшып кетті.
4." Кім шапшаң" дидактикалық ойыны.
Мақсаты:ой жылдамдығын ,кері байланыс түсінігін жетілдіру.
Ақ-қара.
Тәтті-ащы.
Ақылды-ақымақ.
Жақсы-жаман.
Оңға-солға.
Ыстық-суық.
Аппақ құс.
Ұры құс.
Қыста жауады.
Көктемде жауады.
5."Кім тапқыр" дидактикалық ойыны.
Мақсаты:жұмбақтардың шешуін табу арқылы ой-танымын кеңейту.
1.Қыста жер бетін жабады.
Көктемде су болып кетеді. (қар)
2.Жүрсе де құс боп,
Жұмыртқа тауып.
Қусаң да "ұш" деп, Ұшпайды .... (тауық).
3.Болмайды бізді ,
Ешқашан ату .
Түсіміз аппақ ,
Атымыз ...(аққу).
4.Үлкен үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (тау)
5.Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады.(күн)
6.Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып ,
Құстар жүрген. (ағаш)
Сергіту сәті :Қазым,қазым қаңқылда,
Көлде жүзіп,салқында .
Жем шашайын,жейсің бе?
Жоқ,жоқ
Кәмпит тәтті,болмайды ас
Арпа менен бидай шаш.
Сабақты қорытындылау .
Екі топпен сайыс өткізу.
1-топ: Үй құстары 2-топ Жабайы құстар
1)Құстар туралы жазылған ертегі,әңгімелердің аттарын атаңдар.
2)Құстардың дауысын салыңдар.
3)Құстардың суретін салыңдар.
Жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |