Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақсат жетістік желкені


Мақсат жетістік желкені

Мақсат жетістік желкені

Тақырыбы: «Мақсат жетістік желкені»

Мақсаты. Оқушыларды өз болашағын айқындап , мақсат қоя білуге үйрету;

Міндеті:

  • оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білуге  және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;
  • рухани адамгершілік құндылықтарды  басшылыққа ала отырып , оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеу , өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;
  • оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке сенімділікке тәрбиелеу:

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Әңгімелесу

Мақсат адамға не үшін қажет?

Мақсат пен арманның айырмашылығы неде?

Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серк етуі керек?

Адамның өмірлік мақсатын айқындаудағы өзін- өзі танудың орны қандай?

Мәтінмен жұмыс

«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені , қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

     Біріншісі:

-         Өткен өмірім менің қазіргімнің  бастауы болды.Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз өзіме сенімдімін , себебі алға қойған  мақсаттарыма жету үшін  мен қажымай – талмай  күресе білдім. Өз өміріме  серік еткен жолдастарыма  да өзіме  ұнайды , - дейді.

Сонда екіншісі:

-          Егер сенің айтқаның дұрыс болса , адам «түйе көргенінен жазбас» дегендей , бір орнында  дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім  маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма  қажетті  нәрселетге үйренемін . Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «Екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал  маңыздырақ .

Менің қазіргі қарақтерім бұрын қандай болғаныма емес , болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған  жаңа таныстар өте ұнайды , олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін  өзім де білемін ,- деп дауласа жөнелді.

-         Өткен мен болашақ тек сендердің ойларында  ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге  араласты үшіншісі. – Өткенің  енді қайтып келмейді , ал болашағың жеткізбейді. Сондықтанда өткеніңді  қанша аңсасаң да , болашағыңды  қанша қиялдасаңда, олар қолға  түспейді.Тек қазіргі өміріңде  ғана  алдыңа  мақсат  қойып , ол өміріңді  өзгертуге  болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды  жабырқатады, болашақ бақыт туралы  ой жаныңды  жегідей  жейді, иек қазіргі өмірде  ғана  өз ойыңды жүзеге асыра аласың.  

  • Өзің қайсысының пікірімен қосыласың?
  • Қалай ойлайсыңдар адам өмірінің өткені қазіргісі , әлде болашағы маңыздыма?
  • Мақсатқойудың адам өміріндегі маңызы қандай?

Оқу ақпараты

«мақсат дегеніміз адамның өз мұратына сәйкес өмірін өзгертуге  бағытталған әрекеті. Ол адам өміріне бағыт береді, қызығушылығын арттырады, болашағын  көз алдына елестетеді.

     Адам әр нәрсені мақсатетіп ала білмейді. Адамның алдына  қойған  мақсаттарында  болашағының жаымды келісімді, Құнды жақтары бейнеленеді».

Жағдаятты талдау

Төмендегі  хаттың  шешімін тауып , оған жауап жазыңдар.

«салем, Ақжарқын!

Міне, «Болашақ»бағдарламасымен Лондонға келгеніме бір жыл болып қалды. Бастапқы таныстыру курсынан да сәтті өттім. Маған Англия өте ұнайды, адамдар да! Осында қалу ойым бар.

     Бірақ өзімді сенімді , өте жақсы сезінемін деп айта алмаймын. Неге екенін өзімде  түсіне  алмай жүрмін. Ойланған сайын  терең тұңғиыққа батып бара жатқандаймын.

Сен «Бәрі де адамның өз қолында»дейсің . «Бұл жерде немен айналысамын , қалай өмір сүремін?» деген  ой басымнан шықпайды. Алдыма белгілі бір мақсат қоюға  да , бір нәрсе жайында армандауға  да қорқамын.

Жанымды жегідей жеген осы бір ойыммен  бөліскім келеді.

Сәлеммен, Алдияр.

P.S. жауабыңды асыға күтем.»

Дәйексөз

«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген  сылбыр адам әлде қайда артық»

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің мақсатым
Өзіңді тану-өмірді тану
Салауаттылық-өмір негізі
Әсемдік -өмір жарасымы
Еңбек- өмір мәні
Сен де бір кірпіш дүниеге
Өнер - өмір өрнегі
Жалын атқан жүрекпен
Көмектесе білейік
Адалдық пен әділдік
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9476 | Қосты: Кдырниязова Толқын Намысқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык