Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3845 |
|
|
|
Дара және күрделі сан есімдер
Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
Сабақтың мақсаты:
Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту;
а)Білімділік – сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу;
ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту;
б) Тәрбиелік – балаларды еішіпейілділікке,адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу:
Сабақтың көрнекілігі: А.Ысқақов “Морфология”(202-бет), Ұ. Көшербаева “Қазақ тілі граматикасын оқуға арналған жаттығулар жинағы”, (43-бет), тірек сызбалар, бағалау нормалары,бағалау парақтары,қима қағаздар, оқулқ, дәптерлері;
Сабақтың түрлері; Аралас сабақ.
Пән аралық байлыныс; математика, география, әдебиет.
Сабақ барысы: (тақтада жазылуы).
Сабақ алгоритмі:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3
2. Үй тапсырмасын пысықтау
3. Сабаққа психологиялық дайындық.
І кезең.“ Еім көп біледі ?”1-3мин
ІІ кезең.“Жаңа сабақ ”
ІІІ кезең. Жаттығулар мен жұмыс5-7
ІV кезең.Терме жат жазу
Vкезең. Сергіту сәті
VI кезең. Деңгейлік тапсырмалар
деңгей, ІІ деңгей, ІІІ деңгей
VII кезең Шығармашылық тапсырма 3-5
VIII кезең . Қорытынды
Ұйымдастыру кезеңі.
- Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, есітіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.
2)Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен сабақтағы тапсырма үш топқа үш түрлі болатын. І топ мақал- мәтел ІІ топ жұмбақ, ІІІ топ жаңылтпаш жазып келу керек болатын. Ол ауыз ауыз әдебиетінің үлгісінде сан есім болуы тиіс.
Жауапты таңдау, топ басшысы бағалап отырады.
3)Жаңа сабаққа психологиялық дайындық.
І кезең тапсырмасы. “Кім көп біледі?”
1 минут ішінде І, ІІ топ жуан д. дыбысты сан есім,III,Ivтоп жіңішке дауысты сан есімді жазып шығады. Кім көп сан есім жазса, сол оқушы – жеіңімпаз, әрі жауабын оқып шығады.
ІІ кезең. Жаңа сабақ.
Тақтаға арнайы парақтарға мынадай сөйлемдер жазылады.
І парақ І парақ
1. Айгүл жиырмада 1. Әлия онбес жаста болатын
2. Бізге бірінші сыныпта 2. Ағам отыз қырықтай кітап әкелді
Гүлзат апай сабақ берді
3. Әжем 2 – алма берді. 3. Жылқының салмағы екі жүз килограмм болды.
Жетекші – проблемалық сұрақтар:
-Неге 2 парақша ілінді?Қандай ортақ сөздер бар?
- Сөйлемдерде 3 қате бар Соны табыңыз.
- Дара сан есімдер І парақшада, күрделі сан есімдер ІІ парақшада. Ережесін айтып көріңіз.
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты өзім түсіндіремін.
Сан есім.
Тұлғасына қарай
негізгі туынды
Бір
Үш
жүз
Бірінші үшінші
жүздей
Құрамына қарай
дара күрделі
Үш
алты Үш жүз
Бес алты
Тұлғасына қарай
1 есептік
2. реттік
3.жинақтау
4.топтау
5.Бөлшектік
6. болжалдық
ІІІ кезең.Жаттығулармен жұмыс
159- жаттығу
І,ІІ топ – дара сан есімдерді теріп жазу
ІІІ-IV топ- күрделі сан есімдерді
І топ – “жүзінші” сөзіндегі дыбыстардан сөз жасаңыз.
ІІ топ – соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
ІІІ топ – “жиырма”сөзіне фонетикалық талдау;
Ivтоп- “үшінші”сөзін септеңіз
160 – жаттығу.
І,ІІ топ – күрделі сан есімдерді теріп жазу
ІІІ,IV топ дара сан есімдерді.
Өз қалауларың бойынша 5 сан есімді қатыстырып сөйлем құраңдар.
IV кезең. Терме жат жазу.
Көп тіл білетіндерді полиглот деп атайды. Рим университетінің професоры Карло Тагливани отыз бес тілді білген. Дания ғылымы Расмус Раск екі жүз отыз тілді меңгергн, Шютце деген неміс екі жүз жетпіс тілде сөйлеген.
М.Әуезовтің “Еңілік- Кебек ”трагедиясы тұңғыш рет сахынаға қойылғанда, автор жиырма жаста еді. К.Байсейітоваға жиырма төрт жасында Кеңес Одағының әртісі атағы берілді.И. Нютон әйгілі әлемнің таптырмас заңын жиырма бес жасында тапты.
Сауаттылығын өзара тексеру;
Vкезең. Сергіту сәті.
Математикалық жұмбақтар беріледі.Шешуші – сан есімдер. Шешуші болған сан есімдерді ауызша септеу.
VI кезең. Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей.183- жаттығу. )дара сан есімдерді бір бағанаға, күрделі сан есімдерді бір бағанаға бөліп жазу).
ІІ деңгей. 188- жаттығу. (сөз тіркесін құрап жазу)
І деңгей. 189 - жаттығу (сан есімді тіркестерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру)
VII Шығармашылық тапсырма (“Мөлдір бұлақ” журналынан алынған мәтін бойынша)
VIII кезең.
Қорытынды.
- Қорытынды бәйге сұрақтары арқылыжасалады, яғыни бәйге сұрақтарына оқушылардың бәрі жауап беріп шығады.( Сұрақтар алдыңғы тақырыптармен байланыстырылса, тіптен ұтымды).
Қорытынды “Бәйге сұрақтары”
І топ.
1)Сөзден сөз тудыратын қосымша (жұрнақ)
2)Затың сынын білдіретін сөз табы (сынесім)
3) Тасты, құмды сөздері сын есімнің қай түріне жатады? (қатыстық)
4) Мағанасы жуық сөздер ( синонимдер)
5)Қазаөқ тілінде неше сөз табы бар? (9)
ІІ1) Екі түбірдің бірігшуі арқылы жасалатын күрделі сөз (біріккен сөздер)
2)Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
3)Байжан, Ақтөбе, Бадам сөздері зат есімнің қай түріне жатады?(жалқы есім)
4) Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін Сөйлем мүшесі?(баяндауыш)
5) Дауысты дыбыс жоқ қатысына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге – ашық, қасық)
ІІІ топ
1)Қайта-қайта, көре-көре қос сөздің қай түрі (қайталама)
2)Түбір сөзге жрнақ жалғау арқылы жасалған сөз ( туынды)
3) Отыз екі, елу сегіз деген сан есімдік құрамдық түрін анықта (күрделі)
4) Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтежиесінде танылатын құбылыс, ұғым атаулары (дерексіз зат есім)
5) Хан, сарбаз, ханша қандай сөздер? (тарихи сөздер неге көнерген сөздер)
Ivтоп
1)Заттың санын білдіретін сөз табы )сан есім)
2) Жақсы, биік, әдемі сөздері сан есімнің қай түріне жатады?( сапалық)
3) Мағанасы қарама- қарсы сөздер (антонимдер)
4)Қандай? қай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)
5) –ның, -нің,-дің,-дің қай қосымша (ілік септік)
V топ
1)Ауыл- аймақ, үлкен-кіші қос сөздің қай түрі? (қосарлама қос сөз)
2)Күзетшілік тұлғасы жағынан қандай сөз? Туынды сөз)
3)»Көз қорқақ , қол батыр» мақал әлде мәтел ?
(Мәтел)
4) Сөздердің дұрыс айтылуы қандай заңдылыққа бағынады (орфоэпиялық)
5) Егіншілер, қара ала тас сөздерінде қай үндестік байқалады (буын және дыбыс).
Тапсырма жауаптарынвң үлгілері.
1)159- жаттығу.
Дара: жүзінші, бесінші, үшінші,отыз, он,жиырма, алты. (7)
Күрделі: мың тоғыз жүз қырық екінші, жиырма бесінші, жиырма екінші, үш жүз он
алтыншы,жиырма екінші, үш жүз он алтыншы,жиырма екі, онүш. «6)
І топ - жүзінші )жүзінші (жүз, ін, үн, үш, іш, жүн, үз,із,үзші,ізші, жүзі)
ІІ топ – Жаудың он үш танкісі қирады, алты жаяу әскер жлйылды.
ІІІ топ – ж- д- з, ұяң
И- д –ы, жуан.қысаң, езулік
Ы – д-ы, жуан, қысаң, езулік
Р – д – з,үнді
М – д – з, үнді
А – д –ы, жуан ашық езулік
IV топ А – үшінші
І – нің Ш -ден
Б – ге Ж –де
Т – ні К – мен
2) 160 – жаттығу.
К – қырық бір, 68,5-6,50-60,27,1597,789,15257, 7 1 , 27, (10)
3
Д - 3, 7, 4, 9, 1000,50, 70, 5, 20, (9)
3) терме жат жазу - отыз бес, екі жүз отыз, екі жүз жетпіс, жиырма, жиырма төрт, жиырма бес (6)
4) Сергіту сәті,
16) 9
1) 9
13)9
12)10
9) 6
Сергіту сәтіндегі математикалық жұмбақтар.
1.Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың
9. екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын
16. бірім, бірім, бірім деп,
Үшеуі келеді біртіндеп
Екім, екім, екім деп,
Үш тұрып келеді екеулеп.
Қанша болды өзінде,
Үлпілдеген балапан.
12. мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы – Анарға,
Қызыл алма – Манарға.
Қанша сонда бар алма.
13. Су құйып ем астауға ,
Үш қаз ұшты аспанға .
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір куөксерке, бір қарға,
Айт, неше құс ұшып жүр,
Неге екнін түсіндір
10. Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі,
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі,
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |