Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3348 |
|
|
|
Бастауыш
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен сабақта алған ұғымдарын
кеңейту.
Білімділік: Сөйлемнің негізгі мүшесі бастауыш туралы түсінік
бере отырып, сөйлем ішінде Кім?Не?Кімдер?Нелер?
Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесіне сұрақ
қоя білуге, оны ажыратуға үйрету. Алған білімдерін
талқылау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Сабақ пирпмидалық түрде ұйымдастырылады.
Дамытушылық: дамыта оқытуға негізделген шығармашылық
қиялын, сөздік қорын молайтып, сын тұрғысынан
ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: жазу каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға,
отансүйгіштікке, ынтымақшылдыққа, өз елінің
ардақты азаматтары болып шығуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, пирамида, ойын «Әкім болу –
қандай адамдардың ісі?» «Кім болам?» ойыны.
Түрі: пирамидалық сабақ.
Әдісі: жаңа білім беру, топтастыру, Венн диограммасы.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалап,назарларын сабаққа аудару.
Топ болып пирамиданы тұрғызуға көмектесеміз. Олай болса іске сәт!
1-бөлім. Бастапқы таныстық.
Бұл бөлімде үй тапсырмасы қорытындыланады.
а) Сөйлем дегеніміз не?
ә) Сөйлем нешеге бөлінеді?
б) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2-бөлім. «Бәйге» ойыны арқылы өткенді пысықтау.
Сөз таптары: Зат есім, сын есім, сан есім, етістік. Сұрақтары, ережелері.
3-бөлім. Жаңа сабақ.
Кім?
а) Сәуле тоқтады.
Не?
Жел гуілдеді.
Кімдер?
Балалар ойнады.
Нелер?
Малдар өріске кетті.
ә) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі бастауыш дейміз.
б) ребус шешу. Оқулық. Сұрақ қойып, сөйлем құрау. Жаңа сабақ түсінікті болса оқушылар келесі бөлімге өтеді.
2-бөлім: Терең таныстық.
Бұл бөлімде оқушылар деңгейлік тапсырмалар аоқылы жаттығу жұмысын орындайды.
І нұсқа
1-деңгей. 22-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбар себеледі. Сәуле оқыды. Мұрат тыңдады.
ІІ нұсқа
1деңгей. 23-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазу. Қимыл иесі болатын сөздердің астын сызу, оларға сұрақ қою.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
І нұсқа
2-деңгей 24-жаттығу.
ІІ нұсқа
2-деңгей 25-жаттығу.
І нұсқа
3-деңгей Шығармашылық тапсырма.
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Балалар орындаған ойнайды. Қозы Оқушылар
Тапсырманы келді.шөп топтар келесі жеді. сабаққа бөлімге өте алады. жасырынбақ
ІІ нұсқа
3-деңгей Сурет бойынша әңгіме құрау
«Күз»
Айнала сары ала. Ағаштардың жапырақтары түсіп жатыр. Асан ұшқан жапырақтарға қарап тұр.
3-бөлім: Жүйелі таныстық.
Сөз таптарын топтастыру.. ( Әр сөз табының сұрақтарына өз тұсына жазу.)
Зат есім? Етістік Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Қанша? Неше?
Нешінші?
Сын есім Сан есім Не істеді? Не қылды?
Қайтті?
4-бөлім. Ойнап-ойлау.
ә) «Ойлан, тап» ойыны.
Әрбір топтан бір –бір оқушы шығып, кубик лақтырады. Нөмері бойынша конверт ашып, жұмбақтың шешуін қазақ, орыс тілінде табады.
1-конверт: Сырты қызыл,іш тәтті,
Жеген жанды таңырқатты. (Алма,яблоко)
2-конверт: Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (Бор,мель)
3-конверт: Қабат-қабат қаптама,
Ақылың боса аттама. ( Кітап,книга)
4-конверт: Өзі арық,басы жарық,
Жүрген ізі көп әріп. ( Қалам, ручка)
5-конверт: Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр –шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. ( Қарандаш, карандаш)
3-топ: Венн диаграммасы жыл мезгіліндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға көмектеседі. Ой-толғаныс сатысында қоладнған тиімді.
Күз Қы
5. « Білетінім.Білгенім. Білгім келеді» кестесі.
Білетінім Білгенім Білгім келеді.
Сөйлем. Сөйлем мүшелері.
Тұрлаулы,
тұрлаусыз.
Бастауыш. Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
сұрақтарына
Жауап беретін
сөздер.
Әлі де ұрлаулы
мүше бастауыш
туралы үйренгім
келеді.
1. Бастауыш сөйлемнің қандай мүшесі?
А) тұрлаулы мүше
Ә) тұрлаусыз мүше
Б) анықтауыш мүше
2. Бастауыштың сұрақтарын тап.
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Ә) Кімге? Неге?
Б) Не істеді? Не қылды?
3. Сұраулы сөйлемді тап.
А) Сен кет.
Ә) Тағы келдің бе?
Б) Асан жүрді.
5-бөлім. Нәтиже.
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе, нәтижесінде, пирамидамызды тұрғыздық. Оған бәріңізде өз үлестеріңізді қостыңыздар!
8. Бағалау.
Оқушылардың алдындағы парақты жинап алып, ондағы оқушылардың жауапкершілік, орындаушылық тәртібі ескеріліп қорытынды бағасы қойылады.
9. Үйге тапсырма.27-28-жаттығу. Ереже жатта
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |