Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ әліпбиі


Қазақ әліпбиі

Қазақ әліпбиі

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізу тілдерін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын  құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың  типі:  жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  сабақтың ұстанымдарымен  таныстыру. Слайдта жазылып тұрады.
1.Уақытында бастау
2.Белсенді болу
3.Ашық болу
4.Сөзді бөлмеу
5.Бір –бірімізді құрметтеп сыйлау

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру:  1. Бір буынды сөздердің  дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:      
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2.Метаграммалар жазу.

ІІІ.Жаңа сабақ: 
Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді еске түсіріңдерші. Тақтаға жазғызу

Мұғалім сөзі: Әліпби  араб  алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.

Қазақ әліпбиі тарихының хронологиясымен таныстыру
жылдары аталуы Авторы 
1912 -1929 жылдар Араб әліпбиіне негізделген  төте жазу Ахмет Байтұрсынов
1929 жыл Латын әліпбиі Түркі,қазақ зиялылары
1940 жылдан осы уақытқа дейін Орыс әліпбиі (кирилицца) Қазақ,орыс зиялылары

 Тапсырма: Оқулықтағы ережені пайдаланып  кластерді толтыру
(интербелсенді тақтаны пайдалану)

Тапсырма: Әріптерді әліпби ретімен жазу (Слайдтан  өзін-өзі тексерту)

Тапсырма: 239- жаттығуды ауызша орындау. Ахмет Байтұрсынұлы туралы білетіндерін айтқызу.

Тапсырма: Жоғалған әріптерді қой. (Интербелсенді тақта арқылы  орындалады)

Қ...за...  ...азба  м...ралар...ны...  к...пш...лігі  ара... ә...іпби...  арқ...лы біздің   ...ама...ымы...ға  жет...і.  1912  жы...ы   ...хмет   Ба...тұр...ынов а...аб әліп...иін... н..гіз...елген  қа...ақ   жазуы...а   ал...ғаш  ре...орма  жа...а...ы. 

ІҮ.Бекіту. Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.
қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал,дидар. 
Ү.Рефлексия
 Мыны сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42-
40-
2-
15-
26-
1912-
1929-
1940-
ҮІ.Үй тапсырмасы
1.239-жаттығуды шарты бойынша орындау
2.Басқа тілдердегі  әліпбидегі әріптердің санын біліп келу
ҮІІ.Бағалау
Әр оқушы өз-өзін бағалайды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстары
Дауысты дыбыстар
Буын түрлері
Фонетикадан өткенді қайталау
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ
Фонетика
Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы
Қазақ әліпбиі
Ұланы еркін елімнің 110-112 жаттығу
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10937 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык