Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2650 |
|
|
|
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Лексикалық тақырып:Менің жанұям
Жалпы мақсат: Буын, дауысты дыбыстардың жіктелуі туралы ақпарат беру;
Жанұя мәтініне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сілтеме: 1. «Қазақ тілі оқыту әдістемесі» Т.Артықова, А.Жақанбаева
2. 6- сыныпқа арналған оқулық
Оқушылар үшін күтілетін нәтижелері: Дауысты дыбыстардың жіктелуін үйренеді, фонетикалық талдау жасайды.
«Менің жанұям» тақырыбы бойынша сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйренеді,
Сабақта қолданылатын материалдар: 1. Интерактивті тақта
2. Power Point –та жасалған презентация
3. Плакат, стикер,маркерлер
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ ақпараттық ком тех
СТО сыни тұрғыдан ойлау 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Оқушы анықтамалығы
6-сыныпқа арналған электрон кітапшасы
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, талдау, ««Тыңдап отырған бестік»» ойыны.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін құрғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіз айтады.
«Суреттер аллеясы» сергіту сәті
Сыныпты топқа бөлу. Оқушыларға сурет қиындылары таратылып беріледі.
(Ата-әжелердің, ата-аналардың, әртүрлі жастағы балалардың суреттері таратылады) Сурет қиындыларын жинау арқылы топ құралады.
Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Әр топқа тапсырма беріледі.
1. Үндестік заңы.
2. Буын үндестігі
3. Дыбыс үндестігі 1.Топ болып үйге берілген ережені айтады.
2. Тақырыпты қорғайды.
Топтар «Бағдаршам» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.
Жаңа тақырып
(20 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді.
Грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады.оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті
(2 минут) «пан Америка» әнін қосады. Оқушылар билейді.
Қорытындылау
(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Фонетикалық талдауды үйретеді Оқулықта берілген фонетикалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі.
1-топ:мамандық;
2-топ: заңгер;
3-топ: шөбере .
Дайындыққа 4 минут уақыт.
Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
1.Бір-бірін бағалау
2.топтық бағалау
Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздермен таныстырады.
1.Осы сөздердің мағыналарын түсіндіреді,аударады.
2.Дұрыс айтуға дағдыландырады. оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Дәптермен жұмыс Жазбаша тапсырма береді 1.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрайды.
Онша үлкен емес,жеке меншік үй,балалар дәрігері болып істейді,...
2. Сөйлемдер құрау.
1.Менің отбасым онша үлкен емес.
Екі жұлдыз, бір ұсыныспен топты бағалайды
Сергіту жаттығу.
Кітаптан өлеңді оқытады. Әли Ысқабайдың өлеңін хормен мәнерлеп оқиды.
Лексикалық тақырып:
«Менің жанұям»
Топпен жұмыс.
Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіреді.
а)Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды.Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.
ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.
б) Мәтін бойынша
«Тыңдап отырған бестік» ойыны.
Ұйымдастыру:
Оқушылар бесеуден отырады, екеу-екеуден қарсы, ал біреуі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар топта бесеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Келесі жолы рөлдер ауысады.
Критерий бойынша бағалау
Сұрақты ұстап ал! Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру
1.Сенің отбасың үлкен бе?
2.Отбасыңда қанша адам бар?
3.Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?
4.Сенің әпкең,ағаң,інің,сіңлің
(қарындасың) бар ма?
5.Олар неше жаста?
6.Олар не істейді? Оқушылар ойынның шарты бойынша жүреді
Жұппен жұмыс Мұғалім оқушыларға жұппен тапсырма береді.
№1. Сұрақтарды аударыңдар
1.Как тебя зовут?
2.У тебя есть бабушка и дедушка?
3.Чем они занимаются?
4.Сколько лет твоему отцу?
5.Где он работает?
6.Сколько лет твоей маме?
7.Как ее зовут?
8.У тебя есть братишка (сестренка)?
9.Что они делают?
10.Где ты живешь?
№2 Сөйлемдерді аяқтаңдар
1.Менің..... .
2.Менің.....
3.Олар....
4. Әкем......
5.Ол......
6.Анам...
7.Оның........
8. Менің.......
9.Олар........
10.Мен.......
Соңынан бірін-бірі тексеру үшін жауап үлгісін таратады. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады.Әр оқушы өз тапсырмасын алады.Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі.
Жұп сұрақтарды аударады.
Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.
Үйге тапсырмасын беру (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сөздерді жаттау.Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау (4 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
формативті бағалау
Рефлексия
(2 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақ бойынша кері байланыс парағы арқылы «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» тақырыбында жауап алу. Сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым? деген сұрақтарға жауап береді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |