Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 10642 |
|
|
|
Табиғат аясында
Тақырыбы: Табиғат аясында
Мақсаты:1.Тақырып бойынша алған білімдерін қайталау,тиянақтау,толықтыру,ауызекі сөйлету. 2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын кеңейту. 3.Балаларды айналамен таныстыру арқылы патриоттық сезімін ояту,олардың инабатты,саналы,қамқоршы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау.
Сабақ түрі:тіл дамыту, білімдерін жинақтау
Әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері:топтастыру,5 жол өлеңі
Көрнекілік:компьютер,табиғат суреттері,жазу «Ауа-өмірің,су-қазынаң,жер-үйің,атамекенің», мақал-мәтелдер,тыйым сөздер,өлең шумақтары.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Топтастыру Қазір мына «Табиғат» сөзі сендерге қандай ой-түрткі береді,соны жазыңдар. III.Білімдерін тиянақтау,жетілдіру 1-слайд.Қазақстанның табиғаты бай. Қазынаға бай ғой,шіркін,даламыз, Соған қарап ғажап ләззат аламыз. Небір жұмбақ сырын бүгіп жататын Қандай шебер Жаратылыс-анамыз! Қазақстанның табиғаты алуан түрлі.Оның байтақ жерінде тау,төбелер мен жазықтар бар.Қазақстан жерінің ең биік нүктесі-Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995 метр жоғары,ал ең төменгі нүктесі-Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатыр. Ел аумағының 10-нан бір бөлігін таулар алып жатыр.Тянь-Шань,Іле Алатауларының шыңдарын мәңгі қар басқан.Бұл тауларда қыран құстар ұшып жүреді.Алтайдың ормандары-бұландар мен әдемі маралдардың мекені.Ормандары мен далаларында қасқырлар,түлкілер,қарсақтар,қояндар бар. Ертіс,Тобыл және Есіл өзендерінің суы Сібірлік Обь өзеніне құйып,Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін барады.Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Ал құстардың түрі 500-ден көп.Өзен-көлдерде балықтың 107 түрі бар. Далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді. 2-слайд.Көлдер. Қазақстанда қырық сегіз мың екі жүз алпыс екі көл бар. Ең терең көл-Алакөл.Оның тереңдігі елу төрт метрге жетеді.Қарасор көлінің бір литр суында алпыс грамм тұз бар.Ең тұщы көл-Марқақөл.Оның бір литр суында сексен миллиграмдай тұз бар. 3 –слайд.Марқакөл Марқакөл туралы тірек схема бойынша әңгіме құрастыру. Бурабай көлі. ...Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсы алтын кесе аясында. Ауасы дертке дауа,жұпар иісі- Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба? (С.Сейфуллин) Астана мен Көкшетау қалаларының арасында атақты Бурабай көлі жатыр.Бурабай аусы жанға жайлы болғандықтан,бұл жерге демалуға Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді.1938 жылы Бурабай суреті Нью-Йоркте көрмеге қойылғаннан бері, «Қазақстан Швейцариясын» әлем таныды. 4-слайд.Жетісу-жер жаннаты. Тізілген таулары бар Жетісудың, Ішінде орман,тоғай біткен нудың. Дариядай сол таулардан тулап тасып, Көресің тамашасын аққан судың. (Ж.Жабаев) Алматы,Талдықорған өңірі ертеден-ақ Жетісу деп аталады.Ол- «жер жаннаты» деп аталған өлке.Жеті үлкен өзені бар болғандықтан,ол жер Жетісу деп атанған.Олар-Лепсі,Ақсу,Көксу,Сарқан,Қаратал,Іле,Шу.Жетісу-ғажайып өлке.Хан-Тәңірі,Шарын шатқалы,Көлсай,Медеу,Алтынемел,Айғайқұм,Шалкөде,Түрген-бәрі де көрген жанды таңғалдырар ғажайып жерлер. 5- слайд.Қазақстанда аңдар мен құстар көп. Сөзжұмбақ шешу. 1.Не қарқылдайды? (қарға) 2.Қай құс сайрайды? (бұлбұл) 3.Қай құс шықылықтайды? (сауысқан) 4. «Воробей» деген сөзін аудар. (торғай) 5.Үй құсы. (қаз) 6.Орман құсы. (қарлығаш) Құстар 1.«Тигр» деген сөзін аудар. (жолбарыс) 2.Үлкен аң. (аю) 3.Қорқақ хайуан.(қоян) 4.Қалталы жануар.(кенгуру) 5.Үй жануары.(ат) 6.Жабайы аң.(қасқыр) Жануар 6- слайд Терісі бағалы аңдар Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп.Олардың бірі-түлкі.Қазақстанда қызыл және қаракүрең түлкі ғана мекендейді. Қарсақ-түлкінің бір тұқымы.Қарсақтың құйрығы қысқа,құлағы тік,көзі дөңгелек болады. Күзен-жыртқыш аң. Оның терісі жылы болады.Тісі өткір. Тиін-терісі бағалы кішкентай аң. Тиіннің құйрығы ұзын.Ол қысқа көп қор жинайды. Жолбарыс Қасқыр 7-слайд Құстар Құстар-табиғат байлығы.Құстар орман тазартқыштары немесе санитарлары. Олай болса біз құстарды үнемі қорғауымыз керек. Кең-байтақ елімізде бүркіттің 7 түрі бар.Олардың арасында ерекше ғажабы-қыран-бүркіт.Ол қасқырды да алатын алып құс.Кавказды,Орта Азияны,Қазақстанды мекендеген халықтар ежелден бүркіт салып,аң аулаған.Қыранның негізгі қоректері:қасқыр,қоян,түлкі. Үкі-жапалақтар отрядына жататын,негізінен түнде ұшатын жыртқыш құс.Оның тұмсығы имек,көзі үлкен,аяғы қысқа болып келеді. Жапалақтардың ішіндегі ең ірі түрі-үкі. Үкі зиянды жәндіктерді азайтып,ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Жапалақтың түрлері: 1.Балық жегіш үкі.2.Маубас жапалақ.3.Үкі. Үкі-киелі құс.Үкінің негізгі қоректері:тышқан,жылан. Тоқылдақ-Қазақстанда тоқылдақтардың бірнеше түрі тіршілік етеді.Тоқылдақ қараторғайдан ірірек.Бауыры ақ,арқа жоны қара,қанаттарында жалпақ ақ теңбелі бар.Ызғарлы «кик-кик» деген дауыс шығарады.
Торғай-үлкендігі қараторғайдай.Үйірленіп тіршілік етеді.Кейде жалғыз да жүреді. Қарлығаш-қанаттары үшкір әрі ұзын,құйрықтары екі айыр.Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді. Сауысқан-бұл құс Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Сауысқанның түсі қара ала болады. Тырна-көлдің жағалауында,сазды жерлерде кездеседі.Тырна басқа құстардан ерекше.Оның аяқтары,мойны ұзын болады. Бұлбұл-салмағы жағынан 20-25г ғана болады.Бұл Сібірдің құсы.Қазақстанда Алтайда ғана кездеседі. Қырғауыл-үлкендігі тауықтай.Құйрығы өте ұзын.Қопалы қамыс арасында және тікенекті бұталардың арасында жүреді. Құр-орман құсы.Құрлар тобы барлығы бірге жүреді.Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп,ерекше құрқылдап,қораздана бастайды. Табиғатта құстар және адамдар,басқа да жануарлар мекендейді.Оның ішінде үй жануарларының адам үшін орыны ерекше.Көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқы басқа халықтар сияқты көне заманнан бері үй жануарларын ұстаған.Оларды бағып,өсіріп,көбейтіп,пайдасын көрген.Мінсе көлік,кисе киім,жесе тамақ болған-қазақтың бар өмірі,тұрмысы,салты,санасы малмен байланысты болған. Қазақ халқы жырларында жылқы тек қана көлік емес,батырдың жан серігі, құтқарушысы, өте қасиетті жануар ретінде белгілі.Қазіргі машина,поезд, ұшақтардың орнын кезінде жылқы атқарған. Қазақ «Ер қанаты-ат» деп текке айтпаған. Жылқы жануарының қатысуымен қандай ұлттық ойындар бар? -Аударыспақ,бәйге,теңге алу,қыз қуу,көкпар т. б. Ал осы қасиетті жылқы қай рәмізде бар? Қатонқарағай ауданында өте пайдалы жануар өсіріледі,ол-бұғы,маралдар. Бұғылардың қандай пайдасы бар? Олар бізге аса бағалы мүйіз береді. Одан дәрі жасайды.Ал Сібірде бұғылар-көлік жануар. Арқар биік таулардың жартасты беткейлерін мекендейді.Олардың салмағы 160-19-80 кг тартады. Арқардың артқа қарай иіріле ширатылған үлкен мүйізі болады. 8 –слайд « Ең... » 1. Ең биік жануар? 2.Ең жыртқыш аң? 3.Ең кішкентай құс? 4.Ең үлкен құс? 5.Ең ақылды жануар? 6.Ең жүйрік аң? 7.Ең сұлу құс? 8.Ең биік тауларда мекендейтін аң? 9. Ең сақ құс? 10. Ең қорқақ аң? 9-слайд.Қорықтар Табиғатты қорғау жөніндегі ең маңызды шаралардың бірі-қорықтар ұйымдастыру. Алматы облысындағы Іле Алатау ының масатыдай құлпырған сұлу бөктерінде Алматы мемлекеттік қорығы бар. Бұл қорықта арқар,таутеке,елік,жабайы шошқа,аю,барыс сияқты аңдар бар. Құстардың 200-дей,сүт қоректілердің 50-ден астам түрі кездеседі. Барсакелмес 1939 жылы Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерге аққу, бірқазан ұялайтын.Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көлде, құстарда жоқ. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалап жүр.Құландарды сақтап қалу үшін, олар Қазақстанның басқа қорықтарына көшірілді. Қазақстанның оңтүстігінде Ақсу-Жабағалы қорығы орналасқан. Ол 1926 жылдың 14 шілдесінде ашылған болатын. Қорықтың рәмізі ретінде Рейх жауқазыны таңдап алынған.Гүлдің алғашқы зерттеушісінің фамилиясы осылай екен.Оның көлемі 12-15 см-ге жетеді.Сол кезден бастап осынау дала гүлі қаншама ұрпақты жалғастырып келеді.Оның 200-ден астам жаңа сорттары өсірілген.Бұл гүл-біздің ұлттық байлығымыз,оны мемлекет қорғайды. Екінші бір өте бағалы гүл-қызыл жолағы бар сарғыш түсті Кауфман жауқазыны. Ақсу-Жабағалы қорығында түркістандық жауқазындар да өсіріледі. 1968 жылы Қорғалжын қорығы ашылған. Ол Астана қаласынан 140 километр жерде. 9-слайдТест сұрақтары 11-слайд « Қызыл кітап» Табиғат –халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып,қорғай білуіміз керек.Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды.Оның басты мақсаты-саны сиреп,құрып бара жатқан аң,құстарды,өсімдіктерді қамқорлыққа алып,арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды.Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан,сары парағына саны аң-құстар,өсімдіктер жазылады. 1974 жылы ашылған «Қызыл кітапта» сүтқоректі жануарлардың 62 түрі тіркелді.Соның ішінде Қазақстанда тіршілік ететін 7 сүтқоректі жанур және 23 құстың түрі бар. 12-слайдТабиғат туралы өлеңдер . Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын, Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың, Ей,адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың, Ол анаң ғой,ал сен,кенже ұлысың! 2 оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз Күресейік,бір-бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз Таза ауа үшін терімізді төгейік! 3 оқушы: Қояр едік бақта бұлбұл сайратып, Бітсе,шіркін,жүріп өткен ізге гүл! Туған жерді осы гүлдей жайнатып Құлпыртсақ шын,арман болмас бізде бұл! Қазақ халқының өмірі табиғатпен етене байланыста өткен.Сондықтан да табиғатты қастерлеп кие санаған,оған сүйіспеншілікпен қарап,қамқорлық жасап,аялаған. Асқарлы тауды,шың құзды бағалап,жер,суға,өзен мен көлге, «Су анасы-бұлақ.Бұлақ көрсең,көзін аш», «Су-ырыстың көзі», «Бір ағаш кессең,он ағаш отырғыз», «Орман көп болса,олжаң көп» деп орман,тоғайды аялап ұстаған.Егер адамдар табиғат заңдылақтарын жақсы біліп,ұқыпты пайдаланып,өзінің айналасын ластамай,жанашырлықпен қараса,жер бетіндегі өмір бұдан да керемет болар еді. 14-слайд Әлемде талай қызық бар Шыңғыратын көбелек. Дүниеде шыңғыратын көбелек бар.Ол шыңғырғанда құлағыңды жарады.Бұл жеп жеңіл,жұп-жұқа қанатты жәндік.Оны « қу бас» деп те атайды. Көбелектің арқасында адамның бас сүйегі белгіленген сурет бар. Питондар. Питондар адамға көмектеседі:үйде,қорада бала бағады.Ал оған жыртқыш аң да,улы жылан да жоламайды. Питондардың жауы-құмырсқа.Одан кейінгі жауы-кірпі. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп,жатып алады.Жылан оның инесіне шаншылып өледі.
V Қорытынды сөз. Иә,балалар,табиғатты қорғау –біздің міндетіміз.Табиғатты қорғау туралы Қазақстан Президентінің жолдауында айтылған.Бағдарламада Қазақстанның байлықтарын сақтау және оның тазалығын қорғау деген талап бар. VI.Үй жұмысы табиғат туралы эссе жазып келу
VII.Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |