Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Практикалық қазақ тілі


Практикалық қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі

Түсінік хат
    Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. 
 
       "Практикалық қазақ тілі" факультативінің мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
        Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
- оқушылардың фонетикалық,  морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
- тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы  теориялық білімдерін жүйелеу;
- теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
 
    Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты  тест жұмысына ,1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған. 
     Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М.Балақаев пен 
Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/  атты еңбектері пайдаланылды. 
    Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
    Факультативтің  жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;
4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау;
 Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады. 
Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар: 
Оқушылар нені білу керек:
- қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
- білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
- талдау машығының жоғары болуы;
- орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
- салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек: 
- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
- грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;
- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;
ББД деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Тест жұмыстары
3. Талдау жұмыстары
Оқу-әдәстемелік кешендер:
1. Дидактикалық материалдар
2. ҰБТ жинағы
3. Электронды оқулықтар
Факултатив бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже: 
- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;
- сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;
"Практикалық қазақ тілі"  факультативі  бағдарламасының мазмұны
                                                          Барлығы - 34 сағат
                                                                         Апталық сағат саны - 1 сағат
1- тақырып.  Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары.Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту.
2 - 3- тақырып. Фонетика. Дауысты дыбыстар. 
Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары.
4 - 5- тақырып. Дауыссыз дыбыстар, емлесі. 
6 - тақырып. Орфография мен орфоэпия.  Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.
7-8 - тақырып. Үндестік заңы.Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы. 
9 - тақырып.  Буын. Тасымал. Екпін.Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.
10 - тақырып. Тест жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.
11 - тақырып.  Лексиканың салалары туралы.
12-13 - тақырып. Қолдану аясы шектеулі сөздер Бір-бірінен ажырата білу.
14 - тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.
15-16 - тақырып. Сөз мағынасы. Антоним. Синоним. Омоним.
17 - тақырып. Тест жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау. 
18 - тақырып. Сөзжасам. Сөз құрамы.
19 - тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.
20 - тақырып. Морфология. Сөз таптары. Зат есім. 
21- тақырып. Сын есім. Түрлері.Қызметі.
22 - тақырып. Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.Емлесі.
23- тақырып. Есімдік. Есімдіктің түрлері.
24 - тақырып. Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.
25 - тақырып. Үстеу. Түрлері.
26 - тақырып.Одағай. Түрлері.
27 - тақырып. Шылау. Атқаратын қызметі.
28 - тақырып. Тест жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін  қорытындылау.
29 - тақырып.  Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.
30 - тақырып. Сөйлем. Түрлері. 
31 - тақырып. Сөйлем мүшелері.
32 - тақырып. Бірыңғай мүшелер.Ерекшелігі.
33 - тақырып. Тест жұмысы. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.
34 - тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.
 
 
 
Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:
 
1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006
2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007
3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар» 
4. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007
5. Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті»  журналдары
7. «Жайық ұстазы» газеті
8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»
9. М. Томанов: "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" А-1988 ж.
10. М.Әуезов: "Абай жолы"
 
 
Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын  әдебиеттер:
 
1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006
2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007
3. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007
4. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы
5. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова  «Тарихи тұлғалар»  Алматы,2006
6. Энциклопедиялық анықтамалық.  Алматы,2005
7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  Алматы, 2008
8. Қазақтың би-шешендері
9.  Газет, журнал материалдары
10. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»
11. Мақал – мәтелдер жинағы
12. Диалектологиялық сөздік
13. 5- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.
 
 
 
 
№ Тақырыбы Сабақтың мазмұны Көрнекі құрал Оқушының іс-әрекеті Пәнаралық байланыс Сабақтың түрі Бақылау түрі Күтілетін нәтиже Сағат саны Мерзімі
1. Кіріспе сабақ.
Қазақ тіл білімі -Мұғалім баяндамасы. 
-Сұрақтар беру.
-Сызбалармен жұмыс.
- Қазақ тілі білімінің салаларын саралау. Кесте, электронды оқулық Тіл білімінің салаларын зерделейді. 
Әр саласын жіктеп,  талдау жасайды. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Оқушылар өз білгенін еске түсіріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алады. 1
2-3 Фонетика.  Дауысты дыбыстар. - Оқушыларды үш  топқа бөлу.
 -Әр топ тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай бөлінуін  зерделейді.
-"Ұтымды жауап" ойыны
-Сұрақ-жауап
- Сатылай кешенді талдау жасау
- Формативті бағалау Үлестірмелі парақша
оқулықтар Оқушы сұрақтарға жауап береді, ойынға араласады, талдау жасайды, бір-бірін бағалайды. Қазақ әдебиеті Аралас  сабақ Өзіндік жұмыс Сабақта белсенділік танытады, тақырыпты жан-жақты меңгереді, сатылай кешенді талдау үлгісін толықтырады. 2
4-5 Дауыссыз дыбыстар, емлесі - Топқа бөлу 
- Дауыссыз дыбыстарды кестеге жіктеу.
- Емлесін түсіндіру
- Талдау жасау
-  Венн диаграммасы
- Бағалау Электронды оқулық.
Кесте. Дыбыстарды жіктеп, емлесін үлестірмелі қағаз арқылы пысықтайды.
Фонетикалық талдау жасайды. Орыс тілі Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Білгенін толықтырады. Талдайды. 
Ойланады. 
Бақылайды.
Салыстырады. 2
6 Орфография мен орфоэпия -Оқушы таныстырылымы
Орфографиялық заңдылық бойынша мысалдар беру.
-Жаттығулармен жұмыс.
Шығармалармен жұмыстану.
-Бағалау. Интербелсенді тақта. Таныстырылым дайындайды.
Жаттығулармен жұмыстанып, шығармалардан орфографиялық заңдылықты табады. Қазақ әдебиеті Аралас сабақ Өзіндік жұмыс Өз бетімен жұмыстанады. Сыни тұрғыдан ойланады. 
Оқушы зеректігі артады. 1
7-8 Үндестік заңы - Кестемен жұмыс
- Кесте арқылы тақырыпты ашу.
-Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайларды табу. 
-Мысалдардан ілгерінді, кейінді ықпалды табу.
- Жұппен жұмыстану.
- "Есте сақтау" минуты арқылы қорытындылау. Электоронды оқулық Тақырыпты жаңа қырынан ашады. 
Мысалдардан ереже  жинақтайды. Жұппен жұмыстанады. Қазақ әдебиеті Аралас сабақ Өзіндік жұмыс Өз бетімен ізденеді. 
Оқушы ынтымақтастығы артады. Ойлау дағдысы жетіледі. 2
9 Буын. Тасымал. Екпін. - Топқа бөлу
- Әр топ өз атауы бойынша шолу жасау.
- "Көксерек" шығармасынан үзіндіні буын түрлеріне талдау.
- Тасымалдауға болмайтын жағдайларға әр топтан 5  мысал.
-Екпіннің түрлеріне  мысалдар жазу.
- Критериалды бағалау. Интербелсенді тақта Топты тыңдайды.
Тексереді. 
Тақырып бойынша жұмыстанады, талдау жасайды. Мысалдар ойластырады. Бағалануға тырысады. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өз бетімен жұмыс Бір-бірін тыңдауға дағдыланады. Дұрыс-бұрыстығына талдау жасайды. 
Ойланып, пікірін талқыға салады. 1
10 Тест жұмысы -Тарауды қорытындылау
- Тест жұмысын беру
-Суммативті бағалау Тест жұмысын орындайды. Жинақтау сабағы тест Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады. 1
11 Лексика, зерттейтін салалары -Мағынаны тану кезеңі /жеке жұмыс/
-Семантикалық кестемен жұмыс
/жұптық жұмыс/
-Мысал жазу/жеке жұмыс/
-Сұрақтармен бекіту Үлестірмелі қағаз, кесте Білгенін сарапқа салады. Жұппен және жеке жұмыстанады. Бір-біріне сауалдар қою арқылы білгендерін толықтырады. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Лексика тарауы бойынша алған білімін еске түсіре алады. 1
12-13 Қолдану аясы шектеулі сөздер -"Топтастыру " стратегиясы
- Анықтамасын пысықтау
-Семантикалық кестемен жұмыс
- Зерттеу /сөздерге сипаттама/
- Шығарма жазу
-Өзіндік бағалау Интербелсенді тақта Анықтамасын еске түсіреді. Кесте арқылы білгенін пысықтайды. Сөздерге сипаттама жасау арқылы  естеріне сақтайды. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Топтастырады. Жұппен жұмыстанады. Зерттейді. 
Шығармашылық қабілеті шыңдалады. 2
14 Тұрақты сөз тіркесі. -Топқа бөлу
- Оқушы түсініктемесі
- Ажырату
- "Суретті сөз" 
- Кубизм стратегиясы
-"Бейнелеп айту" 
- Бағалау Үлестірмелі, суретті парақша Тақырыпты ашады. Түсіндіреді. Еркін сөз тіркесі мен т.с.тіркесін ажыратады. Суретті сөйлетеді, пікірін айтады. сурет Сайыс сабақ Өзіндік жұмыс Суреттейді. Салыстырады. Зерттейді. 
Қолданады. 1
15-16 Сөз мағынасы. Антоним. Омоним. Синоним. - Оқушы таныстырылымы
- Сөздердің тура, ауыспалы мағынасын табу
- Жұптық жұмыс /омоним/
-Синонимдік қатар жазу.
- Антонимге мысал жазу.
Шығармашылық жұмыс
-Венн диаграммасы
-Бағалау Интербелсенді тақта, кесте Таныстырылымды тыңдайды, бағалайды. 
Жұптық жұмыс жасайды. 
Тақырыпқа талдау жасайды. Мысалдар келтіреді. Қазақ әдебиеті Аралас сабақ Өзіндік жұмыс Тақырыпты жүйелі меңгереді. Жұптық жұмысқа төселеді.  Шығармашылықпен жұмыстанады. Бір-бірін бағалайды. 2
17. Тест жұмысы -Тарауды қорытындылау
- Тест жұмысын беру
-Суммативті бағалау Тест жұмысын орындайды. Жинақтау сабағы тест Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады. 1
18. Сөз құрамы -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу
-  Сөз құрамына талдау жасау.
-Мысалдар келтіру
Шығармалармен жұмыс Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп, сөздерге құрамына қарай талдау жасайды. Қазақ әдебиеті Қайталау сабағы Өзіндік жұмыс Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады. 1
19. Қосымша. жұрнақ пен жалғау. -Сұрақтар беру
-Тәуелдеу, септеу.
-Жіктеу
-Сөз тұлғасына талдау.
- Сатылай кешенді талдау Электронды оқулық Жауап береді. Талдау жасайды. 
Талдау түрін меңгереді. Қазақ әдебиеті Қайталау сабағы Өзіндік жұмыс Сөз тұлғасын толық талдай алады. 1
20. Сөз таптары. Зат есім. -Топқа бөлу
-Сұрақтар беру
- Зат есімге толық талдау жасау
- Зат есімнің сөйлемдегі қызметіне мысалдар келтіру
Шығармашылық жұмыс
-Критериалды бағалау
Үлестірмелі қағаздар, кесте Сұрақтарға жауап береді. Зат есімге талдау жасайды. Сөйлем мүшесіне талдайды. 
Әңгіме жазады. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Зат есімге талдау жасай алады. 1
21. Сын есім, түрлері -"Зымыран сұрақ" ойыны
Таныстырылыммен жұмыс
-Мағынаны тани білу/жаттығулармен жұмыс/
-Семантикалық кестемен жұмыс
-Бес жолды өлең
-Өз-өзін бағалау Таныстырылым, үлестірмелі қағаздар Таныстырылыммен жұмыстанады. Сын есім туралы білігендерін жүйелейді. 
Өз-өзін бағалауға талпынады. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Өз-өзін бағалайды. Сын есім туралы толық мағлұмат алады. 1
22. Сан есім, емлесі -Топқа бөлу
-Кластер бойынша топтастыру
-Сан есімнің түрлеріне талдау жасау
-Жаттығулармен жұмыс
-ББҮ стратегиясымен қорытындылау Сызбалар, мәтіндер Жаттығулармен жұмыстанады. Талдау жасайды. Қорытынды жасайды. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Қорытынды жасай алады. Сан есімнің мағыналық түрін меңгереді. 1
23. Есімдік, мағыналық түрлері -Топқа бөлу
-Ой қозғау
-Сұрақтар беру
- Тапсырмалар орындау
-Әдебиетпен байланыстыру
-Мәтін құрау
- Ойталқы Жетондар,үлестірмелі қағаздар Ойланады. Тапсырмалар орындайды. Мәтін құрап, пікір алмасады. Орыс тілі, ағылшын, әдебиет Сайыс сабақ Өзіндік жұмыс Ептілікке үйренеді. 
Ойлау дағдысы артады. Күрделі тапсырмаларға жаттығады. 1
24. Етістік, шақтары -Кім жылдам?
-Сызбамен жұмыс
-Талдау
-Венн диаграммасы
-Тест
-Зерделі сұрақ
Интербелсенді тақта Өлең жолдарын табады. Сызбаны сөйлетеді. Талдау жасап, салыстырады.   Қазақ әдебиеті, математика Сайыс сабақ тест Бір-бірін тыңдап, ұтымды жауап жауап айтуға дағдыланады. 1
25. Үстеу, түрлері - Сұрақтар беру
-Сызбамен жұмыс
- Мәтінмен жұмыс
-Семантикалық кестемен жұмыс
- СКТ
-Өз-өзін бағалау Сызба,үлестірмелі қағаздар Сызба бойынша жұмыстанады. Үстеудің мағыналық түрлерін табады. 
Өз-өзін бағалауға мән береді. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Өз-өзін бағалайды. Үстеудің мағыналық түрін ажырата алады. 1
26. Одағай. -Сұрақтар беру
-Сызба жасау
- Мақал-мәтелмен жұмыс
- Мәтін құрау
-Ұшқыр жауап
-СКТ
-Тест Шығармалар жинағы Сызбаны сөйлетеді. 
Сатылай кешенді талдау жасайды. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Тест Одағай  туралы білгендерін практикада қолдана алады. 1
27. Шылау. -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу
-  Мәтіндерге талдау жасау.
-Мысалдар келтіру
Шығармалармен жұмыс Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп,  талдау жасайды. Қазақ әдебиеті Қайталау сабағы Өзіндік жұмыс Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады. 1
28. Тест жұмысы -Тарауды қорытындылау
- Тест жұмысын беру
-Суммативті бағалау Тест жұмысын орындайды. Жинақтау сабағы тест Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады. 1
29. Сөз тіркесі -Оқушы түсініктемесі
- Венн диаграммасы
Тапсырмалармен жұмыс
- Семантикалық кесте
- Сұрақтар беру
- Тест Кесте, шығармалар жинағы Оқушы өзі ізденеді. Салыстырады. Тапсырмаларды орындайды. 
Тест жұмысымен қорытындылайды. Қазақ әдебиеті Білімді жинақтау сабағы тест Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын толық меңгереді. 1
30. Сөйлем.  Түрлері. -"Ой қозғау" стратегиясы
-Сызбамен жұмыс
-Талдау
-Мақал-мәтелмен жұмыс
- Салыстыру
Интербелсенді тақта Ойланады. 
Сызбаны толықтырады. Сөйлем түрлеріне талдау жасайды. Мақал-мәтелдердің мәнін ашады. Ауыз әдебиеті Білімді жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Сөйлем мүшелерін, жай сөйлемнің түрлерін мысалдар арқылы толық меңгереді. 1
31. Сөйлем мүшелері -Сұрақтармен пысықтау
- Әдеби шығармалардан үзінділер талдау
-Тұрлаулы мүшелерді табу
-Сөйлемді аяқтау
-Тест Шығармалар жинағы Әдеби шығарманың авторын тауып,  талдайды. Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, тест жұмысын орындайды. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Тест Өткен шығармаларды еске түсіріп, сөйлем мүшелерін меңгереді. 1
32. Бірыңғай мүшелер - Мысалдар арқылы ереже шығару
- Кестемен жұмыс
-Талдау
-Бекіту Кесте Мысалдардан ереже шығарады.
Сөйлемдерді талдайды. 
Мысалдарды аяқтап, түсіндіреді. Қазақ әдебиеті Жинақтау сабағы Өзіндік жұмыс Бірыңғай мүшелерді меңгереді. 1
33. Тест жұмысы. -Тарауды қорытындылау
- Тест жұмысын беру
-Суммативті бағалау Тест жұмысын орындайды. Жинақтау сабағы тест Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады. 1
34. Қорытынды сабақ. - Барлық  өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру
- Тапсырмалармен жұмыстану Кесте,интербелсенді тақта Өтілген тақырыптар бойынша тыңғылықты дайындалып, жауап береді.   Қазақ әдебиеті Бекіту сабағы Өзіндік жұмыс Сауалдарға жауап бере алады. Тақырыпты меңгергендігін байқатады

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл білімі салаларын оқыту
Фонетикадан өткенді қайтала
Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар
Әдеби тіл және мәтін. Қазақ тілінің қоғамдағы қызметі
Сөз табының кестелері
Үстеулердің емлесі. Көне түркі ескерткішіндегі үстеулер
Үздік факультативтік оқу бағдарламасы
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ курсы бағдарламасының мазмұны
«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6271 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык