Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есімнен өткенді қайталау.


Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сан есім туралы өткен сабақты қайталай отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамына қарай бөлінетін түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: сан есімнен алған теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауға, талдауға машықтандыру. 
Тәрбиелік: Өтілген тақырыпты қайталай отырып, оқушыларды сауаттылыққа, білімділікке, зеректікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: өткен тақырыпты қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыстар, шығармашылық диктант.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайдтар, кеспелер, сызба, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, информатика, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
   Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын анықтау. Сабақ мақсатымен және В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша өту барысымен, сатыларымен таныстыру.  В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы
Шығармашылық диктант
ІІ. Сан есімнен өткенді қайталау.
1. Сан есімнен өткенді сатылай кешенді талдау жүйесі бойынша қайталау.
Сан есім

1. Сөз табының бірі.
2. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді.
3. Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.
4. Құрамына қарай 2 түрге бөлінеді.
5. Дара және күрделі сан есімдер
6. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады.
7. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есімдер деп аталады.
8. К.с.е. дефис арқылы жазылады.
9. Мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.
10. Есептік с.е. – заттың нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
11. Реттік с.е. – заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.
12. Жинақтық с.е. – заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. 
13. Болжалдық с.е. заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.
14. Топтау с.е. – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.
15. Бөлшектік с.е. заттың бөлшектік санын білдіреді.
16. Сөйлемде барлық сөйлем мүшесінің, көбінесе анықтауыштың қызметін атқарады.

2. Оқулықпен жұмыс. Әдебиет пәнімен байланыс.
184-жаттығу. (ауызша) Мәтінді рөлге бөліп оқып шығып, үзіндінің қай ертегіден алынғанын айтыңдар. 
187-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып, ат қойыңдар.

3. Дәптермен жұмыс. Математика пәнімен байланыс.
182-жаттығу. (жазбаша) Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

183-жаттығу. (жазбаша) Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

186-жаттығу. (жазбаша) Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңдар.

4. Компьютермен жұмыс. Информатика пәнімен байланыс.
185-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жазыңдар.

ІІІ. Ой қорыту. Тарих пәнімен байланыс. 
Шығармашылық диктант. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып және сан есімнің қай түріне жататынын анықтап, сұраққа жауап беріңдер. (қарамен жазылған сөздерге дыбыстық, сөз құрамына қарай, сөз таптарына қарай талдау жасау)
1) ... желтоқсан – Тәуелсіздік күні!
2) Биыл тәуелсіздік алғанымызға ... жыл толады.
3) Қазақстан ... жылы ... желтоқсанда Тәуелсіздігін алды.
4) ЕҚЫҰ Саммиті ... жылы Қазақстанда өткізілді.
5) ... желтоқсан күндері Астанада ЕҚЫҰ Саммиті болып өтті.
6) ЕҚЫҰ Саммиті биыл ... рет өткізіліп отыр.
7) Қазақстандық төрағалықтың ұраны ... «Т» 
8) ЕҚЫҰ Саммиті ... жылы Литвада өтеді.

ІV. Үйге тапсырма: 188-жаттығу. Берілген дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

V. Бағалау.
ІV деңгей – «5»
ІІІ деңгей – «4»
ІІ деңгей –  «3»
І деңгей –   «2»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есімді оқыту.
Сан есім
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер
Жинақтық, болжалдық сан есімдер
Сан есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Антонимдер ашық сабақ
Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 2102 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык