Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Антонимдер ашық сабақ


Антонимдер ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: антонимдер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Антоним сөздерді ажырата білуге, сөйлем ішінен тез таба білуге үйрету.
Дамытушылық: антонимнен алған теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауға, талдауға машықтандыру. 
Тәрбиелік: Өтілген тақырыпты қайталай отырып, оқушыларды сауаттылыққа, білімділікке, зеректікке тәрбиелеу. Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға баулу.
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді жетілдіру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, дәптермен, оқулықпен, мәтінмен жұмыстар, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызба плакат, дидактикалық материал
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
   Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын анықтау. Сабақ мақсатымен және В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша өту барысымен, сатыларымен таныстыру. 
ІІ. Үй жұмысын тексеру.   92-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Антоним сөздерді табыңдар. Мал бағуға қатысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
 
ІІ. Білімді жетілдіру сабағы.
1. Антонимнен өткенді сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.
а) Антоним дегеніміз не? 
ә) Мысал келтір
б) Антоним мен болымды-болымсыздық мағына бірдей ме?
 
2. Дәптермен жұмыс. Әдебиет пәнімен байланыс.
93-жаттығу. (жазбаша)  
1) Өлеңдегі антоним сөздерді жұп-жұбымен теріп жазыңдар.
    Қараңғы-жарық, ұсақ-алып
2) Мәтіндегі ұсақ, алып сөздерінің синонимдерін атаңдар
 .  Ұсақ – уақ, майда, кішкентай, ұнтақ
    Алып – ірі, нән, дәу, үлкен
3) Оларды осы сөздердің орнына қойып көріңдер. Қандай өзгеріс болғанын айтыңдар. 
    Синоним сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады. 
4) Түсіндірме сөздіктен дәрмен, пәрмен сөздерінің мағыналарын анықтаңдар.
 
96-жаттығу. (жазбаша) Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.
Ашық есік – жабық есік, жаңа жыл – ескі жыл, сұлу қыз – көріксіз қыз, жас ағаш – кәрі ағаш
 
100-жаттығу. (жазбаша) Синонимдік қатарлардың бірін көшіріп жазып, антонимін табыңдар.
Батыр- қорқақ, батыл-қауқарсыз, ер жүрек-су жүрек
 
3. Оқулықпен жұмыс. 94-жаттығу. (ауызша) Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. Мына сөздердің антонимін табыңдар. жақсылық-жамандық, дос-дұшпан.
 
4. Мәтінмен жұмыс. Тарих пәнімен байланыс
95-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. Мәтін бойынша батырға тән мінездерді анықтап, олардың антоним сыңарларын табыңдар. Қазақтың қандай батырлар жырын білесіңдер?
Батыр-қорқақ, ерлік-ездік, адалдық-арамдық, әділдік-әділетсіздік, дос-дұшпан, төзімді-шыдамсыз, уәдеге берік-уәдесінде тұрмау, сүйіспеншілік-жек көрушілік, жеіңс-жеңіліс.
 
ІІІ. Ой қорыту. 
1) Ой-толғаныс
99-жаттығу. Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар. Онда міндетті түрде антоним сөздер болуын ескеріңдер.
1. Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?
2. Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?
3. Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?
2) Шығармашылық диктант. Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына сұрайды? 
ІV. Сабақты бекіту. Семантикалық карта арқылы сабақты қорытындылау.   
V. Үйге тапсырма: 
97-жаттығу. (жазбаша) Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңдар және олардың қатар қолданылуының себебін біліп алыңдар.
98-жаттығу. Ақын Қадыр Мырза Әлидің өлең кітаптарын оқыңдар. Антоним сөздер кездескен бір-екі шумақ өлеіңн дәптерлеріңе жазыңдар.
V. Бағалау.
ІV деңгей – «5»    ІІІ деңгей – «4»        ІІ деңгей –  «3»           І деңгей –   «2»
 
Қожекенова Гүлназ Елубайқызы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Антонимдер
Сөздік қор
Көнерген сөздер
Антонимдер
Антоним, синоним, омоним
АНТОНИМДЕР
Антоним сөздер
Сан есімнен өткенді қайталау.
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10171 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык