Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістік


Тақырыбы: Етістік
 
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушыларды  сөз таптарының түрлерін білуге,оларға сұрақ қоюға,сөйлемдерді сөз таптарына талдау жасауға үйрету.
2) Дамытушылығы:  таным қабілетін дамыту,сөздік қорларын,дүниетанымын дамыту.
3) ТәрбиелілігіАқыл-ой,адамгершілік тәрбиесіне баулу.
4) Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары.
5) Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Сөзжұмбақ», «Кім жылдам» ойыны,слайдтар.
 
Оқыту формасы: топпен,жалпы оқушылармен.
 
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.
 
А) Ойға шабуыл
Әрбір адам?
Туысым,досым,бауырым
 
Әрбір сабақ?
Ұғу,үйрену,ұлағат.
 
   Әрбір ісің?
Тірек,тірлік,адамдық.
 
Әрбір сөзің?
Шындық,бірлік,адалдық.
 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
164-бет,4-тапсырма
 
III. Жаңа сабақ
- Оқушылар бүгін біздер үшін ерекше сабақ.Сондықтан біздер өз білімімізді көрсетіп,талқыға салайық.
- Біздер бүгін саяхатқа шығамыз.
- Сөз таптары еліне саяхат.
- Бізге таныс қандай сөз таптарын білеміз.
- Зат есім,сан есім,сын есім,етістік.
- Дұрыс
- Ертеде «Қазақ тілі» әлемінде «Сөз таптары» деген ел болыпты.Сол елде Зат есім,Сын есім,Сан есім,Етістік деген ағайындылар тұрыпты.Олар тату-тәтті өмір сүріпті.Олардың татулығы сондай,бір-біріне қонаққа жиі барады екен.Ендеше балалар біздер сөз таптары еліндегі жігіттерге сипаттама берейік.
1) Зат есім дегеніміз не?
2) Сын есім дегеніміз не?
3) Сан есім дегеніміз не?
- Осы сөзжұмбақты шешсек,біз сонда қонаққа барамыз.
1) Аттан биік
Қойдан аласа 
                                                      (Ер-тоқым)
2) Қабат,қабат, қаптама
Ақылың болса аттама
                                                       (Кітап)
3) Аспай піскен
Қайнамай түскен
                                                      (Жеміс)
4) Өмірді өлшейді,
Ешкімді тыңдамай
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
                                                     (Сағат)
5) Тұмсығы мықты
Қыр мен ойды тегістеп шықты
                                                      (Үтік)
6) Ши түбінде
Шұбар кездік
                                                       (Кесіртке)
7) Жанды сағат
Айқай салады
                                                       (Есек)
- Балалар ендеше,бүгін біз Етістіктің үйіне қонаққа барамыз.
- Сонда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Етістік   (2 сағаты)
- Етістіктің үйінде көптеген тапсырмалар бар,соны орындауымыз керек.
- Етістік деген не?
- Сұрақтары
- Етістік жалғыз емес,оның балалары бар екен.
Етістік
1)                    Құрамына қарай:
 
 
                  Дара                                             Күрделі
 
(Бір ғана сөзден тұрады)                     (кемінде екі сөзден тіркеуінен жасалады)
            Кел,күл,бар                                                  келе жатыр,күліп отыр
 
 
 
2)                    Тұлғасына қарай:
 
 
               Негізгі                                            Туынды
 
(Сөз түбірі етістік б/ды)                   (Түбір етістікке жұрнақ жалғану арқылы)      
       Көрген,айтады.                                 Ойла,есепте,сана
3)Іс-әрекеттің орындалуына қарай:
 
Болымды                                            Болымсыз
 
(Іс-әрекеттің жүзеге асуы)                     (Іс-әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді)
Кел,санады,жаздыр,өшірген                  келме,санамады,жаздырма,өшірмеген
 
8) «Кім жылдам?» ойыны.
 
                             Зат есім                                Етістік
 
                              Бала                                  ойнайды   
Көршілерімен айту.
9) – Бүгін біз Етістіктің үйінде қонақтамыз ғой,сондықтан «Е» әрпінен басталатын етістіктерді жазыңдар. (дәптерге жазып оқу)
- Еркеле,ерме,епте,елдірме,есепте,ерікпе,еседі,ерледі,еңбектенді.
 
10) Суретке назар аудару 
 
- Қазақ халқы төрт түлік малмен ертеден айналысып келеді.
- Оны не үшін асыраймыз
- Мінсе көлік,жесе тамақ,ішсе сусын,сондықтан оны күтіп баптаймыз.
1) Жылқы 4 түліктің бірі.Жылқы атасы-Қамбар ата.Атқа біз мінеміз.Етін жейміз,қымызын-ішеміз.Қырау-қырау деп шақырамыз.
2) Сиыр атасы-Зеңгі баба,  аухау-аухау
3) Қой атасы- Шопан ата,пұшайт-пұшайт.
4) Түйе атасы-Ойсыл қара көс-көс.
5) Ешкі атасы-Шекшек ата,  шөре-шөре
 
   Күннің жадысын жазу,тақырып жазу.
 
11) Оқулықтағы 5-тапсырмаға назар аударайық.Оқу,түсіндіру.
Бие құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Түйе боталайды.Ешкі лақтайды.
 
6-жаттығу. (ауызша)
Бие кісінейді.Түйе боздайды.Қой маңырайды.
7-жаттығу. (ауызша)
8-жаттығу.
 
12) Сергіту сәті.
 
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
 
- Кімді сыйлап,тыңдаймыз?
- Ананы.
- Ендеше қандай мереке болады?
- 8-наурыз аналар мейрамы.
- Суретке қарап,әңгіме жазайық.
- Отбасылық мереке.Суретпен жұмыс.
-
13) Бес жол өлең.
Кім?
Қандай?
Не істеді?
Сөйлем
Мағыналас сөйлем.
- Бүгін біз не үйрендік.Әр нәрсенің нәтижесі,қорытынды болады.
- Біз қандай нәтижелерге жеттік.
 
 
    Сабақты меңгердік       Етістік туралы білдік               
                                                                                       Ойындар ойнадық           
 
Өз бетімізше
жұмыс істедік                                                           Бір-бірімізден қалмауғаырыстық
Өз деңгейімізді көрсеттік
14) Сабақты қорыту.
15) Оқушыларды бағалау.
16) Үйге тапсырма беру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Болымды және болымсыз етістік.
Сын есім
Сөз таптары
Сөз таптары
Етістік. Етістік түрлері
Сөз таптары
Сөз таптары
Етістік
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8162 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык