Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл дыбыстары


Тіл дыбыстары

Тіл дыбыстары

Сабақтың мақсаты:  Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы түсінік беру.

Сабақтың  дамытушылық мақсаты: 
алынған білімді  есте сақтауға  дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың  тәрбиелік мақсаты: 
Орындаталатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың  типі:  жаңа сабақ. 
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: 230-жаттығу. Берілген шартын  толық орындау.
ІІІ.Жаңа сабақ:  Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
    Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін  сала.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас 
Ескек, кек, ек
Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек
Интерактивті тақта арқылы   кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге  жаңа сабақты меңгеру 

Тіл дыбыстары  кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту

Оқулықпен жұмыс

235-жаттығуды ауызша  шарты бойынша орындау.

Тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?
і, м, б, л, і                                   ш, о, б, а, л, қ, а                    
к, р, е, м, т, е, е                          с, ұ, з, а, т
к, т, е, м, е, т, е                           а, л, а, д

ІҮ.Бекіту. Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп  жаз.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да –бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс
                                                   (қазақ,қаз,ақ)

Ү.Рефлексия
Кестені толтыру
Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?


ҮІ. Үй тапсырмасын  тексеру:  1. Бір буынды сөздердің  дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:      
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2.Метаграммалар жазу
ҮІІ.Жұптар бір-бірін бағалайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Қазақ әліпбиі
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Фонетика
Сөздердің тасымалдануы
Тіл дыбыстары
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.
А-ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Әке мен бала
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3214 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык