Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үздік факультативтік оқу бағдарламасы


Үздік факультативтік оқу бағдарламасы

Үздік факультативтік оқу бағдарламасы

Қазақ тілі талай ғасырдың қыры мен сырын, қалтарысы мен бұлтарысын бүккен тарихи терең тіл. «Сыны кетсе де сыры кетпеген» бұл тілдің сұлулығы мен сипатына әлі күнге көзі қарақты азаматтар үңілумен келеді.
1989 жылдан мемлекеттік мәртебеге ие болған туған тіліміздің айшықты  да әсерлі сыртқы табиғатына көңіл бөлген ғалымдар, әдіскерлер, ұстаздар әлі күнге ішкі болмысында зерттеуде, соны жаңалықтар дүниеге келуде. Қазақ тілінің бұл факультативтік бағдарламасы 11- сынып оқушысының алдына бірнеше міндет- мақсаттарды  қояды.
1.Қазақ тілінің шығу тегі мен қазіргі мемлекеттік мәртебесі және ол туралы заңдар бойынша білімін пысықтау.
2. Қазақ тілі білімінің салалары  мен олардың зерттеу обьектілерінің кестесін оқып-үйрену.
3. Қазақ әдеби тілінің нормалары, стильдік ерекшеліктері, пунктуация мәселелерін жетік меңгеру.
4. Ауызша да , жазбаша да жоғары тіл мәдениетін, танымдық-біліктілігін, яғни қазақ халқының материалдық, рухани, тарихи-мәдени байлығын ана тілі арқылы таныту.
 
ХІ сынып (апталық сағаты-2, жылдық сағаты-68)
     Кіріспе сабақ (2 сағат). Қазақ тілі туралы
Түркі тілдер тобының 6 топқа бөлінуі. Оңтүстік тобы (түрік, гагауыз, әзірбайжан, түркімен) , батыс тобы (қарайым, қарашай,малқар,қырым татарлары, құмық,татар , башқұрттар), орталық  топ (қазақ, қарақалпақ, ноғай,қырғыз), шығыс тобы (өзбек, ұйғыр, сары, салар), солтүстік тобы (алтай, шор,хақас, тува, тофа, саха), чуваш тобы.
Көне түркі тілдері (хазар, бұлғар, ғұн, көктүрік, сақ, авар) мен әлемдегі түркі тілді халықтар тіл туыстығы жағынан 6 топқа бөлінеді. Қыпшақ бұтағы, оғыз бұтағы , қарлық бұтағы, аралық бұтақ, чуваш, саха.
Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заңдары (1989,1995,1997 ж), Қазақстан Республикасының Ата Заңында қазақ тіліне берілген бабы (7 бап), қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, дамыту мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын» (2001- 2010 ж) басшылыққа алу. Заң, тұжырымдамаларды жаттау, қорытынды-тест (1 сағат).
 
Қазақ тіл білімі тараулары туралы түсінік.
Фонетика туралы (2 сағат)
 
Қазақ лингвистика ғылымы үлкен 3 салаға бөлінеді. Лингвистика қай тілден енгенін айту.
Фонетика, лексика, грамматиканың зерттеу салаларына қысқаша тоқталу.
Фонетика және орфография.
Дыбыс, фонема, әріп, алфавит. Тіл дыбыстары туралы түсінік. Дауысты дыбыстардың емлесі: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,и,я,ю,е,э әріпітерінің қолданылуы.
       Дауысты дыбыстардың емлесін тест-бақылау алу. 1-сағ
Дауыссыз дыбыстыр, оның түрлері, емлесі:
Қ,к,ғ,г,х,б,в,д,,ф,ц,ч,щ, (дифтонг-ю,я) қосарлы дауыссыздардың емлесі, айыру (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерінің қолданылуы. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолына қарай бөлінуі.
Буын және оның түрлері. Тасымал.
Тасымалдауға болмайтын сөздер мен буын туралы айту.
Тест-бақылау сабағы (1 сағ).
Үндестік заңы туралы түсінік (4 сағ).
Буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Кірме сөздегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлері.
Екпін. Ой екпіні,сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар.
Кесте-сызбаларды мысалдармен келтіре отырып түсіндіру.
Тірек сөздерді пайдалану.
Тест- бақылау сабағы (2 сағат)
Орфография және орфоэпия (2 сағат)
Орфография-дұрыс жазудың нормасы, орфоэпия-дұрыс сөйлеу нормасы.
Орфографиялық заңдылық негізделетін принциптер:
А) фонетикалық; ә) дәстүрлі принцип; б) морфологиялық принцип.
Қайталау – тест қорытындысын алу. (1 сағ)
Лексика тарауы туралы түсінік. (3 сағ)
Лексиканың негізгі салалары
                                         Сөз бен ұғым
Сөзбен мағына.Сөз мағыналары.
Полисемия туралы түсінік. Омоним мен полисемияның айырмашылығын түсіндіру. ( 1сағ)
Табу сөздер мен этимология тарауы туралы түсінік беру.
Ономастика, топонимикалық сөздердің шығу тарихы.
Эвфемизм мен дисфемизм. (2 сағат)
Тілдің суреттеме құрал-троптарын оқыту.
Метафора, эпитет,синекдоха, метонимия, теңеуді көркем мәтіндерді пайдалана оқып ұғындыру.
Термин сөздер, олардың қолданылу аясын айту.
Басқа тілден енген сөздерді ажырата білуге үйрету. Араб- иран тілдерінен, монғол тілдерінен, түркі тілдерінен енген сөздерді білуге бағыт беру.
Фразеологиялық сөз тіркесі туралы түсінік. (1 сағат)
Фразеология грек тілінен шыққан термин.
Фразеологиялық сөз тіркесі екіге бөлінеді: фразалық тіркес пен идиомалық тіркес.
Мақал мәтелдің айырмашылығын оқыту. Қайталау- тест қорытынды сабағы (1сағ)
Диалектология туралы жалпы түсінік (2 сағ)
Арготизм, жергілікті диалектілер мен әлеуметтік диалект, әдеби тілдің ара салмағын ұғындыру. Говор, диалект, метатеза туралы түсінік беру.
Сөздік дегеніміз не?
Сөздіктің түрлері: омонимдік, энциклопедиялық, синонимдік, аударма, түсіндірме сөздік, терминдік сөздік. (1 сағ)
Тест-қайталау сабағы. (1 сағ)
Грамматика тарауы туралы жалпы түсінік.
Сөзжасам және орфография (2сағ)
Сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық ұя, сөзжасам жүйесі. «Грамматика» терминіне түсінік беру. Тарихи грамматика, сипаттама (синхрондық) грамматика, салыстырмалы грамматика бөлімдеріне шолу жасау.
Грамматикалық тәсілдер, грамматикалық құрылым, грамматикалық форма, грамматикалық мағынаны ажырату.
Грамматикалық тәсілдер үшке бөлінеді: синтетикалық, аналитикалық,лексика-семантикалық тәсілдер.
Жұрнақтар,нөлдік форма, көмекші морфема, сөз тұлғаларын оқыту. Дара сөздер, күрделі сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. Негізгі және көмекші сөздерді мысалдармен ұғындыру. Туынды сөздер бес түрлі жолмен жасалатынын дәлелдеу: лексикалық жолмен, жұрнақтар арқылы, бірігу арқылы, қосарлану,тіркесу жолдарымен.
Тест бақылау сабағы (1 сағат). Сөзжасам жүйесі: (5 сағ)
Зат есімнің сөзжасамы.
Сын есімнің сөзжасамы.
Сан есімнің сөзжасамы.
Етістіктің сөзжасамы. (шақ, рай,есімше,көсемше,етіс,тұйық етістік, болымды, болымсыз етістік категориялары.)
Есімдіктің сөзжасамы. (құрамына қарай, тұлғасына қарай, мағынасына қарай, мағынасына қарай бөлінуі.)
Еліктеуіш сөздерінің сөзжасамы: (дыбыстық және бейнелік түрлері)
Одағайдың сөзжасамы : (шақыру, жекіру,көңіл-күй одағайлары)
Шылау: Жалғаулық,демеулік,септеулік,сұраулық. Тест-бақылау сабағы:(1 сағ).
Синтаксис және пунктуация туралы жалпы түсінік.
Кіріспе сабақ (1 сағ)
Синтаксис-грек тілінен енген сөз (Sintaxis- құрастыру деген мағынаны береді.
Синтаксистің басты арнаулы объектісі екеу: бірі-сөз, екіншісі-сөйлем. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері төртеу: интонация арқылы, орын тәртібі арқылы, жалғау арқылы, шылау арқылы. Сөз тіркесінің байланысу түрлері: Қиысу, меңгеру,матасу, жанасу,қабысу.
Сөз тіркесінің топтастыру принциптері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері екеу: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.
 Сөз тіркесінің құрылысы. (1- сағат).
2-ортақ
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағыналарын оқыту.
Тұрақты сөз тіркесі мен еркін сөз тіркесінің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Тест-бақылау сабағы (1 сағ)
Сөйлем туралы түсінік (1 сағ)
Сөйлем ,оның негізгі белгілерін білу. Айтылу мақсатына қарай сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
Сөйлем мүшелері, оның негізгі белгілері (2 сағ)
1.Бастауыш, негізгі белгілері, құрамы, мағынасына қарай қалай бөлінуі.
2.Баяндауыш, негізгі белгілерін оқыту: есім баяндауыш, етістік баяндауыш, құрама баяндауыш.
«Предикат» деген термин-баяндауыш екенін ұғындыру.
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Предикативтік қатынас.Толықтауыштың негізгі белгілері: мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері:
Анықтауыш, негізгі белгілері,мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері.
Пысықтауыш, негізгі белгілері,мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері
Тест - бақылау сабағы (1 сағ)
Оқшау сөздер түрлері (1 сағ)
Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің өзіндік ерекшеліктері, олардың тыныс белгілері, орын тәртібі туралы түсінік қалыптастыру.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы. Оңашаланған айқындауыш, тыныс белгілері.
Қосарлы айқындауыш. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы.
Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілері. Сөздердің орын тәртібі және ой екпіні.Тест-бақылау сабағы (1 сағ)
Жай сөйлем синтаксисі 1 сағат.
Жақты және жақсыз сөйлем.
Жақсыз сөйлемнің жасалуы. Жалаң және жайылма сөйлем.
Толымды және толымсыз сөйлем.
Атаулы сөйлем.
Тірек сызбаларды қолдана отырып, мысалдармен түсіндіру.
Тест-бақылау сабағы (1 сағ)
Құрмалас сөйлем синтаксисі 3 сағат.
Салалас құрмалас сөйлем түрлері. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.Тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Көп басыңқы сабақтас пен көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін ажырата білу. Көп бағыныңқы сабақтас, оның екі түрі: Сатылы және жарыспалы көп бағынынқы (Бірыңғай жарыспалы және әр алуан жарыспалы сабақтас)
Тест-бақылау сабағы (1 сағ)
Аралас құрмалас сөйлем туралы.
Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
Қазақ тілінің стилистикасы туралы түсінік. (3 сағат)
«Стиль» терминіне түсінік беру.
Тіл стилистикасы туралы ұғымды тереңдету.
Ауызекі сөйлеу стилі.
Ауызекі сөзге ерекшелік беретін түрлері лексикалық тұлғалар.
Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері: дидирластық, полемикалық, көпшілікке арналған сөз.
Көркем әдебиет стилі.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді тану.
Ресми ісқағаздар стилі, түрлері
Ісқағаздары стилінің ерекшеліктері Публицистикалық стиль, публицистикалық стильдің сипаты, ерекшеліктері.
Ғылыми стиль , тілдік көріністері.Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндетін білу.
 Тест-бақылау сабағы (3 сағ)
Пунктуация 3 сағат
«Пунктуация» термині латын тілінен аударғанда «punctum» -нүкте деген сөзден шыққан .Тыныс белгілердің қойылу ерекшеліктері:
1. Сөйлем соңына қойлатын тыныс белгілер.
2. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер.
3. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер.
4. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша.
Қорытынды – тест сабағы (2 сағат)
 
Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне, икем – дағдысына қойылатын талаптар.
 
Оқушылардың ана тілінің нәрімен мол сусындап өсуінің ,олардың ғылыми ойлау жүйесінің дамуындағы, әлемдік ілімді жете меңгеріп, өз елінің ұлтжанды азаматы болып ер жетуіндегі рөлі ұшан-теңіз.
Мектеп бітіруші түлек, келешек мамандық иесінің, қазақ лингвистикасымен берік қарулануы-оның жазбаша сауатты, жоғары тіл мәдениетін жетік меңгерген, педагогика-психологиялық тұрғыдан зор тәлім-тәрбие алған, эстетикалық талғамы биік, салиқалы да саналы азамат қатарынан орын алуының көрінісі.
Төменгі сыныптардан бастап грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ауыр, жеңіл түрлеріне қарай сипаттап, ажыратып, жүйелі тиянақтап шыққан оқушы ауызша да, жазбаша да грамматикалық қателерге ұрынбайды.
Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән берген оқушының ой-өрісі, дүние танымы кеңейіп, өзіндік пікірі қалыптасып, ғылым саласында да әдеби мәнерде сөйлеуге дағдыланады.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау ләзім.
Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану-бүгінгі өмір талабы екенін айтуымыз қажет. 
Тараулар мен тақырыптарға бөлінген сағат саны : 
Кіріспе сабақ- 2 сағат.
Фонетика туралы барлығы -8 сағат
Тіл дыбыстарына -2 сағат
Үндестік заңы -4 сағат
Орфография, орфоэпия -2 сағат
Лексика тарауы туралы түсінік. Барлығы -10 сағат
Грамматика тарауы  Сөзжасам жүйесі -5 сағат
Сөзжасам және орфография -5 сағат
Синтаксис пен пунктуация 5- сағат
Қазақ тілінің стилистикасы -3 сағат
Пунктуация 3- сағат
Тест-бақылау сабағы -17 сағат
Қайталау сабағы -2 сағат 
 
Пайдаланған әдебиеттер:
 
1. Кеңесбаев, Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі «Лексика, фонетика» Алматы 1975ж
2. Ж. Садуақасұлы «Тілдік талдау үлгілері» Қызылорда 2000ж
3. «Кестелі грамматика» , «Ана тілі» 1996ж С. Хасанова, Т. Әбдіғалиева
4. «Орфографиялық варианттар», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2000, 4
5. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті».
6. Қазақ тілінің грамматиксы 1,2 –томдары
7. Қазақ диалектологиясы Ш. Сарыбаев
8. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы Ш. Сарыбаев 1989ж
9. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» М. Балақаев 1989ж
10. «Жай сөйлем синтаксисі» Р. Әмір, Ж. Әмірова 1998ж
11. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту Ә. Әлметова «Арыс» 2001ж 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Тіл білімі салаларын оқыту
Сөз сыры
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
Практикалық қазақ тілі
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ курсы бағдарламасының мазмұны
«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5895 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык