Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЗӘМЗӘМ



ЗӘМЗӘМ

Мақсаты: ислам діні ,имандылық  жөнінде  білімдерін  кеңейту ,бір-бірінің  пікірін құрметтейтін  ортаны   ,білім –білік  дағдысын  қалыптастыру.
Имандылыққа, Алланы,тануға,Ислам шарттарын  білуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу .
Дамытушылық түсініп оқу ,сөз астарына үңіліп,мағынаны тусіну,түйінді   ой айта білуге  ,өзіндік пікір  қалыптастыруға  жетелеу, ойларын еркін  жеткізе  білу және қиялын дамыту.Шығармашылық ізденісін дамыту.
Көрнекілігі:Интер  белсенді   тақта,»Құран Кәрім»,Мекке   Мәдина суреті, Әбсаттар Қажы Дербісалы  бейнесі.
Әдісі:Оқыту  страгетегиясы ,топтастыру.
Түрі;Иман-өнеге  сағаты
Типі:  Білімді  жинақтау ,жүйелеу.
Пән  байланысы: Қазақ тілі ,беейнелеу,тарих,математика,дінтану.
Барысы 1.    Ұйымдастыру
Амандасу.
Сабаққа зейінін  аудару.
2.Үйтапсырмасын  сұрау.
1.Сымайыл  өмірге   қалай  келді?
2.Сара қандай  сезімде  болды?
3.Ибрахим  неге   Сара  өтінішін  орындады?
Топтық   жұмыс.
1-жұмыс.Кейіпкерлерге мінездеме.
           1-топ.Ибраһимге мінездем
2-топ.Сараға  мінездеме.   
3-топ.Ажарға  мінездеме.    
2-жұмыс .Шыдамдылыққа,төзімділікке байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін  ,афаризмдерді тауып айту.
Жаңа  сабақ.Слайдтан  оқу.
Болжау  стратегиясы
Ажар  тағдырдың  басқа салғанына көніп,тап  болған тауқыметке             төзді.Ашыққанда жолға алған аз ғанаазығын қорек етті.Шөлдегенде  сусынға  алған  суынан  бірер ұрттап ,шөлін басты.,бірақ  көп  ұзамай  оның  алып жүрген азығы   мен суы таусылды  да  ,аштықтан ішегі шұрылдап,шөлден ерні  кезерді.Ажар  мұның бәріне шыдады,алайда  емізуге омырауында сүті, беруге  қолында   суы жоқ   болғандықтан,бауырындағы   баласы аштыққа, шөлге шыдамай  шырылдап безек қақты.Бұған қабырғасы қайысқан ана  көз жасын   көлдеткеннен  басқа амал  таппады.Баласының   шөлін  көз жасымен  ,бойдағы қанымен  баса алсам деп ойлады ол.Әйткенмен  бұл  ананың  жүзеге  аспайтын  тілегі еді.
НЕ   БОЛДЫ?
ҚАНДАЙ   ДӘЛЕЛІҢ   БАР? 
НЕ  БОЛАДЫ  ДЕП ОЙЛАЙСЫҢ
Баласының   күннен –күнге жүдегенін  көргенде Ажар қатты  күйзелді.Лажы болса  бұл  қиыншылықтан   құтылудың   жолын  іздеп  табуға  оқтаиланды.Сонан  Ажар  баласын  жерге қойды  да   ,су іздеп  шықты.Ол жүріп келеді .Баласының  жылаған  даусына  елеңдеп   қабырғасы  қайысады.Баласына  бірер ұрттар  су, бірер  тістер тістер  азық  табу  үшін   ол   Сафа   тауының  әр тасын  түгел аударып шықты,бірақ  ештеңе  таба  алмады.Қинала-қинала  баласының қасына   қайтып  келді.
Баланың  кенезесі  кеуіп  ,әлі құрып,жылауға да   шамасы   келмей  қалды.Өзеуреп  қол  қол-аяғынан   дәрмен де кетті . Кірпігі әрең  қимылдайды.Жас нәрестенің   жан   тәсілім етуге  айналғанын көргенде, оны құтқаруға шара таба алмай  анасының мысы құрыды.Сұлқ жатқан   баланы көргенде  әрқандайадамның тасбауыр  болса  да жаны ашыр еді.
Бала бір аяғын көтеріп,жерді түртіп қалды.Кенет   оның  өкшесінің астынан   бұрқылдап су шықты,тасты жарып мөлдір бұлақ ақты.
НЕ   БОЛДЫ?
НЕ БОЛАДЫ   ДЕП   ОЙЛАЙСЫҢ ?
ҚАНДАЙ ДӘЛЕЛІҢ  БАР?
Баласы   екеуіне Алланың   жалған   рақымын   және   қамқорлығын   көзімен   көріп   тұрған   ана  тұла   бойы  талмаусырап    отыра  кетті.Маңдайынан  шыпылдап  тер  де шықты,Сонан   Ажар ештеңеге  қарамай Смайылдың  қасына   барып   оған  су   берді.Бала ақырын-ақырын серги бастады.Ол баласын бауырына алып   әлдиледі, көзінен ыстық   жас парлады  .Шаршап  шалдығу ,қайғы қасірет  және  мұң   шер  сол жаспен бірге  шайылып кеткендей болды.Осы сәтте ғана  ана су ішуге  мұрсат  тауып қанғанша   сімірді.Ақырын-ақырын ол  да   әлденді. Басынан  неше  күннен бергі қара бұлт сейілді.Мұның   өзі  Алланың шапағаты,мейір рақымы еді.
Әлгі су зәмзәм еді.Ол сол кезден   бастап  күні   бүгінге   дейін  тоқтаусыз  ағуда.Қажыға  барушылар  осы зәмзәмға   келіп   ,одан  шөлдері қанғанша ,туыс-туғандарына  көтергендерінше   алып қайтады.Бұл арадан су  шыққан соң ,құстар да  оның көгінде үйіріліп  ұша бастайды.Сол тұста  осы  арадан көшіп бара жатқан  сауда керуені   ұшып-қонып жүрген құстарды байқап ,бұл арада су болу керек   деп  бірнеше адам жібереді.Судан  хабар тапқан олар   осы араға келіп қоныстанады.Ажар бұған  қаттықуанады.Олардың өзіне   көрші болғандарын да ұнатады.Ана мен бала екеуінің  қасына  бұл  адамдарды  әкелген  Алласына Ажар  рақыметін жаудырды.
Смайыл  қалай   аман   қалды?
Ана мен баланың   аман қалуына  себепші болған   не?
Зәмзәм   суы  дегеніміз  не екен?
 
Зәмзәм –Меккедегі қасиетті құдық.Қағбадан  Оңтүстік шығысқа қарай   20 метр жердеБАНИ  ШАЙБА  есігінің    қара тасқа қарама-қарсы   орналасқан      усті күмбезбен көмкерілген бұл  қасиетті құдықтың тереңдігі   42 метр.
Зәмзәм   суы  қасиеттісу.Қағбаға  тәуіп етіп  барғандар бұл суды  ішіп қана қоймай,өздерімен бірге алып кетіп жатады.Зәмзәм  суында   түрлі ерекше қасиеттер бар.Ол ауруларды  емдеп жазады.Адамға қуат бітіреді,аштық сезімін басады.Зәмзәмнің қағба   маңында орналасуы  Исламға дейін  құрмет тұту  рәсімін қалыптастырды.Зәмзәм  суымен  жуыну,оның суын ішу қажыға  барушылар арасында   кең   тараған
 Суреттер
3-ТОПТЫҚ     ЖҰМЫС             
МУЗЫКА  ЖІБЕРІЛЕДІ.»Аллаға шукір»
1.Адалдық адамдық жол құраннан басталады
2.Ислам  дінінің тәрбиелік мәні қандай?
4-топтық жұмыс Пікірді қолда не қарсы  шық.
Әр түрлі діни ағымдарға  қалай қарайсың
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСАЛҰЛЫ.ВИДИО
Бекіту.СЛАЙД.Н.Назарбаев;
1.«Саясат күнде өзгереді,ал дін мәңгілік.Біздің тегіміз-Ислам  екенін ұмытпаумыз керек.Ол үшін  қасиетті құран- Кәрімді
Насихаттауды естен шығармаумыз керек.»
2.Дінге бет бұрғанымызды  неден көруге болады?
БАҒАЛАУ.
Үйге  тапсырма.ойтолғау «Дінімізге адал болайық»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сымайыл,зәмзәм
Сымайыл, Зәмзәм
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам діні туралы білім
Сымайыл
Ислам діні туралы не білеміз?
Қасиетті Құран Кәрім
Дін және мәдениет. Ислам дінінің таралуы.
Ислам – бейбітшіл дін.
Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3709 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык