Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды


Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды

Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін  тиянақтау;Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы дұрыс сөйлеу қабілеттерін арттыру,

өз ойларын айқын және түсінікті жеткізуге үйрету, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын дамыту.Оқушыларды сүйіспеншілікке, сыйластыққа,ата-аналарын қадрлей білуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО стратегиялары, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, дарынды және талантты балаларды оқыту.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

 2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.30-бет деңгейлік тапсырма, «4» - ІІІ деңгей тапсырмалары; «5» - ІІ деңгей тапсырмалары, ереже «Антоним»

III.Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау.

Сыйлық алуды ұнатасыңдар ма?

Сыйлық беру ненің белгісі?

Сыйлықты қалай ұсыну керек?

Сыйлықтың құнын айту керек пе?

Сыйлық берудің маңызы қандай?

Сыйлықты қалай қабылдау керек?

Сыйлық ұнамаса не істеу керек?

2. Ассоциация.

Сыйлықтар

гүл               хош           жүрекжарды      ыдыс-аяқ          әшекей           қолдан

                     иісті             өлең                  жиынтығы       бұйымдар      жасаған

                     иісмай                                                                                     туынды

3. Қызығушылығын ояту.

Сіздер аналарыңызға, әкелеріңізге, достарыңызға қандай сыйлық сыйлар едіңдер?

  Мысалы: жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып, берілген сөз тіркесінен сөйлемдер құрайық.

Кімге:

анама

әкеме

досыма

Сыйлық түрі

 

 

 

Суреті

 

 

 

Сергіту сәті

Мынау-менің жүрегім, 
Бәрі осыдан басталған. 
Мынау - басым ақылды 
Бәрін осы басқарған. 
Мынау-менің оң қолым 
Мынау-менің сол қолым 
Барлық істі атқарған.

4. Мағынаны тану.

а) Мерекелер мен олардың болатын күнін жұптастыру.

1.1қыркүйек                                                 а.Мұғалімдер күні                         1-...г

2.1 қаңтар                                                     ә.Ұлттық валюта күні                   2-...б

3.Қазанның бірінші жексенбісі                  б.Жаңа жыл                                   3-...а

4.16 желтоқсан                                             в.Жеңіс күні                                  4-...ғ

5.15 қараша                                                   г.Білім күні                                    5-...ә

6.9 мамыр                                                      ғ.Тәуелсіздік күні                         6-...в

Мерекелерде адамдар  бір-біріне сыйлықтар сыйлайды, жақсы тілектер айтады.

ә) Тест тапсырмалары (өткен грамматикалық тапсырмалар бойынша)

1. Мағыналары бірдей, жазылуы басқа сөздер ...

А) антоним            Ә) омоним                Б) синоним

2. «Дос» сөзінің синонимін тап.

А) Жау     Ә)  жолдас           Б) қарт

3. Антонимдерді тап.

А) Сұлу-әдемі                 Ә) биік-аласа   Б) Ұстаз-мұғалім

4. Антоним дегеніміз не?

А) Мағыналары бірдей сөздер    Ә) Жазылуы бірдей сөздер

Б)  Мағыналары қарама-қарсы сөздер

5. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. 

A) Биік сезім  Ә) Биік тау   C) Биік о

5. Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең» стратегияс

  1. Не?
  2. Қандай?
  3. Не істейді?
  4. Синоним.
  5. Сөйлем
  1. Гүл
  2. Әдемі, қызыл.
  3. Сыйлаймыз, иіскейміз, өсіреміз.
  4. Өсімдік
  5. Анама туған күніне гүл сыйладым.

Сабақты қорытындылау.

«Ыстық орындық» әдісі. Бір оқушыны шығарып, қалған оқушылар сабақ бойынша сұрақтар қояды.

Рефлексия. Егер сабақ ұнаса, қызыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары жұлдыз іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды таңдаңдар.

IV.Үйге тапсырма

«Бес жолды өлең» стратегиясы. (әр оқушы өзі таңдаған мейрамға, сыйлыққа жазады.)

V. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың бағаларын айтып, мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстаның демалыс орындары
Сыйлықтар, Нәтиже сабақ
Лексика, Омоним, Синоним, Антоним
Кімге не сыйлау керек? Жекіру одағай
Антоним сөздер
Антоним, синоним, омоним
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Антонимдер ашық сабақ
Халықаралық әйелдер күні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5922 | Қосты: Казенова Айнагүл Нұрланқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык