Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 11765 |
|
|
|
Тәрбие басы отбасы
Тәрбие басы отбасы
(баяндама)
Халқымыз қашаннан бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан ас зор мән берген. Баланың дүниеге келуінен бастап оның адам болып қалыптасқанға дейінгі салт-жоралғыларының барлығы тұнып тұрған тәрбие. Абай атамыз айтқандай «Келгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»-демекші, әлдилеп айтылған өлеңнің өзі баланың болашақта адам болып, дүниеге кірпіш болып қаланса екен деген игі тілектермен айтылады.Ия, «Отбасы-шағын мемлекет» дегендей, отбасы мүшелері бір-бірімен тату, ынтымақта болғанда ғана береке, бірлік болады. Баланың жарық дүниеге келгеннен бастап ой-өрісінің дамуы мен сана сезімінің толысуына ата-анасының берген тірбиесі маңызды болмақ. Бүгінгі жиналыстағы баяндама осы тақырыпқа арналмақ.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Дана халқымызда мынадай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлындай қина, он үштен әрі сырласыңдай сыйла» деген екен. Әлем мойындаған ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы деген екен. Француз қайраткері Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»-деген екен.
Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Бізге балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы –балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсетілген.Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұлпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлуда сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.
Бала тәрбиесінің негізін қалайтын ата-ана. Қ.Р. Ата заңында «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы және парызы делінген. Сол себепті әрбір ата-анаға өзінің өмірге әкелген баласын тәрбиелеуде табиғи жауапкершілік алғаны жөн. ХХІ ғасыр ғалымдары жас ұрпақтың тәлім –тәрбиесіне түрлі зерттеулерде отбасылық мәселелердің күрделі екендігіне тоқтала отырып, бала тәрбиесіндегі отбасының ғұрыптық ұлттық сипатта атқарылатын қызметіне аса назар аударады. Елбасы «Қазақстан-2030» бағдарламасында тағыда бала тәрбиесіне тоқталады. «Әкелер мен аналарымыздың, аталар мен әжелеріміздің өз балалары мен немерелерінің алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіс. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді» дегені белгілі.
Осында өзіндік пікірі, таңдауы, шешімі бар оқушы тәрбиесі қоғамдық іс деп қаралып, білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Бала үшін отбасы әлеуметтендіруден басталатын ұжым.
Отбасы ұжымы дегеніміз-тату-тәтті, бір-бірімен байланысты бір мақсаттағы, мүддесімен көзқарасы біріккен адамдар тобы. Ата-ана мүддесі мәні мен мағынасы әке мен шешенің бір-біріне, балаларының ата-анаға, достарына қалай қарайтындығына байланысты. Өз баласының тәрбиесін жеке өз ісінің ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық борыщыңды орындау деп қарау керек. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата –аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Дұрыс тәрбиенің кілті-бүкіл отбасы құрылысында. Баланың денесі мен рухани жақтан қалыптасыуының негізі-отбасы.
«Тәрбие басы-тал бесік» немесе «ұяда не көрсең –ұшқанда соны ілесің» деп халық даналығында айтылғандай, бала тәрбиесі ең алдымен өз отбасы-ошақ қасында ата-ана тәрбиесінен басталатыны баршамызға белгілі. Сондықтанда дүниеге келген жас ұрпақтың дамуына ата-анасының тәрбиелік орны ерекше. Балалардың қоғамдық өмірге аяқ басқанда қабілетті, өнегелі, саналы адам болып өсіп жетілуі-қоғам үшін маңызы өте зор. Балалардың өз бойында ата-анасының бар болмысын көрсетсе, ата-аналары да өз өмірінің жалғасын балаларынан көріп, шаттыққа бөленеді. Балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және оның қадір –қасиетін түсінуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге,мейірімділікке, өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары.
Өмірде көріп жүргеніміздей кейбір ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, көңіліне қарап тәрбиелейді, ал кейбір отбасыларында айтып отырған тәрбие өнегелеріне немқұрайлық танытып жатады. Бала өсіп ер жеткен соң оғаш қылығын көргенде ғана өткен күнге өкініш білдіріп жатамыз. Сондықтанда баланың дұрыс қалыптасуы үшін мына жайттарды ескергеніміз жөн.
• Оқушының өз тәрбиеленушісімен бірге тәрбиеге қатысуы;
• Ересектердің баланың барлық құқықтарын мойындауы;
• Балаға тұлға ретінде қарап, оның шығармашылық қабілетін дамыту;
• Бала тұлғасының қасиеттерін, өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынын дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп тәрбиелеу.
Еліміздің ертеңгі болашағы –бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді.Өскелең ұрпақтың жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақтаған асыл мұрасыман байытып, ұлттық дәстүрдің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» ата-анадан бастап, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Құрметті,ата-аналар! Әрине бала тәрбиесі оңай шаруа емес, бала тәрбиесіне мектеп-ата-ана-мұғалім бірігуіміз керек. Сонда ғана білімді, парасатты, тәрбиелі оқушы тәрбиелеп шығамыз. Бала тәрбиесіне шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер. Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!
М.Тәжин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Әбдіғалиева Айсана Нағашыбайқызы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |