Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АНТОНИМДЕР


АНТОНИМДЕР

Сабақтың тақырыбы АНТОНИМДЕР

Сабақтың мақсаты :   білімділік -  синоним сөздерді бір-біріменсалыстыра отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру ;
                                        Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып,халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңір ;
                                        Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге,өз ойларын еркін айтуға,оқшының тез қабылдауынажол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау қабілеттерін аоттыру.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,топтастыру.
Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер,кеспе қағаздар,түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,география,биология.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару ; ә) сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
   Үй тапсырмасын сұрау.
  74,75-жаттығуларды тексеріп шығу.
1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.
3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
   Жаңа сабақ. Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін.Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.
                  Үлкенге – құрмет,                                     Әдепті бала – арлы бала,
                  Кішіге – ізет.                                             Әдепсіз бала – сорлы бала.
  Сонымен қатар биік таудың суреті мен аласа таудың суреті,кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі ескертіледі.
   Оқушылар : - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
   - Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.
                              Антонимдер                                       Болымды-болымсыз
                              Жақсы-жаман                                     жақсы-жақсы емес
                              ал-бер                                                 ал-алма
                              сулы-құрғақ                                       сулы-сусыз
   Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.Мәселен,ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
   Тақтамен жұмыс.
   89-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,тірек сөздердің астын сызыңдар.
   «Қандай әсем сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты  айтылып тұр?
   Тез,шебер сөздерінің антаонимдерін тауып жазыңдар.
   Тез – жай,шебер – олақ.
   Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 4 топқа төрт түрлі деңгейлік тапсырма беремін.
1- топқа : 1-деңгейлік тапсырма.
   Берілген жұмбақтың шешуін шешуін тауып,антоним сөздердің астын сыз.
   Үсті тас,асты тас,                                  Аяғы бар,басы бар
   Ортасында піскен ас.                             Арқалаған тасы бар.
        (таба нан)                                              (тасбақа)
   2 – топқа : 2-деңгейлік тапсырма.Биік,ашық,жаңа,сұлу,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сөздер тауып жаз. Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.
   3 – топқа : 3-деңгейлік тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде антоним болуы шарт).
   4 – топқа : 4-деңгейлік тапсырма.Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу немесе өлең шумақтарын құрау (ішінде антоним болуы шарт).
   Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.Мақалдың жалғасын табу
       Ашу . . . . . (дұшпан)                                  Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ
       Ақыл . . . . (дос)                                          Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.
Бекіту кезеңі: Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапс-ды.
                                                                      Антонимдер
Ойды бейнелі түрде жеткізеді Мағн-ры бір-біріне 
Қрма-қарсы болып келетін сөздер әсерлі түрде
қалды Мақал-мәтелдерде
Жұмбақтарда жарыса қодан-ды Болымды-болымсыздық мағын-ры болад
Білімін бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : а) антонимдер(40-бетті оқу); ә) 1,2-топқа 98-жаттығу; б) 3-4-топқа 100-жаттығу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз және оның мағынасы
Антонимдер
Антонимдер
Мақал-мәтелдердегі антонимдер қолданысы
Антоним сөздер
Антонимдер
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Антоним, синоним, омоним
Антоним сөздер
Антонимдер ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7132 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык