Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан қорықтары


Қазақстан қорықтары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Сабақтың мақсаты: Өзін қоршаған орта туралы айта білу. Қазақстандағы
                                       қорықтармен оқушыларды таныстыру. Қорықтар 
                                       тақырыбына мәліметтер беру. Оқушылардың тіл 
                                     байлығын, ой-өрісін дамыту.Әрбір үйренген сөздерін 
                                      сөйлеу, сөйлем құрау кездерінде дұрыс қолдана 
                                      білуге үйрену. Сауатты жазуды меңгеру. 
                                      Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғаттағы 
                                       тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
                     1. Психологиялық дайындық: Мұғалім таратқан спикерге оқушылар өз аттарын жазып, бір-біріне береді, келесі оқушы ол қандай деген сұраққа бір-ақ сөзбен жауап береді. Мысалы: Денис – ақылды.
                    2.Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады. 
 (2-слайд)       Эпиграф:                                                                          
   Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
   Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
                    3. Жаңа тақырыпты мұғалім мына өлеңмен бастайды: (3-слайд)
Табиғаттың  тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен, кенже ұлысың!
Пусть не исчезнет чистый воздух природы,
Природа – это песня, звучащая в моей душе.
Ей, люди! Как можно жестоким быть,
Она вам – мать, а ты – ее младший сын.
                     4. Жаңа сөздер: (4-слайд) қорық – заповедник, алғашқы – первый, құрып кету – исчезновение, қауіп – опасность, бедствие, ұялау – гнездиться, табиғи қалпы – естественный облик, қорғау – защищать, аялау – беречь, жұлмау – не вырывать, қарт, кәрі – старый, таптамау – не топтать, құмтөбе – бархан. 
      Аңдар(звери): барыс - барс, сілеусін - рысь, қоңыр аю – бурый медведь, жолбарыс – тигр, арыстан – лев, жабайы шошқа – дикий кабан, қарсақ - карсак,  суыр - сурок, арқар – архар, елік - косуля, таутеке – горный козел, ақбөкен – сайгак, қарақұйрық – газель, джейран.
      Құстар (птицы): көкқұс – синяя птица, ұлар – улар, жапалақ – сова, үкі – филин, қарақұс – могильник, кекілік, шіл – куропатка, бірқазан – пеликан, лашын – сокол, қаршыға – ястреб, қызғыш құс – чибис, қырғауыл – фазан, дуадақ – дрофа, аққу – лебедь. 
       Өсімдіктер(растения): сексеуіл – саксаул, жусан – полынь, сораң – солянка, қамыс – камыш, селеу – ковыль, құрақ – тростник. 
              Жаңа сөздерді алдын-ала басып, кәртішке ретінде таратып беремін.
                     5. (5-слайд) Қазақстан қорықтарымен таныстыру. Барлығы қанша қорық? Қазақстан Республикасының картасынан оқушылар ол қорықтарды табады. 
Соның ішінде қандай қорықтарды біз 7 сыныпта білуіміз керек? Әр қорыққа тоқталып өту. Тақтаға екі-екі оқушыдан шығып, қорықтар туралы берілген мәліметтерді оқиды. (Слайдтар)
Қорықтың аты Құр-ылған Көлемі Орналасқан жері Мақсаты
1. Ақсу -  
   Жабағалы 1926 ж 85,4 мың гектардан  (га) астам Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі, Ұғам жотасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу
2. Наурызым 1934 ж 87,7 мың гектардан  (га) астам Қостанай облысы, Наурызым ауданы Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу
3. Барсакелмес 1939 ж 16,8 мың гектар(га) Арал теңізінің солтүстік бөлігі Ежелгі жануар-лардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу
4. Алматы 1931 ж 71,7 мың гектарға (га) жуық Алматы облысы, Іле өзенінің жағасындағы құмды шөлейті әйгілі Аққұм Қалқан (әнші «бархан») Табиғатты зерттеу, қорғау және сақтау
5. Қорғалжын 1959ж 259 мың гектардан  (га) астам Астана қаласынан 
140 км жерде, тың далада, Қорғалжын мен Теңгіз көлдерінде Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу
 
                     6. (15-18 слайдтар) “Барлығы нешеу?» ойыны. Мұғалім сыныпты 3-топқа бөледі. Кәртішкеде жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып, шешу:
1-топ:
Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар,
Бір қарт арқар бар.                         (47 арқар)
2-топ:
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға кәрі арқарды
Қосса қанша арқар бар?                  (47 арқар)
3-топ:
Қырық үш қызғыш құсқа,
Қырық үш қызғыш қосса,
Қанша қызғыш құс болады?          (86 қызғыш құс)
                     7. (19-22 слайдтар) Қазақстан қорықтарындағы аңдар, құстар, өсімдіктер. 3-топ жылдам сөйлемдерді орыс тіліне аударады.
1-топ:    Ақсу-Жабағылы қорығы
АҢДАР: Барыс, сілеусін, қоңыр аю, арқар, елік, таутеке, жабайы шошқа, т.б.
ҚҰСТАР: Көкқұс, ұлар, дала бүркіті, қарақұс, кекілік, шіл, лашын, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Жусан, сексеуіл, сораң, т.б. 
2-топ: Алматы қорығы
АҢДАР:    Барыс, сілеусін, қоңыр аю, марал, елік, т.б.
ҚҰСТАР: Қаршыға, қырғауыл, құр, кекілік, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Сексеуіл, жусан, сораң, т.б. 
 
3-топ: Қорғалжын қорығы
АҢДАР:    Түлкі, қарсақ, елік, суыр, т.б.
ҚҰСТАР: Қаз, дуадақ, аққу, үйрек, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Жусан, қамыс, селеу, құрақ, т.б. 
                     8. (23-33 слайдтар) «Кім жылдам?» ойыны. 3-топтың қайсысы көрсеткен суреттерді жылдам атайды?
1) жолбарыс
2) барыс
3) қасқыр
4) арыстан
5) барыс
6) сілеусін
7) қоңыр аю
8) жапалақ
9) бірқазан
10) аққу
9. (34-41слайдтар) Жазбаша жұмыс: «Кел, балалар, ойнайық, ойнайық та ойлайық!» Берілген суреттерге бір сөйлемнен құрастырады. Қай топ бірінші бітіреді, сол топ жеңеді (7 сурет: ат, сиыр, жылқы, сиырлар, ит, күшік, мысық).
                     10. (42-слайд) Сабақты пысықтау:
1) (43-слайд) Қорықтарды қайталау (кесте бойынша).
2) Оқушылардың жауаптарын бағалау. (44-слайд)
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
                     11. Үй тапсырмасы: Қорықтар туралы әңгімелеу. (45-слайд)
      - Балалар, осымен «Қазақстан қорықтары» атты ашық сабағымыз аяқталды. 
Қош сау болыңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Қорықтар
Қазақстан қорықтары
Қорықтар неге керек?
Қорықтар неге керек?
Табиғат аясында
Қорықтар неге керек?
Табиғатты қорғаңдар Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғайық.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5354 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык