Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сымайыл



Сабақ тақырыбы: Сымайыл

Сабақ мақсаты: 
                       1.Білімділік: Әңгіменің  мазмұнын ұғындыру арқылы Ибраһимнің іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру.
                        2.Дамытушылық: әңгімені  түсініп оқу, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіну, сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың  белсенді оқу дағдысын дамыту .
3.Тәрбиелік: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі, имандылыққа, әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету.
   Сабақ түрі: жаңа білім беру
   Сабақ әдісі: СТО  Көркем  мәтінді оқу, түсіну, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.
    Көрнекілігі:  мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.   
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Адамата» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
 
ІІІ. Жаңа сабақ
Итермелеу сатысы:
 
Мұғалім: Ал енді бала, шөл, қала, су      сөздері туралы ойланыңдар. Осы сөздермен қандай әңгіме құрай алар едіңдер?
Осы заттармен байланысты әңгімедегі оқиғаны, кейіпкерлерді және жағдайларды елестете отырып, бірнеше минут ойланыңдар.
 
Үш минуттан кейін- енді көршіңізге бұрылып, өз ойларыңды ортаға сала отырып, бірлесіп әңгіме жазып шығыңдар.  Содан соң біреулеріңіз сол туралы айтып беріңдер.
 
5 минуттан кейін-өз оқиғасымен кім бөліседі?
Оқушының әңгімесі
Ертеде бір шағын ғана қалада  таза ниетті мейірімді жандар тұрыпты.  Сол қалада бір ананың нәрестесі  дертке ұшырайды. Баланы қаратпаған бақсы-балгерлері болмаған екен. 
Күндердің күнінде ананың түсінде «Балаңды  тау бөктерінде ағып жатқан  бұлақтың суына шомылдырсаң, балаң дертінен жазылады» деп  бір қария аян береді. Анасы  таңның атқанын тосып, бұлақтың  басына барып, баласын шомылдырады.Баласы  аурудан жазылады екен.
 
ІV.Конструкциялау сатысы:
Мұғалім: Қазір сендер «Сымайыл» әңгімеде сендерге таныс, осыған дейін кездескен барлық сөздер пайдаланған. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтағанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. Сонымен 1-ші үзіндіні оқимыз.
Ибраһим әйелі Сараны және күңі Ажарды алып, түйелерін айдап, барлық дүние-мүлкімен Палестинаға келеді.
Ибраһимнің әйелі Сара бала көтермеген еді. Ері перзент сүюді қаншалықты армандағанымен, ерін бұл арманына жеткізуге өзінде амал болмаған соң, Сара іштей қатты қиналатын еді. Сондықтан Сара өзінің адал күңі Ажарды некесіне алуды еріне ақыл етіп айтты: «онан бала көрсең, бүкіл отбасыңызбен ұрпақсыздықтың азабынан құтыламыз». Ибраһим әйелінің ақылын алды.
Мұғалім: Ибраһим әйелінің айтқанынан кейін олардың өмірі қалай болады?
Оқушы: Бақытты отбасына айналады.
Оқушы: Сара өмірге келген баланы өсіріп, бақытты ғұмыр кешеді.
Мұғалім: Келесі үзіндіні оқимыз.
Арада көп өтпей Ажар бір ұл туды. Оған Сымайыл (Сымағұл) деп ат қойды. Бала өте зерек боп өсе бастады. Ибрагим бұған ерекше қуанады. Бірақ Сараның өзегін қызғаныш өртеді. Ажар Сымайылды тапқаннан кейін, ол қорланып, іштей қатты құсаланды. Сымайылды немемсе Ажарды көргенде қатты ашуланатынды шығарды.
Мұғалім: Сараның өзегін қызғаныш неге өртеді?
Оқушы: Себебі  Сара Ажар сияқты аяулы ана емес. Оқушы: Өзінің жалғыз қалғанын түсінді.
 
Сара күні бойы жай таппай мазасыз халге түсті. Сымайыл мен оның анасы Ажарды бұл арадан кетпей, оған  тыныштық жоқ сияқтанды. Сара күйеуіне осы тілегін білдірді:
 
Мұғалім:  Сара күйеуіне қандай тілек бұйрығын?
Оқушы:  Маған тыныштық керек, қатты дауыстардан менің басым ауырады
  Мұғалім: Ибраһим әйелінің қандай талап қойса да, орындай  
         ма?
Мұғалім: Әрі қарай оқимыз
-Сымайылды шешесімен бірге неғұрлым алыс жерге апарып. Көзімнен таса етсең, жақсы болар еді.  Осы екеуін көрсем, не олардың дауыстарын естісем, өзімді қоярға жер таппаймын.
Мұғалім:  Ибраһим әйелінің талабын орындайды деп ойлайсыңдар ма?
Оқушы: Жоқ, орындамайды. Себебі  Сымайыл Ибраһимнің жар дегенде жалғыз перзенті.
Оқушы: Иә, орындайды. Сараның қызғаныштан өзегі өртеніп, балаға қастандық жасайды деп қорықты. 
Мұғалім: Қызғаныш туралы мақал-мәтелдерге тоқталайық.
V. Дәптермен жұмыс:
Күншілдік, қызғаныш туралы мақал-мәтелдер
1.Күндестердің күлі де – күндесте.
 2.Күншілдің күні қараң.
3.Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.
4.Біреудің біреу бағын көп көреді,
Біреуді біреу алдап жеп келеді.
5.Бақыты зордың - бақталасы да мол.
6.Күншіл адам - мұңшыл.
7.Қызғаныш қайда болса - ұрыс-керіс те сонда.
Мұғалім: Әрі қарай оқимыз.
Ибраһим әйелінің талабын құптады. Бұл оған Алланың әміріндей сезілді. Ол баласы Сымайылды және оның шешесі Ажарды көлікке мінгізіп, Алланың жөн сілтеуі бойынша олармен бірге өзі де жолға шықты. Жүре- жүре олар жер түбіндегі бір құмды жерге жетті. Ибраһим ана мен бала екеуін қылтиған қылтағы жоқ, құла дала мен қу медиенге тастамақшы болды. Бұл кезде ол екеуінің азығы да, сусыны да таусылайын деп қалып еді. Бірақ олар Алладан күдер үзбеді.
Ибраһим Сымайылды шешесімен бірге осы тақыр, жапан түзге тастап, еліне қайтайын дегенде:
-Ибраһим!- деді Ажар оның етегінен ұстай алып.-Қайда барасың?-Бізді осы араға тастасаң, ит-құсқа жем боламыз ғой, бізге кім пана болады Ащы күннің аптабында қайтып шыдаймыз- деп жалынды, Ибраһимнен аяушылық күткен Ажар тіпті еңіреп те жіберді.
Мұғалім: Ажардың аянышты халін көргенде Ибраһим не істейді?
Оқушы: Өзімен бірге қайтадан алып қайтады. 
Оқушы: Сол жерден бір сенімді адамдарға тапсырып қояды.
Мұғалім: Әрі қарай оқимыз.
 
Бірақ оның жалынышты, көз жасы күйеуінен ешбір жұмсарта алмады.
-Мұның өзі Алланың әмірі, оған сөзсіз бойсұнуымыз керек,-деді        ол.
Алланың әмірі екенін білген соң, Ажар да іштей құптап, үндемеді.
-Алла бізді әсте қараусыз қалдырып қоймайды,- деді ол ақырында.
Бір Алланың өзіне ғана сенген Ибраһим қайтып кетті.
Ибраһимнің сол кезде қатты күйзелісте болғаны шүбасыз еді. Ол неге күйзелмеске?  Аңсап, көксеп жүріп, қартайғанда әрең көрген жалғыз баласын, міне елсіз иенге тастап келеді! Ол жүріп келеді. Ботадай боздап келеді. Алайда ол пайғамбар ретінде, ғалайһиссалам ретінде мұндай айырылысу азабына шыдамаққа керек. Ол жар дегенде жалғызын жапан түзге тастап, үйіне оралады. Ол ана мен бала екеуіне жар бола гөр деп Алласына ғана жалынбақ.
-Ей, Алла тағала! Баламды ебелек ұшпас елсізге қалдырдым, ол өз сарайыңызға жақын. Ей,Алла тағала! Әмсе естеріне алып отыру үшін, оларды өзіңе мінажат ететін қыла гөр! Оларға жеміс-жидекті шапағат ете көр!- деп жалынды ол.
Мұғалім:  Ибраһимнің ботадай боздап  жылауының себебі не?
Оқушы:  ит-құстарға жем болып қалады ғой деп уайымдайды.
Ибраһимнің: Ей,Алла тағала! Әмсе естеріне алып отыру үшін, оларды өзіңе мінажат ететін қыла гөр! Оларға жеміс-жидекті шапағат ете көр!- деп жалынуының себебін анықтаңдар.
«Алланың мейірімі»- дегенді қалай түсінесіңдер?
Бірі-біріңмен бөлісіңдер.
Үш минуттан кейін. (оқушылардың ой-пікірлерін тыңдайды)
Мұғалім: Әрі қарай оқимыз.
VІ. Оқулықпен жұмыс: 
Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке төзді. Ашыққанда жолға алған аз ғана азығын қорек етті. Шөлдегенде  сусынға алған суынан бірер ұрттап шөлін бастиы, бірақ көп ұзамай оның алып жүрген азығы мен суы тақа таусылды да, аштықтан ішегі шұрылдап, шөлден ерні кезерді. Сайт с каталогом проституток Казани: dosug-16.com Интим досуг Ажар мұның бәріне шыдады, алайда емізуге омырауынан сүті, беруге қолында суы жоқ болғандықтан, бауырындағы баласы аштыққа, шөлге шыдамай шырылдап безек қақты...
Бала ақырын бір аяғын көтеріп, жерді түртіп қалды. Кенет оның өкшесінің астынан бұрқылдап су шықты, тасты жарып мөлдір бұлақ ақты.
Әлгі су әби зәмзәм еді. Ол сол кезден бастап күні бүгінге дейін тоқтаусыз ағуда. Қажыға барушылар осы зәмзәмға келіп, одан шөлдері қанғанша ішіп, туыс-туғандарына көтергендерінше алып қайтады.
Суреттпен  жұмыс. 9-сурет 
«Сымайылдың өкшесі тиген жерден бұлақ пайда болуы»
 Әңгімедегі Ажар қандай адам?
Ажарға мінездеме бере кетеді.
VІІ.  Нұсқалау сатысы
Ал енді осы әңгіменің кейіпкерлері туралы көп нәрсе ортаға салынса да, салыстырмалы картаны жасайық. Оны жұпта жасаңыздар.
Әңгіменің кейіпкерлері туралы  салыстырмалы карта толтыру
Ибраһим Сара Ажар
дәрменсіз зәру күңшіл қызғаншақ қажырлы батыл
 
Ибраһим  әйелі Сараның айтуымен  жалғыз баласы сен Ажарды  ен далаға апарып тастаған іс-әрекеті дұрыс па, әлде бұрыс па?
Дұрыс және бұрыс жақтары
1-оқушы (дұрыс)
Ибраһим  әйелінің күңшіл, қызғаншақ адам екенін біледі, сондықтан  жан дегенде жалғыз баласын ен далаға апаруға мүжбүр болды. Алайда  ол баласына алаңдап, алла тағалаға: -Ей, Алла тағала! Баламды ебелек ұшпас елсізге қалдырдым, ол өз сарайыңызға жақын. Ей,Алла тағала! Әмсе естеріне алып отыру үшін, оларды өзіңе мінажат ететін қыла гөр! Оларға жеміс-жидекті шапағат ете көр!- деп жалынды ол.
2-оқушы: Қазақ халқында мынадай мақал бар: Күндестердің күлі де – күндесте.
VІІІ. Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
1. Сымайыл өмірге қалай келді?
2.Ибраһимнің Сара өтінішін Алла өміріндей орындау себебі не?
IХ.Үйге тапсырма
«Алланың мейірімі» эссе жазу.
Х.Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
Менің сүйікті Пайғамбарым хазіреті Мұхаммед
Сымайыл,зәмзәм
Бәрінің бастауы махаббат
Сымайыл, Зәмзәм
Тұрлаусыз мүшелер
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
ЗӘМЗӘМ
Сымайыл
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6545 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 5 декабря 2014 12:44
ОЛ ӨТЕ ЖАҒҚСЫ
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык